Жағдайлық есептер: Жағдайлық есеп №1 Науқас құрсағына операция жасалған соң көк тамыр ішіне 500 мл тамышы түрінде реополиглюкин енгізілді. Сол кезде дәрігер науқаста созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің болуына көңіл бөлмеді. Трансфузиядан кейін науқас жүрек соғуына және жалпы әлсіздіктің пайда болғанына шағымданды. Қанның физико-химиялық қасиетін зерттегенде: гематокриттік көрсеткіш 0,32 г/л, тұтқырлығы 3 сантипуаза, ЭТЖ – 16 мм/сағ., тығыздығы – 1040 тең екендігі анықталды.
Науқаста қанның жалпы көлемінің қандай өзгерісі дамыған? Қанның туындаған физико-химиялық қасиеттерінің өзгерістерінің механизмдерін түсіндіріңіз.
Науқастағы жалпы қан көлемінің және қанның физико-химиялық қасиеті бұзылысының дамуындағы элементтердің дұрыс реттілігін жазыңыз:
жүрекке күш түсудің жоғарлауы
жүрек соғуынына шағамдану
созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқасқа қан алмастырушы сұйықтық гиперперфузиясын жасау
плазма жоғарлауынан жалпы қан көлемінің жоғарлауы
қанның физико-химиялық қасиетінің бұзылысы, олигоцитемиялық гиперволемияға тән
компенсаторлы тахикардияның дамуы
Жағдайлық есеп №2 Науқас Н., ауруханаға ауыр жарақаттан соң және көп қанжоғалтумен (1л) түсті. Түскен кезде қан құрамында эритроциттер саны 4,7 *1012/л, гемоглобин – 140 г/л. Болды. Үш күннен кейін қан дағы эритроциттер саны 3,6*1012/л, гемоглобин – 110 г/л. түсті.
Жедел қан жоғалтудан кейін жалпы қан көлемінің, сонымен қатар 3 күн өткен соң бұзылыстың дамуындағы элементтердің дұрыс реттілігін жазыңыз:
айналымдағы қан көлемінің жоғарлауы
ағзада компенсаторлы түрде судың ұсталынуы (вазопрессин), қанға тіндік сұйықтықтардың түсуі
жедел көп қан жоғалту
қан көлемі бірлігінде эритроциттер санының азаюы, нормохромды анемияның дамуы
олигоцитемиялық гиповолемияның дамуы (немесе нормоволемия)
қан көлемінің азаюы (оның құрамы өзгермеген) → қарапайым гиповолемия