Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


-кесте. Бастауыш сыныпқа арналған ортақ тақырыптар



Pdf көрінісі
бет26/68
Дата06.02.2022
өлшемі0,84 Mb.
#80052
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68
Байланысты:
pdf1537978379
Дәрілік өсімдіктер, sro(20170512-17855) (1), бала даму картасы 2021, 21858P (1)
5-кесте.
Бастауыш сыныпқа арналған ортақ тақырыптар
1 - сынып
2 - сынып
3 - сынып
4 - сынып
Өзім туралы 
Өзім туралы 
Тірі табиғат
Менің 
Отаным 

Қазақстан 
Менің 
мектебім 
Менің 
отбасым 
және достарым 
Жақсыдан үйрен, 
жаманнан жирен
Адами құндылықтар 
Менің отбасым 
және достарым 
Менің мектебім 
Уақыт 
Мәдени мұра 
Бізді қоршаған 
әлем 
Менің туған өлкем Сәулет 
Мамандықтар әлемі 
Саяхат 
Дені саудың – 
жаны сау 
Өнер 
Табиғи құбылыстар
Салт-дәстүр 
және 
ауыз 
әдебиеті 
Салт-дәстүр және 
ауыз әдебиеті 
Атақты тұлғалар 
Қоршаған 
ортаны 
қорғау
Тағам 
және 
сусын 
Қоршаған орта 
Су – тіршілік көзі 
Ғарышқа саяхат 
Дені саудың – 
жаны сау 
Саяхат 
Демалыс 
мәдениеті. 
Мерекелер 
Болашаққа саяхат 


26 
Сабақтарды жоспарлаудың басты аспектісі ретінде оқушыларға пәнаралық байланыс 
орнатуға көмек көрсетумен қатар, оқушылардың білім-білік дағдыларының артуына қарай 
жүзеге асырылатын лайықты педагогикалық тәсілдерді таңдау болып табылады. Мысалы, 
мұғалім оқушылардан пән бойынша білімі мен дағдыларын қолдануын талап ететін проблема 
шешу тапсырмасын бере алады. Тіпті оқушылардың өз күшіне деген сенімі артып, өз бетінше 
жұмыс істеп үйренген күннің өзінде де мұғалім жай ғана сырттан бақылаушы болмай, оқуға 
«ынталандырушы» болуы маңызды екенін ұмытпаған жөн. 
Жаңа тақырыпты меңгерту кезінде мұғалімнің тура нұсқау беру мен қолдау көрсетуге 
көбірек көңіл бөлуі орынды (мысалы, жазылым құрылымы, жауаптар модельдері және тағы 
басқалары). Оқушылар белгілі бір деңгейге жеткен кезде бұлайша тура нұсқау беруді азайып, 
мұғалім өз рөлін біртіндеп үйлестіруші, уәждеушіге ауыстыруына болады. Оқушыларды 
мұғалімге және сыныптағы басқа оқушыларға өз пайымдауларын түсіндіруге 
ынталандыратын топтық жұмыс, зерттеуге негізделген оқуға арналған жаттығулар және ашық 
сұрақтарды енгізу мұғалімге сыныптағы өз рөлін өзгертуге көмектесе алады. Алайда уақыт 
өте келе оқудың барлық кезеңдерінде оқушылар сабақ барысында жеке жұмыс істеуге 
қарағанда, мұғалім қолдау көрсеткен жағдайда көп жетістікке жетіп жүргеніне көз жеткізуі 
қажет. Мұны орындаудың ең тиімді жолы жеке оқушыларға жүйелі түрде кері байланыс 
ұсынып, тиісті, күрделілігі жоғарырақ мақсат қою болып табылады. 
Қорытындылай келгенде, мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ: 

сабаққа тың ойлар мен ынталандырушы материалдарды енгізу; 

оқушылар өзінің ойлауы мен оқуы туралы ойлана алуына жағдай жасау үшін 
логикалық ойлау мен зерттеу дағдыларын енгізу; 

оқушыларға өздеріне қызықты салаларда сұрақ құрастыруға көмектесу; 

топтық жұмыс жүргізуді көздейтін жаттығуларды енгізу; 

оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас жасап, диалог құруға ынталандыру; 

оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру; 

оқушыларды өз бетінше ойлануға жетелеу; 

оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытуға көмектесетін сұрақ қою; 

оқушыларға өздерінің ойлау дағдылары мен ғылыми-зерттеу дағдыларын 
қолдануды ескертіп отыру; 

жекелеген оқушылармен «көзбе-көз» кездесу ұйымдастыру; 

оқушыларға өзіндік жұмыстарда жетістікке жетуге мүмкіндік беретін жобаларды 
жоспарлау және ұйымдастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет