Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет20/54
Дата12.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#149286
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54
Байланысты:
1541881748 (1)
2 Физика 9- сынып Рентген сәулелері саба жоспары (1), 1516596066288, osh sor geografija 9-klass kaz, ТАҚЫРЫП, test base 294, test base 294
Модельдеу
.
Әдіс бойынша қандай да бір құбылысты зерттеу үшін оның оқушылар 
қарастыратын балама моделі жасалады. Модельдік түсініктер микроәлем объектілерін 
зерттеу кезінде пайдаланылады. Мысалы, электронды бұлтты жасап көрсету электронның 
моделі ретінде қызмет етеді. Модельдеу шынайы табиғат құбылыстарының баламалы 
көрінісін құру, жасалған модельді логикалық талдау және қарама-қайшы фактілер 
туындаған кезде модельді қайта жасау үшін қажет. Объектіні зерттеудің бұл әдісі 
объектінің жекелеген жақтарын немесе қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді. Уақыт 
немесе кеңістік масштабтарының үлкен айырмашылығына байланысты бақылануы мүмкін 
емес үдерістерді зерттеу кезінде модельдеу әдісі ерекше маңызды болып табылады. Бұл 
жағдайда модель үдеріс немесе құбылыс туралы бірден-бір ақпарат тасымалдаушы болады. 
Модельдерді жасау кезінде адам негізгі ақпаратты көзбен көру арқылы алатынын ескеру 
керек, сондықтан бірінші кезекте «көзге көрінетін» модельдер ұсынылуы тиіс. Модель 
сезілетін, яғни нақты, материалды болғаны дұрыс; бұл зерттелетін үдеріс немесе құбылыс 
туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді.
География және жаратылыстану сабақтарында ақпаратпен жұмыс істеу 
дағдыларын дамыту 
География
 
сабағында
 
картамен
 
жұмыс
 i
стеу
 
дағдыларын
 
дамыту
Оқушының география сабағында оқу мақсатына жету үшін өзін-өзі реттеу арқылы 
ойлау және іс-әрекетін жоспарлау дағдыларын дамытудың маңызы зор.
Оқу барысында географиялық картамен жұмыс iстеу үшін оқушылардың бірқатар 
білім, дағдылары қалыптасуы керек:
- бағдарламаға сәйкес географиялық номенклатураны және нақты картографиялық 
түсiнiктерді білу; 
- картада бейнеленген нысандар мен құбылыстарды түсiне бiлу; 
-географиялық нысандарды картадан көрсете бiлу. 
Картаны оқи бiлу оқушылардың төмендегідей дағдыларын қамтиды:
- шартты белгiлер мен таңбаларды ажырата бiлiп, сол арқылы нысандар мен 
құбылыстарды оқи білу; 
- карта арқылы түспеген жерлердi анықтай алу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет