Байланысты: Силлабус. Бастауыш мектепте ата-анамен жұмыс
Отбасындағы әміршілдік. Отбасы мүшелерінің бірінің (үлкендерге көбірек қатысты) оның басқа мүшелерінің ынтасы мен жекебастық қасиеттермен сезімін үнемі басып тастауынан пайда болады. Белгілі бір шешімдерде орындату мақсатында ата-аналардың өз балалрына талап қоятыны талап қоятыны және солай істеуі керектігі өзінен-өзі белгілі. Бірақ көп талап қоюшылық өрескел қысымға мәжбүр етеді. Ата-аналардың жалтақсыз әмірі, баланың қызығушылығы мен пікірлеріне құлақ аспау, баланың өзіне қатысты мәселелерді шешуде оның құқығығна нұқсан келтіру, оның жеке басын қалыптастыруда елеулі сәтсіздікке әкеліп соқтырады.