Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2007 жылғы 23 қазандағы N 502 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4991 болып енгізілді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 23-тармақшасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысаны бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.08.2016 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаменті (М.Т. Санатова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 969 "Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 3280-мен тіркелген) күшін жойды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
Ескерту. Төмендегі білім беру ұйымдарының білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың барлық нысандары жаңа редакцияда берілді - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2009.09.14 N 425 бұйрығымен.