Қ ОСЫМШААҚПАРАТ Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары (мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) және оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының www.nao.kz. сайтында орналастырылған.
Білім беру ұйымдарының әкімшілігінде МЖМБС-ның, үлгілік оқу жоспарларының, үлгілік оқу бағдарламаларының бір дана қағаз нұсқасы болуы керек.
Педагогтер МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламаларының электронды нұсқасымен жұмыс істей алады.
Барлық оқу пәндерінен 1-11-сыныптарға арналған орта мерзімді жоспарлардың үлгілері жүйелік-әдістемелік кешенге орналастырылған
(сілтеме: smk.edu.kz).
Қысқа мерзімді жоспарды мұғалім әр сабаққа әзірлейді және электронды немесе қағаз түрінде ұсына алады.
Сондай-ақ мамандандырылған ұйымдарды, гимназиялар мен лицейлерді қоспағанда, балаларды білім беру ұйымының бірінші сыныбына қабылдау кезінде түсу емтихандарын, тестілеу, сынақ, конкурстарды ӛткізуге жол берілмейді. Назар аударыңыз! Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады. Сабақ ӛткізу күні сәйкес келген жағдайда сабақ тақырыптарын/оқыту мақсаттарын оқу пәні бойынша жақын/мәндес тақырыптармен/ мақсаттармен біріктіру / қосу, кӛрсетілген күнге дейінгі немесе одан кейінгі сабақтарда аз сағат санымен ӛткізіледі. Бұл ретте, қосымша сағаттар бӛлінбейді. Біріктірілген сабақтар тақырыбы журналда бір жолда кӛрсетіледі. Білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде бұл ӛзгерістер электрондық журнал жүйесінде параметрлердің кӛмегімен кӛрсетіледі (осы бағытта сұрақтар туындаған жағдайда электрондық журналдар мен күнделіктер сайтындағы техникалық қолдау кӛрсету: колцентр, қолдау қызметі, нұсқаулықтар арқылы нақтылауға болады).