5-тарау. Докторантураның оқу мерзіміне қойылатын талаптар 115. Докторантурада оқу мерзімі меңгерілген академиялық кредиттердің көлемімен айқындалады. Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін академиялық кредиттердің белгілеген көлемі меңгеріліп, күтілетін оқыту нәтижелеріне қол жеткізілген жағдайда білім беру бағдарламасы толық меңгерілген болып есептеледі.
116. Докторантурада кадрлар даярлау магистратураның білім беру бағдарламалары базасында:
1) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;
2) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.
117. DВА білім беру бағдарламасы бойынша типтік оқу мерзімі кемінде 3 жылды құрайды.
Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына
1-қосымша