Биология кафедрасы


Экологиялық факторлар әсеріне организмдер жауабының жалпы заңдылықтары: ЮЛибихтың минимум заңы және В.Шелфордтың толеранттық зацы



бет11/33
Дата22.09.2022
өлшемі306,97 Kb.
#150413
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
Байланысты:
Экология лекция 2021

4. Экологиялық факторлар әсеріне организмдер жауабының жалпы заңдылықтары: ЮЛибихтың минимум заңы және В.Шелфордтың толеранттық зацы.
Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды.
Өзара әрекеттесу факторлар ережесі. Оның мәні келесіде: бір фактордың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін. Мысалы, жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын төмендетеді.
Ю.Либихтын «Минимум» заңы немесе шектеуші факторлар ережесі. Бұл ереженің мәні келесіде: шектен тыс аз немесе шектен тыс көп фактор (қауіпті нүктенің қасындағы) организмнің күйіне ықпал етеді, сонымен бірге, басқа факторлардың әсерлерін шектейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып, мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.
Шектеуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Ол В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік) заңына байланысты. Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес. Біреулері үшін аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше эури- кең, биос- тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады (грекше стенос - тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады.
Сүрақтар мен тапсырмалар:
1. Ағзаның тіршілік ету жағдайлары қандай?
2. Экологиялық фаткорлар дегеніміз не?
3. Экологиялық фаткорлардың жіктелуін көрсетіңіз.
4. Қандай факторлар шектеуші фактор деп аталады?
5. Антропогенді факторларға мысал келтіріңіз. Адамның ағзаларға және қоршаған ортаға тигізетін жағымды және жағымсыз әсерлері қандай?
6. Қандай ағзалар стенобионтты, ал қандай ағзалар эврибионтты деп аталады?
7. Негізгі абиотикалық факторлар: жарық, температура, ылғалдылық, тқздылықтың экологиялық маңызы неде?
8. Ағзалардың жылуға, ылғалдылыққа, жарыққа қатысты экологиялық жіктелуін беріңіз. Мысал келтіріңіз.
Әдебиет
1. Бейсенова Ә.С. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
2.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
3.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
4.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
5. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
6. Мөмбетказиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
7. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «Қазақ университеті», 2000.
8.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма- Ата, «Ана тілі», 1991.
9.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.


ДӘРІС № 4
Тақырып: Демэкология-популяциялық экология
Жоспары:
1. Популяция туралы жалпы мағлұмат
2. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары
3. Популяциялық гомеостаз
4. Ағзалар арасындағы қатынастар
Дәріс мақсаты: Студенттерді популяция түсінігімен таныстыру популяцияның динамикалық және статикалық сипаттамасын беру
Дәріс ұзақтығы: 1 сағат



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет