5.Оқыту әдістері мен құралдары: Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу).
Жазбаша бақылау (билеттер келтірілген).
Оқыту құралдары: оқу кестелері, схемалар, тақырып бойынша сурет, дәрістің электронды нұсқасы.
1. ОСӨЖ-ді ұйымдастыру – оқытушы студенттерді ОСӨЖ-дің мақсаты және міндеттерімен таныстырып, келесі ОСӨЖ-ге тапсырма береді:
Үй тапсырмасы:
1.Сабақты ұйымдастыру – сабақтың мақсаты және міндеттерімен танысу. Қиын сұрақтарды анықтап, оларға ауызша талдау барысында жеке тоқталу.
Үй тапсырмасы: Белоктар.Белоктардың маңызы. Жалпы қасиеттері, жіктелуі. Жай және күрделі белоктардың жеке өкілдері; құрылысы, ролі. Нуклеин қышқылдары. ДНҚ, РНҚ, құрылымдары, маңызы. Белоктарға түсті реакциялар және тұнбаға түсу реакцияларын демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.
Келесі ОСӨЖ-ге «Белоктар.НҚ» тарауына өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар: Биохимияға кіріспе.
Белоктардың атқаратын қызметтері.
Белоктардың жалпы қасиеттері:
белоктардың элементтік құрамы,
жоғары молекулалық массасы,
белок молекуласының көлемі мен пішіндері,
ыдырау өнімдерінің ұқсастығы;
белок молекуласындағы байланыс түрлері және олардың белок молекуласын тұрақтандыруға қатысуы;
белоктарға түсті реакциялар: жалпы және жеке амин қышқылдарына арналған реакциялар. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.
Белоктардың амфотерлік қасиеті. Орта рН-ының белок зарядына әсері.