Бірінші сыныпқа қабылданған балалардың таным процестерін зерттеу



бет2/6
Дата01.12.2022
өлшемі39,26 Kb.
#160784
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
4 сынып 22 есеп
Диаграмма үлгісі, Лего 09растыру

«10 сөзді жаттау» әдістемесі.


Мақсаты: Баланың сөздерді ырықты есте сақтауын анықтау.
Бұл әдістеме көмегімен баланың өз зейінін ұзақ уақыт бір әрекетпен шұғылдануға жинақтай алуы,оған қосымша стимулдық материалдар(ойын,көрнекіліктер) қолданбай танымдық қызметін ұйымдастыруға болатындығы анықталады.
Зерттеуді жүргізу үшін 10 сөз немесе сөз тіркестері дайындалады.Олар бірнеше вариантта болғаны дұрыс.Әр вариантты орындауға арнайы уақыт беріледі.Бірінші жаттығуды қолданып зерттеу жүргізуді психолог келесі кіріс сөзбен бастайды: «Балалар,мен қазір сендерге бірнеше сөздерді айтамын.Оларды мұқият тыңдап,есте сақтап қалуға тырысыңдар.Мен оқып болғаннан соң сендер олардың ішінен естеріңде қалғандарын қайталап айтасыңдар.»
Жаттығуды екінші рет орындату үшін нұсқау қайталанады: «Мен жаңағы сөздерді қайталап оқимын.Сендер сол сөздерді тағыда қайталап айтасыңдар.Бірінші қайталаған сөздерің мен бірге қазір жаңадан еске сақтаған сөздерді қосып айтыңдар»
Үшінші және төртінші рет қайталап орындағанда ереже қысқаша түсіндіріледі: «Мен тағыда қайталаймын,ал сендер жақсылап тыңдаңдар» Бесінші рет қайталағанда : «Мен бұл сөздерді соңғы рет оқимын,сендер олардың барлығын түгел қайталауға тырысыңдар» -деп ескерту қажет.Қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың есте сақтауы әрбір қайталаған сайын арта береді.Баланың денсаулығы болмай жүрсе немесе психологиялық проблемасы болса есте сақтауы керісінше,кеми береді.
Сөздер тізімін қайталап оқу барысында ешқандай қосымша түсініктеме берудің қажеті жоқ.тек қана сөздерді өте жай қайталағанда,балаларға: «тағыда қандай сөздер есіңе түсті» деген сұрақ арқылы кішкене дем беріп отыруға болады.
Орындау уақыты 7-8 минут.
Бағалау шкаласы:

  • Бір рет оқығанда -5-6, бес рет қайталағанда -8-10 сөзді қайталау -сөздерді еске сақтауы жоғары деп бағаланады.

  • Бірінші оқығанда -3-4, бесіншіден кейін-5-7-орта

  • Бірінші оқығанда -1-2, бесіншіден кейін-3-4-төмен

  • Бірінші оқығанда -0 бесіншіден кейін-1-2-өте төмен



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет