АЛҚАЛЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРГАНДАРЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС – педагог қызметкерлердің тұрақты әрекеттегі алқалы өзін-өзі басқару органы. Педагогикалық кеңес отырысы жылына 4 рет бекітілген жоспар негізінде мектептің оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелерін қарастыру және шешу мақсатында өткізіледі.
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС қызметтің барлық саласына қолдау мен көмек көрсету мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерін алқалы басқарудың бір түрі болып табылады.
ТӘРТІПТІК КЕҢЕС тәртіп бұзушылықпен, қызметкерлер мен оқушыларға арналған ішкі еңбек тәртібі ережесінің бұзылуымен байланысты мәселелерді қарастырады.
АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІ – ата-аналар қауымы мен мектептің өзара әрекеттестігі, білім беру мен тәрбие үдерісін жетілдіру және дамыту мақсатында қызмет ететін, тұрақты әрекеттегі алқалы өзін-өзі басқару органы.
ТҮЛЕКТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ – Ақтөбе қаласындағы ФМБ НЗМ-нің барлық
кезеңдердегі түлектерінің ұйымдасуына және әлеуметтік тұрғыда алға жылжуына мүмкіндік беретін қарым-қатынас алаңы.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУЫ – Зияткерлік мектептің нұсқаулығымен және педагогикалық ұжыммен бірге оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру барысындағы мәселелерді шешуге оқушылардың қатысуын айқындайтын оқушылардың қоғамдық, өзіндік әрекет ететін, өзін-өзі басқаратын, коммерциялық емес, ерікті бірлестігі.
«ШАҢЫРАҚ» ОҚУШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ – әртүрлі жас мөлшеріндегі оқушылардың өзара қарым-қатынасы, жоғары сынып оқушыларының төменгі буынға деген қамқоршылығы. Шаңырақ ретінде мектеп өмірінде ұжымдағы топтық рухты сезінуге себепкер болатын кішігірім қауымдастық түсініледі.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНСИЛИУМ – оқу үдерісіндегі мәселелерді анықтау және оны шешу жолдары туралы ортақ шешім шығару мақсатында ұйымдастырылатын пән мұғалімдері, психологтар, кураторлар мен жекелеген оқушылар ата-аналарының бірлескен отырысы. Талқылау мен бірлескен ортақ шешім шығаруды талап ететін маңызды мәселелер педагогикалық консилиум отырысына ата-аналарды шақыруға негіздеме болып танылады (академиялық үлгерімнің төмендігі, пән таңдау бойынша ұсыныстар және т.б.).
КУРАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Педагог-ұйымдастырушы-куратор сабақ өткізбейді, бірақ мектептің тәрбиелік жұмыстарымен қоса оқыту қызметімен де айналысады. Куратор психологиялық қызмет, атааналар қауымы, әкімшілік және пән мұғалімдері арасында байланыстырушы түйін болып табылады. Әрбір куратордың басшылығына біртұтас Шаңыраққа бірлескен екі сынып бекітіледі. Оқушының жеке дамуына бақылау жүргізу және оның тұлға ретінде қалыптасуына қажетті оңтайлы жағдайды жасауға ықпал ету куратордың көмегімен үнемі жүзеге асып отырады.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Психологиялық қызмет ретінде әртүрлі жағдаяттарға сәйкес білім беру үдерісінің қатысушыларында туындайтын психологиялық мәселелерден арылу және оның алдын алу арқылы білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау және көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар жүйесі танылады. Жүйе мынадай бағыттардан тұрады: психодиагностикалық, психологиялық-ағартушылық, психопрофилактикалық, психологиялық кеңес беру, сонымен қатар психологиялық түзету және дамыту жұмыстары. 2017-2018 оқу жылына арналған МЕКТЕП КҮНТІЗБЕСІ
№
|
Өткізілетін іс-шаралардың тақырыптары
|
Жауаптылар
|
|
Қыркүйек, 2017
|
|
1
|
Білім күні, салтанатты жиын
|
Кабулова М.Б. Бигалиева С.О.
|
2
|
Шаңырақ сағаты «Мен - елімнің патриотымын!»
|
|
Үйірмелердің тұсаукесері
|
Султангалиева Т.В., Кабулова М.Б.
|
3
|
Денсаулық күні
|
Срымова Б.Ж.
|
4
|
Отбасы күні аясында мерекелік шара
|
Кабулова М.Б., Мустафин А.Т. Бигалиева С.О.
|
5
|
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының мәжілісі
|
Альбилекова С.Т.
|
6
|
Қазақстан ұлттарының тілдер апталығы
|
Кабулова М.Б., Бигалиева С.О. Байганиева З.Ш.
|
7
|
Ата-аналар комитетінің отырысы
|
Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.
|
|
Қазан, 2017
|
|
8
|
«Үлкенге қойылатын 100 сұрақ» жобасы
|
Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.
|
9
|
Мұғалімдер күнін мерекелеу аясында өзін-өзі басқару күні
|
Уркимбаева З.З., Жумабаева Г.С. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы
|
10
|
Қарттар күні
|
Бигалиева С.О.
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы
|
11
|
7-сынып оқушыларын салтанатты түрде қабылдау
|
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы
|
12
|
Ата-аналар жиналысы
|
Кужакова С.Ж., Кабулова М.Б. Бигалиева С.О.
|
|
Қараша, 2017
|
|
13
|
«Book crossing» науқаны
|
Уриспаева Г.И., Бигалиева С.О.
|
14
|
«Үлкенге қойылатын 100 сұрақ» жобасы
|
Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.
|
15
|
Мектеп ата-аналар комитетіне арналған ашық есік апталығы
|
Кужакова С.Ж., Кабулова М.Б. Бигалиева С.О.
|
16
|
Гуманитарлық пәндер апталығы
|
Асанова А.Ж.
|
17
|
Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында өткізілетін мектепішілік іс-шара
|
Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.
|
|
Желтоқсан, 2017
|
|
18
|
«100 кітап» жобасы шеңберінде театрландырылған қойылым
|
Койшигарина А.Т., Бигалиева С.О.
|
19
|
Тұңғыш Президент күніне арналған «Үш жақсы іс» акциясы
|
Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.
|
20
|
Тәуелсіздік күніне арналған «Ұлы дала ұландары» домбырашылар флешмобы
|
Кабулова М.Б., Мухамбет С.
|
21
|
Ата-аналар жиналысы
|
Кужакова С.Ж., Кабулова М.Б. Бигалиева С.О.
|
22
|
Мектепішілік сауалнама
|
Маденов А.Ж.
|
|
Қаңтар, 2018
|
|
23
|
Ата-аналардың, кураторлардың және құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел: «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу»
|
Бигалиева С.О.
|
24
|
7-сыныптар арасында өткізілетін «Әкем, шешем және мен» спорттық шарасы
|
Срымова Б.Ж., Бигалиева С.О.
|
25
|
Мектеп түлектерімен кездесу
|
Казмагамбетова С.Б.
|
|
Ақпан, 2018
|
|
26
|
«Үлкенге қойылатын 100 сұрақ» жобасы
|
Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.
|
27
|
NIS Aktobe-нің туған күні
|
Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.
|
28
|
Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналардың қатысуымен өтетін интеллектуалды ойын «Что? Где? Когда?»
|
Альбилекова С.
|
|
Наурыз, 2018
|
|
29
|
Алғыс айту күні
|
Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.
|
30
|
«Мама миа» байқауы, 8 кластар
|
Кабулова М.Б.
|
31
|
Халықаралық әйелдер күні
|
Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.
|
32
|
«Қош келдің, Наурыз!» мерекелік шарасы
|
33
|
Ата-аналар жиналысы
|
Кужакова С.Ж., Кабулова М.Б. Бигалиева С.О.
|
|
Сәуір, 2018
|
|
34
|
«Саған сенемін» мектепішілік шарасы
|
Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.
|
35
|
«Қазақтың 100 әні» жобасы шеңберінде ән байқауы
|
Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.
|
36
|
«Кітап әлемді бағындырады» акциясы
|
Бигалиева С.О.
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы
|
37
|
Халықаралық хореография күні
|
Уркимбаева З.З., Жумабаева Г.С.
|
38
|
Эксперименттік ғылымдар апталығы
|
Асанова А.Ж.
|
39
|
Үйірмелер жұмысы нәтижелері
|
Султангалиева Т.В.
|
40
|
Ата-аналар комитетінің отырысы
|
Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.
|
41
|
«1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне» арналған мектепішілік шара
|
Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.
|
|
Мамыр, 2018
|
|
42
|
11-сыныпқа арналған IELTS халықаралық емтиханы
|
Мустафин А.Т.
|
43
|
«Таза life» сенбілік
|
Кабулова М.Б.
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы
|
44
|
Ата-аналардың қатысуымен өтетін кәсіптер жәрмеңкесі «Мамандығым - мақтанышым»
|
Маушева А.Н., Кабулова М.Б. Бигалиева С.О., ата-аналар комитеті
|
45
|
11- кластар арасында саптық ән байқауы
|
Кусалинов Е.Р., Бигалиева С.О.
|
46
|
Отан қорғаушылар күнін тойлау
|
Бигалиева С.О.
|
47
|
Жеңіс күніне арналған «Бір фото тарихы» стенд дизайны
|
Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.
|
48
|
Ата-аналар жиналысы
|
Кужакова С.Ж., Кабулова М.Б. Бигалиева С.О.
|
49
|
Мектепішілік сауалнама
|
Маденов А.Ж.
|
50
|
«Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы
|
Кабулова М.Б.
|
|
Маусым, 2018
|
|
51
|
«Балалар күні», балалар үйлеріндегі қайырымдылық шарасы
|
Бигалиева С.О.
|
52
|
«2 апта ауылда», «Туған елге тағзым», «Возьми ребенка на работу», «10 күн ата-ана жұмысында» атты әлеуметтік жобалар
|
Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.
|
53
|
Жазғы мектеп
|
Имжарова Ж.Н.
|
ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
КҮН ТӘРТІБІ
8:00 – 8:10
|
Таңғы Activity
|
|
8.10 – 8.25
|
Таңғы ас / Breakfast (І ауысым/change)
|
15 мин
|
8.25 – 9.05
|
1-сабақ / lesson
|
40 мин
|
9.05 – 9.20
|
Таңғы ас / Breakfast (ІІ ауысым/change)
|
15 мин
|
9.20 - 10.00
|
2-сабақ / lesson
|
40 мин
|
10.00 – 10.05
|
Үзіліс/Break
|
5 мин
|
10.05-10.45
|
3-сабақ / lesson
|
40 мин
|
10.45 – 10.50
|
Үзіліс/ Break
|
5 мин
|
10.50 – 11.30
|
4-сабақ / lesson
|
40 мин
|
11.30 – 11.55
|
Түскі ас / Lunch (І ауысым/change)
|
25 мин
|
11.55 – 12.35
|
5-сабақ / lesson
|
40 мин
|
12.35 – 12.40
|
Үзіліс/ Break
|
5 мин
|
12.40– 13.20
|
6-сабақ / lesson
|
40 мин
|
13.20 – 13.45
|
Түскі ас / Lunch (ІІ ауысым/change)
|
25 мин
|
13.45 – 14.25
|
7-сабақ / lesson
|
40 мин
|
14.25 – 14.35
|
Үзіліс/ Break
|
10 мин
|
14.35 – 15.15
|
8-сабақ / lesson
|
40 мин
|
15.15 – 15.30
|
Бесін ас / Dinner
|
15 мин
|
15.30 – 16.10
|
9-сабақ / lesson
|
40 мин
|
16.10 – 16.20
|
Үзіліс/ Break
|
10 мин
|
16.20 – 17.00
|
10-сабақ / lesson
|
40 мин
|
17.10
|
Жұмыстың соңы / End of work
|
|
|
|
Таңғы Activity 8:00 – 8:10
|
|
|
Дүйсенбі / Monday
|
Сейсенбі / Tuesday
|
Сәрсенбі / Wednesday
|
Бейсенбі / Thursday
|
Жұма / Friday
|
Сенбі / Saturday
|
08:00-08:03 - Әнұран / Anthem
08:03-08:10 - Таңғы жаттығу
/ Morning exercise
|
08:00-08:10 - Кітап оқу /
Reading time
|
08:00-08:10 - Flash mob
|
08:00-08:10 - I’m a singer (“100 ән” жобасы /
project “100 song”)
|
08:00-08:10 -
Battle time
- - - - -
Оқушылар жиыны / Student meeting
|
Күні бойы/all day – Спорт күні / Sport day
|
|
|
АПТА САЙЫН 15.30-17.00
|
|
|
Дүйсенбі / Monday
|
Сейсенбі / Tuesday
|
Сәрсенбі / Wednesday
|
Бейсенбі / Thursday
|
Жұма / Friday
|
Сенбі / Saturday
|
Жеке кеңес беру /
Consultation hour
|
Кәсіби даму отырысы / PD session
|
Үйірме жұмыстары / Clubs
Электив-7кл /
Electives -7 grade
|
Кеңес беру /
Consultation hour
Электив-8 кл /
Electives -8 grade
|
Үйірме жұмыстары / Clubs
Электив-9 кл /
Electives -9 grade
|
Үйірме жұмыстары/ Clubs
Электив
10-11 кл /
Electives -10-11 grade
|
ОҚУ АПТАЛАРЫ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ
2017-2018 оқу жылының ұзақтығы:
7-9, 11-сыныптарда – 34 апта; 10-сыныпта – 32 апта;
12-сыныпта – 31 апта.
1–тоқсан: күзгі демалыс күндері: 23-28 қазан 2017 жыл;
2–тоқсан: қысқы демалыс күндері: 22 желтоқсан 2017 жыл - 8 қаңтар 2018 жыл; 3–тоқсан: көктемгі демалыс күндері: 19-24 наурыз 2018 жыл;
4–тоқсан: жазғы демалыс: 26 мамыр 2018 жыл.
ДБбҰ «назарбаев зияткерлік мектептері»
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ – nis - program
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен стратегиялық серіктестіктегі Кембридж университетінің Халықаралық емтихандық кеңесімен бірлестікте әзірленіп, жаратылыстануматематикалық бағытындағы оқу үдерісін жүзеге асыруға бағдарланған.
Оқу жылының басында мектеп кіріктірілген білім беру бағдарламасын www.akb.nis.edu.kzмектеп сайтының «Ата-аналарға» бөліміне орналастырады:
«Кіріктірілген білім беру бағдарламасы», «ӨТУ» батырмасын басуыңыз қажет. Аталмыш бағдарламаның ерекшеліктері:
функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталуы.
шиыршық принципі бойынша құрылуы: білім мен дағдылардың бірізді ұлғайтылуы.
пәндер арасындағы тығыз пәнаралық байланыстың орын алуы.
мұғалімдерге арналған ресурстардың кең таңдауы.
қарым-қатынас дағдыларын белсенді түрде дамыту мүмкіндігінің болуы.
Білім беру бағдарламасы негізінде қажетті дағдылар
1
|
7-8-сыныптар
|
Стандартты
|
Білу. Түсіну. Қолдану. Анализ. Синтез. Бағалау.
Рефлексия. Айтылым. Жазылым. Оқылым.
Тыңдалым. Коммуникация. АКТ-ны қолдану. Таймменеджмент (НОТ). Салыстыру. Дәлелдеу.
Функционалды сауаттылық.
|
2
|
9-10-сыныптар
|
Кеңейтілген
|
Зерттеу. Идеялар ұсыну. Сыни тұрғыда ойлау.
Мультимедиалық ресурстарды қолдана алу.
Ақпаратты сұрыптау. Азаматтық сауаттылық. Өзінөзі басқару.
Өз көзқарасын дәлелді қорғай алу. Стандартты емес тапсырмаларды креативті шешу. Мәселелерді шешу.
Жетекшілік.
|
3
|
11-12-сыныптар
|
Жоғары
|
Стандартты емес ойлау. Көзқарастың әртүрлілігі. Іскерлік сауаттылық.
|
ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ БАҒАЛАУ
Критериалды бағалау – оқушының нені білуі және орындай алуы керектігін көрсететін, анық, белгілі критерийлер бойынша тексерілген әлемдік деңгейдегі үлгі.
Бағалаудың екі түрі қолданылады:
Қалыптастырушы бағалау әр сабақта үздіксіз өткізіледі, бірақ оқушыларға баға қойылмайды, оқуын жақсарту бойынша нұсқаулықтар мен комментарийлер түрінде сындарлы кері байланыс ұсынылады.
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасындағы бөлімді/ортақ тақырыптарды және белгілі бір оқу кезеңін аяқтағаннан кейін (тоқсан, оқу деңгейі) ұпай және баға қою арқылы өткізіледі. Жиынтық бағалау сыртқы және ішкі жиынтық бағалау болып бөлінеді. Ішкі жиынтық бағалау оқу тоқсаны және оқу жылының қорытындысы бойынша өткізіледі. Сыртқы жиынтық бағалау – 10-12-сыныптар үшін. Сыртқы жиынтық бағалау Кембридж Халықаралық Емтихан Кеңесі (МЭСК) сарапшыларымен бірлесе құрастырылады және тексеріледі.
Бағалау нәтижелері мынадай құжаттар түрінде ұсынылады:
Бөлім, тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмыстары, ұсыныстар, пікірлер, мұғалімнің кері байланысы, оқушының рефлексиясы енгізілетін портфолио.
Оқушылардың сабаққа қатысымын, сабақ тақырыптарын, тоқсандық және жылдық бағаларын белгілейтін сынып журналы.
Ішкі жиынтық бағалау жұмысы ұпайларын (бөлім, тоқсан бойынша), тоқсандық және жылдық бағаларын есептейтін АБО (ИОС) жүйесіндегі электронды журнал.
Оқушының тоқсандық және жылдық бағалары қойылатын оқушы табелі.
Үй тапсырмасы – оқытуда қолдау көрсететін және оқушының өзін-өзі реттеу дағдысын дамытатын әдістердің бірі. Үй тапсырмасын оқушылар ата-аналарының қолдауымен үйде орындайды.
Үй тапсырмасын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар Үй тапсырмасын ұйымдастыру барысында ескеріледі:
Сабақ кестесіне сәйкес басқа да пәндер бойынша үй тапсырмасының берілуі және көлемі.
Күнделікті үй тапсырмасынан бірнеше пәндер бойынша кіріктірілген тапсырмалар жүйесіне (ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жобалар) көшу мүмкіндігі.
Үй тапсырмасын жекелеген пәндер бойынша бірнеше оқу мақсаттарына негіздей отырып, оқу жобалары үлгісінде ұйымдастыру.
Үй тапсырмасының берілмеуі ұсынылады:
Мейрам және демалыс күндерінде (жалпы дамуы және жобалық жұмыстар үшін оқуға ұсынылатын көркем, қосымша әдебиеттерден басқа).
Бақылау жұмыстары алынғаннан кейін.
Үй тапсырмасының көлемін (бір ғана оқу жылында) 7-9-сыныптарда – 110 минуттан,
10-12-сыныптарда – 130 минуттан асырмау ұсынылады.
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУ
Мектепте «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бекітілген (2014 ж.) Үш тілде білім беру саясаты енгізілген.
Мектепте үш тілде білім беруді қолдау мақсатында ұсынылады:
Мектепішілік іс-шараларды өткізу барысында тілдерді қолданудың келесідей арақатынасын сақтау: 50% - мемлекеттік тіл, 30% - ағылшын тілі, 20% - орыс тілі;
Үйірме жұмыстарын, элективті курстарды үш тілде жүргізу;
Мектепті безендіру;
Мектептің веб-сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшалары.
МЕКТЕПТІҢ ІШКІ ТӘРТІБІ
Мектеп оқушылары үшін орындалуы міндетті «Ішкі тәртіп ережесі» (29.08.2013 ж., №48 хаттама) бекітілген.
Ережеге сәйкес реттеледі:
- Оқушылардың сыртқы келбеті: бірыңғай мектеп формасы; - Оқушылардың құқықтары мен міндеттері; - Мектептегі тәртіп ережесі мен нормалары.
Мақсаты: оқытудың қауіпсіз әрі игілікті ортасын қамтамасыз ететін және Зияткерлік мектептердегі тәртіптілікке қолдау көрсететін бірыңғай тәртіп нормаларын құру.
Оқушылардың сыртқы келбетіне қойылатын талап, 4-тармақ:
Мектеп формасы мектеп өмірінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, білім алуға қажетті іскери ортаны құруға ықпал етеді. Мектеп формасы оқушыларды тәртіптілікке үйретеді және оқу үдерісін жүзеге асыруға бейімдейді. Зияткерлік мектептер оқушыларының мектеп формасы функционалды әрі көпшілік мақұлдаған іскерлік стильге сәйкес келеді.
Қыз балаларға арналған мектеп формасы
Ер балаларға арналған мектеп формасы
Қыздарға арналған спорттық киім Ұлдарға арналған спорттық киім
Мектеп формасы жиынтығына сонымен қатар тоқыма жакет пен жилет кіреді:
Жеке шкафтарды пайдалану ережесі.
Мектепте әрбір оқушының оқу құралдары мен өзінің жеке заттарын сақтауға арналған шкафы бар. Шкафтардың жағдайы санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келуі шарт, бұл өз кезегінде апта сайын педагог-ұйымдастырушы-кураторлар тарапынан қадағаланады. Әрбір оқу жылының соңында оқушылар кураторға босатылған шкафтары мен кілттерін тиісті жай-күйде тапсырады.
Асхана мен буфетте өзін-өзі ұстау ережесі, 6.26-тармақ:
тағамдарды қабылдау Зияткерлік мектептердің бекітілген күн тәртібіне сәйкес тек арнайы белгіленген орындарда (асхана, буфет) ғана рұқсат етілген;
оқушылар мен қызметкерлер гигиена талаптарын сақтауы тиіс: асхана бөлмесіне сыртқы киімсіз кіру, тамақ ішпестен бұрын мұқият қолын жуу;
оқушылар пайдаланылған ыдыстарын ретке келтіріп, тамақ қалдықтарын жинауы қажет.
Кітапханада өзін-өзі ұстау ережесі:
оқушылар кітаптарды кітапхананың жұмыс кестесіне сәйкес оқуға ала алады;
кітапханада және оқу залында айқайлауға, дауыс көтеріп сөйлесуге, жүгіруге тыйым салынады; тәртіп ережесі сақталмаған жағдайда кітапханашы ескерту жасауы тиіс; 3) кітаптар мен оқу құралдарына жазуға, кітап беттерін жыртуға тыйым салынады. Егер оқушы кітап немесе оқу құралын бүлдіріп не жоғалтып алса, оның орнын дәл сол баспамен толықтыруы міндетті;
кітапты немесе оқу құралын кітапхана қызметкерінен тіркеуден өткізбей, кітапханадан алып шығу өрескел бұзушылық саналады;
оқу құралдарының қапталуы мен тазалығына бақылау жүргізіледі. Спорт залында өзін-өзі ұстау ережесі:
Зияткерлік мектептің сабақ кестесіне сәйкес спорт залында спортпен шұғылдану;
Үйірмелердің сабақ кестесіне сәйкес сабақтан тыс уақытта үлкен және кіші спорт залдарында жаттығу;
Спорт залдарындағы сабақтар үшін спорттық киім мен аяқ киім міндетті саналады;
Киім шешіну бөлмесінде спорттық киім мен аяқ киімді қалдырып кетпеу.
Мәжіліс залында өзін-өзі ұстау ережесі:
Оқушылар мен қызметкерлер мәжіліс залында әртүрлі іс-шаралар өту барысында тыныштық сақтауы және өткізілетін іс-шара жағдаятына сәйкес өзін ұстай алуы қажет;
Мәжіліс залына тамақ пен сусын алып кіруге рұқсат етілмейді;
Құрылғылардың қауіпсіз эксплуатациялануына жауапты тұлғаның рұқсатымен ғана мәжіліс залының техникалық құралдарын қолдануға болады.
Оқушылардың сабақ жіберуін рәсімдеу тәртібі Сабақ жіберуде дәлелді себептер ретінде танылады: Оқушының сырқаттануы;
Дәрігерге қаралуы (анықтама қағазы ұсынылады);
Отбасылық жағдайға байланысты заңды өкілдің Зияткерлік мектеп директорымен міндетті түрде келісілген жазбаша өтініші бойынша оқу жылында 10 күннен аспайтын уақытқа сабаққа жіберуі;
Білім беру үдерісінің мүдделігінде өткізілетін пәндік олимпиадаларға, жарыстарға және өзге іс-шараларға қатысуы;
Пәндік олимпиадаларға, жарыстарға және өзге іс-шараларға қатысуға мектептен тыс мекемелердің сұранысы.
Сырқаттану бойынша сабаққа қатысым жасалмаған жағдайда оқушы сырқаттанудың алғашқы күнінде кураторға хабар беруге міндетті және сабаққа алғашқы келген күні оған сырқат туралы анықтаманы көрсетуі шарт.
Зияткерлік мектептер өткізетін пәндік олимпиадаларға, жарыстарға және өзге ісшараларға қатысу үшін сабақ жіберу кезінде куратор күнделікке жазуды рәсімдейді. Пәндік олимпиадаларға, жарыстарға және өзге іс-шараларға қатысуға мектептен тыс мекемелердің сұранысы бойынша сабаққа қатыспауда келесідей тәртіп орындалады:
Зияткерлік мектеп директоры атына заңды өкіл жазбаша өтініш білдіреді, оған мектептен тыс мекеменің ресми сұранысы тіркеледі;
Заңды өкілдің өтініші куратор және пән мұғалімдерімен келісіледі (Келісу парағы), кейін Зияткерлік мектеп директорының сәйкесінше бұйрығы шығарылады.
Заңды өкілдер оқушылардың сабақтан қалған күндердегі бағдарламалық оқу материалдарын меңгеруіне жауапкершілік алады.
Мектепте оқушылардың келесідей тәртіп бұзушылық түрлері анықталған: болмашы, елеулі, қатаң.
Болмашы тәртіп бұзушылық түріне жатады:
сабақтардың өткізілу кезінде тәртіп бұзу;
сабақтарға, қоңырау жиындарына, таңғы жиынға, мектепішілік іс-шараларға ұдайы кешігу (тоқсанына үш реттен артық);
мектеп әкімшілігінің, куратордың рұқсатынсыз мектептен шығу;
дәлелді себепсіз сабақтарға, элективті курстар мен үйірмелерге, секцияларға, клубтарға қатысым жасамау;
белгіленген мектеп формасына сәйкес келмейтін киім түрлерін кию, тазалықты сақтамау, киім киюде ұқыпсыздық таныту;
мектепте бас киім мен сыртқы киімді киіп жүру;
дәлелді себепсіз үй тапсырмаларын орындамау;
арнайы белгіленген орындардан тыс тамақ пен сусын түрлерін қолдану;
асханада, кітапханада, спорт залдарында, кеңейтілген зертханаларда, мультимедиалық кабинеттерде тәртіп бұзушылыққа жол беру;
мектеп ғимараты мен іргелес территориядағы тазалықты сақтамау;
оқыту үдерісіне кедергі келтіретін ұялы телефондарды, электронды ойындар мен өзге көптеген құрылғыларды сабақта, сабақтан тыс оқуларда қолдану;
әдепсіз сөз саптау мен ым-ишара, нормативтік емес лексиканы қолдану;
академиялық адалдықты бұзу: көшіру, өзге ресурстардан төлтума авторлардың немесе ресурстардың сілтемесін көрсетпей, ішінара немесе толық көшіру, емтихан кезінде тыйым салынған құралдарды қолдану;
мектеп компьютерлерін қолдану тәртібін бұзу.
Елеулі тәртіп бұзушылық түріне жатады:
болмашы тәртіп бұзушылыққа жататын құқық бұзушылыққа қайтадан жол беру;
өзге тұлғалар мен Зияткерлік мектеп мүлкін бүлдіру немесе нұқсан келтіру;
мемлекеттік рәміздерді, әнұранды білмеу және оның орындалуында ережелерді сақтамау;
мектеп қоғамдастығы мүшелерінің және мектеп қонақтарының абыройы мен
намысына тіл тигізу;
рұқсат етілмеген заттарды мектепке алып келу – қару-жарақ, жарылғыш заттар
және т.б.;
Зияткерлік мектеп пен оның жекелеген тұлғаларының абыройына нұқсан келетіндей материалдарды тарату;
академиялық адалдықты бұзу: келісу (өзге оқушылар үшін жұмысты орындау), көшіру (басқаның жұмысын өзінікі ретінде ұсыну), емтихан материалдарын заңсыз иемдену және қолдану, өзгенің жұмысын көшіру, сонымен қатар топтық жұмыс көрсетілмеген жағдайда өз жұмысын өзгелерге көшіруге ұсыну, плагиат, көшіруге мүмкіндік беретін мәліметтерді қолдану;
міндетті қоғамдық-пайдалы жұмыстар мен іс-шаралардан бас тарту (сыныптар мен мектеп территориясына тазалық жүргізу, әлеуметтік жобалар және т.б.).
Қатаң тәртіп бұзушылық түріне жатады:
елеулі тәртіп бұзушылыққа жататын құқық бұзушылыққа қайтадан жол беру;
тілдік, гендерлік, ұлттық, діни және өзге белгілері бойынша біреуге кемсітушілік таныту;
діни насихат немесе ұлтшылдықты насихаттау;
шылым шегуге, алкоголь мен есірткіге қандай да бір қатыстылығы, сабақтарға алкоголь, есірткі қолдану немесе уытқұмарлық масаю жағдайында қатысым жасау;
қару-жарақ ұстау;
Зияткерлік мектеп мүлкіне қасақана нұқсан келтіру;
мектеп қауымдастығы мүшелеріне қауіп төндіру (бопсалау, қорқыту, төбелес ұйымдастыру, сотқарлық, өзгенің мүлкіне деген вандализм);
қасақана ұрлық, мүлік иесінің келісімінсіз және рұқсатынсыз өзге заттарды қолдану;
академиялық адалдықты бұзу: бағаларды, жазбаларды өзгерту, алаяқтық, емтихан материалдарын заңсыз иемдену және қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |