149
ұсынады, олардың артықшылықтары туралы әңгімелейді, өзінің
жазылушыларын жеңілдіктермен және акциялармен таныстырады,
қызықты
жұмыстар ұсынады, өзі жұмыс істейтін салада сараптамалық
баға береді. Мұндай аккаунт бірден нақты өнімдер мен қызметтерге
қызығушылық тудыратын пайдаланушыларға бағытталған. Оның мақсаты
– бәсекелестер арасынан суырылып шығып, өзінің бірегейлігін көрсету
және пайдаланушыларды өз табысына таңдау жасауға сендіру.
3.
Топ.
Топтар кәсіпкерліктің әлеуетті клиенттері үшін
қызықты
тақырыпқа арналады. Мысалы, спорттық тауарлар дүкені өз атынан «Нұр-
Сұлтан спортшылары» тобын құра алады, онда осы санаттағы адамдар
үшін қызықты тақырыптар талқыланады, жарыс кестесі жарияланады,
нәтижелерге
сараптамалық баға беріледі, спорт алаңдарының тізімі
келтіріледі және т.б. Тақырыптық контентпен тартылған пайдаланушылар
парақшаға жазылады, ал спорттық дүкен өз өнімдерін топ
қатысушыларына жарнамалау мүмкіндігіне ие болады,
осылайша өз
сатуларын ұлғайтады. Осылайша, OQICO мектебі SMM бірнеше
нұсқаларын біріктіреді. Бизнес-парақшада мектептің өзі, оның өнімдері
мен
қызметтері, ағылшын тілін үйрену ерекшеліктері туралы айтылады,
іс-шаралардың кестесі мен анонстары жарияланады. Сондай-ақ, әріптестер
жылжыту үшін өздерінің жеке аккаунттарын пайдаланады, онда олар
өздері туралы, өзінің оқыту тәжірибесі
мен жалпы ағылшын тілінің
ерекшеліктері туралы айтады. Наргис пен Динараның жеке парақшасын
ұнатқан пайдаланушылар олардың жеке парақшасын үнемі қарап отырады
да, кейіннен мектептің бизнес-парақшасына өтеді. Визуалды контентті
құру үшін компанияда аутсорсингте дизайнер жұмыс істейді, ол бірыңғай
стильдегі посттарға арналған суреттерді салады.
Достарыңызбен бөлісу: