Бұл оқу-әдістемелік кешен оқу орындарында оқитын Мәдениеттану және



Pdf көрінісі
бет30/42
Дата08.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#120048
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
Байланысты:
ТАКЫРЫПТАР

 
 


4 ТАҚЫРЫП. ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті 
 
 
 
Жоспар: 
1.Мәдениеттің феномені ретіндегі өнердің өзіндік ерекшеліктері. Өнердің генезисі 
эстетика және эстетикалық идеал. 
2. Дін мәдениеттің сакральдық түрі. Діни наным-сенімдердің ежелгі түрлері. 
 
3. «Әдептілік», «мораль», «этика» ұғымдары. Өнегелілік – мәдениеттің 
айқындаушы негізі. Өнегеліліктің қалыптасуы мәдениет дамуының басты 
мәселесі ретінде. 
4. Әлеуметтік – мәдени құндылықтар жүйесіндегі құқық. Ғылым - 
әлеуметтік-саяси институт ретінде. 
4.
Мәдениет процесс ретінде. Мәдени типтер жайындағы басты 
мәдениеттанулық қағидалар (Н.Данилевский, П.Сорокин, М.Вебер, 
К.Ясперс). 
1.
Мәдениеттің феномені ретіндегі өнердің өзіндік ерекшеліктері. Өнердің 
генезисі эстетика және эстетикалық идеал. Өнер және көркемдік мәдениет. Өнер - 
қоғамдық сананың ең көне формаларының бiрi. Оның саналық басқа формаларына, 
мәселен ғылым мен филсофиядан айырмашылығы сол, ғылым мен философия - 
шындықтың теориялық бейнесi болып табылса, өнер - шындықтың көркем бейнесi 
болып табылады. 
Өнер өте ертеде шықты, алғашқы адамдар кейiнгi ұрпақтарға тас балталар 
мен сүйектен жасалған найзалар ғана қалдырған жоқ. Сонымен қатар үлгiлердiң 
қабырғаларына салынған түрлi суреттер балшықтан, тастан жасалған мүсiндер 
қалдырды. 
Өнер қоғам дамуында зор роль атқарады оның қоғам дамуындағы ролi сол, ол 
адамды адамды тәрбиелеудiң құралы болып табылады. 
Өнер адамдарды саяси идеялық жағынан тәрбиелеп, жаңа қорғам
құрылысына қажеттi адамгершiлiк сапаларды қалыптастыуға көмектеседi. 
Өнердің қоғамда
атқаратын қызмет түрлері: 
-
танымдық;
-
коммуникативтілік;
-
тәрбиелік;
-
эстетикалық;
-
эвристикалық.
Өнер түрлерінің классификациясы кеңістіктік және уақыттық болып 
бөлінеді. Сонымен қатар, әдебиет, сәулет өнері, мүсіндеу, кескіндеме, графика, 
музыка, балет, драма, пантомима, цирк, қолданбалы-декоративті өнер – 
синтетикалық өнерге жатады. 
Мәдениет 
белгiлi 
бiр 
халықтың 
қол 
жеткен 
табыстары 
мен 
шығармашылығының жиынтығы. Дүниеге көзқарасының философиядан бұрынғы 
әлеуметтiк тарихи типтерiне мифологиялық дiн жатады. Мифология адамзаттың 
рухани мәдениетiнiң ең көне формасы. 


2.
Дін мәдениеттің сакралдық түрі. Дін – қоғамдық құбылыстардың ішіндегі 
ең күрделісі. Дін, латын тілінен «религия» - «байлау», «екінші қайта оралу» 
мағынасын білдіреді. Діни наным – сенімдердің ежелгі түрлері: анимизм, 
тотемизм, фетишизм және магия. Діннің қоғамдық өмірдің мәдени салаларына 
әсері өнерде, салтта, рәсімде байқалады. Бiлiмнiң бастамасы дiни сенiмнiң 
бастамасы, онда өнер мен адамгершiлiк қатынастар бейнеленедi. Мифологиядан 
қалған сұрақтар ендi дiни және философиялық сұрақтарына айналды. Мифология 
қойып кеткен бұл дүниеге көзқарастар туралы сұрақтарға жауап iздеудiң 
барысында дiн мен философияның жолы екi айырылды. 
Дiн – адамдардың бiрлестiгiн және ұйымдастығын қалыптастырушы 
идеологиялық механизм. Дiннiң мазмұны әлеуметтiк мәнi бар негiзгi 
құндылықтарды қасиеттi деп танудан тұрады. Дiн адам жан дүниесiнiң 
талпыныстарын және арман мақсаттарынан тоғыс нүктесi бейнесiнде адам 
өмiрiнiң 
толыққандылығын танытатын категория
ретiнде де қарастырылады. Қазіргі 
қоғамдағы діннің қызметі – мәдени-әлеуметтік жүйенің бірлігін сақтау болып 
табылады. 
3.
«Әдептілік», «мораль», «этика» ұғымдары. Өнегелілік – мәдениеттің 
айқындаушы негізі. Өнегеліліктің қалыптасуы мәдениет дамуының басты мәселесі 
ретінде. 
Мораль - әдет-ғұрыптар, нормалар, мінез-құлықтар – адамның тұрмыстағы, 
қоғамдағы әрекеттерін дағдылар арқылы нормативті реттеуі, құқығы. «Этос» - 
әдет-ғұрып, 
мінез, 
мінез-құлықтардың 
физиогномикасы 
мен 
түрлері, 
менталитет(діл). Мораль - әдет-ғұрыптар, мінез-құлықтар – адамның тұрмыстағы, 
қоғамдағы әрекеттерін дағдылар арқылы нормативті реттеуі және құқығы. Мораль 
құқық ұғымымен тығыз байланысты. Бүтін жүйе ретінде мінез-құлық мәдениеті 
құрылымының элементтеріне: 
этикалық ойлау
мәдениеті, сезім мәденниеті, мінез-
құлық мәдениеті, іс-әрекет жатады. 
Этикет
 

 
мінез-құлық мәнерін реттейтін 
тәсіл. 
Адамгершілік табиғаты әлеуметтік әрқашан қоғамдық қатынаспен ұштасатын 
нақты тарихи негізге ие болады. 
Мінез-құлық мәдениеті адамның қоршаған әлемді тануы, оны игеруі. 
Мәдениеттегі мінез-құлықтың нормативті және тәжірибелі іс-әрекеттерінің бірігуі. 
Этикет – мінез-құлық мәнерін реттейтін түр. Адамгершілік ұғымы ежелгі Шығыс 
өркениетіндегі «Алтын ереже», грек мәдениетіндегі гуманизм идеяларынан бастау 
алады. Адамсүйгіштік идея әлемдік діндердің Буддизм, христиан діні, исламда да 
өз орнын тапқан. 
4.Әлеуметтік- мәдени құндылықтар жүйесіндегі құқық.. Құқық пен мораль. 
Мәдениет саласында саясаттың алатын орны. «Саяси мәдениет» пен «мәдени 
саясат» ұғымдары. Қазақстандағы мәдени саясаттың өзіндік ерекшеліктері. Ғылым 
- әлеуметтік – саяси институт ретінде. Құқықтық мәдениет – құқықтық сана 
деңгейін, заңдылықты, заңгерлік тәжірибе және заң шығарудағы жетістіктерді, 
сонымен қатар құқық саласындағы адам әрекеті арқылы жасалған құндылықтар 
жүйесін атаймыз. 


Адамды қоршаған сыртқы дүние табиғатпен қоғамның, сондай-ақ ойлаудың 
да объективтiк заңдары бар. Ғылымның мiндетi мiне осы заңдарды танып бiлу. 
Ғылымның дамуындағы салыстырмалы дербестiк оның өндiрiске тигiзетiн керi 
әсерiнен ерекше айқын көрiнедi. Ғылым қоғамдық өндiрiстiң дамуында қуатты күш 
болып табылады, Өйткенi ғылымның күшi, адамның ақиқатты танып бiлудегi күш-
қуаты практикада ғана айқын көрiнедi. 
Мәдениеттiң дамуына көптеген жағдайлар әсер етедi. Миф, дiн, өнер, 
ғылымның барлығы адам санасының дамуына зор үлес қосады. 
5.Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы мәдени типтердің тұтастығы мен 
көптүрлілік мәселелері адамзат қоғамында мәдениет формалары мен типтерін 
зерттеуде әртүрлі мәдениеттанымдық концепциялардың пайда болуына ықпал етті. 
Әлемдік мәдениет уақыт пен кеңістікте сан алуан түрлі, оның сарқылмас қоры бар. 
Мәдениеттердің сан түрлі болса да біртұтас адам өмірінің тәсілдеріне ұқсайды. 
И.Гердер өзінің «Адамзат тарихы философиясы туралы идеялар» еңбегінде 
халықтардың дамуы әрбір буыны алдыңғы және келесі бөлімнен байланысып 
тізбек құратынын айтқан. Ол грек мәдениеті мысырлықтарға сүйенеді, римдік 
мәдениеттің дамуына қозғау салған. Оның пікірінше адамзат Азияда пайда болған, 
көне тілдер, жазба өнері де дамыған. Слайд №1. ХVІІІ ғасырда мәдениеттің сан 
алуандығымен, біртұтастығын тарихи тұрғыдан ұғыну пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет