Бұл құрал информатика сабағын оқушылар үшін қызықты және түрлендіре өткізуге жәрдемдеседі



бет13/33
Дата30.01.2022
өлшемі7 Mb.
#116270
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Байланысты:
Авторлық бағдарлама 5 сынып

15-сабақ
Сабақтың тақырыбы:PAINT графикалық редакторының құралдары. Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыштар салу.Төртбұрыштар мен шаршылар салу.Эллипс мен шеңберлер салу.

Сабақтың мақсаты:

  • Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету.

  • Түзу сызықтар салуды.Шаршыларды,тік төртбұрыштар, эллипс пен шеңбер салуды.

Сабақ типі:Түсіндіру, әңгімелесу.

Білім және білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс;

- редакторда сурет салу техникасын;

- графикалық редактордың құралдарын пайдалануды.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

-сурет салуды және оларды редакциялауды.

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Өткен сабақта алған білімдерін жан-жақты тексеру.



ІІІ.Жаңа тақырып

Шаршылыр мен тіктөртбұрыштар салу

Тапсырма.Тік төртбұрыш құралын пайдалана отырып, поездың суретін сал (тек қана жақтауын)

Тапсырма.Әр түрлі типті тік төртбұрыш құралын қолдана отырып, кубиктер салып ішін бояңдар.

Дөңгеленген тікбұрыштарды салу

Тапсырма.Әр түрлі типті дөңгеленген тік төртбұрыш құралын пайдаланып, пирамида сал.

Тапсырма. Ғимарат салу.

Тікбұрыш пен дөңгеленген тікбұрыш құралдарының көмегімен салынған ғимарат мынадай түрде болады.Осы құралдарды пайдана отырып, өзің ғимарат сал.

Эллипстер мен шеңберлерді салу

Тапсырма.Бұлттар салу.

Әр түрлі типті Эллипс құралын пайдалана отырып, бұлттың суретін сал.

Тапсырма.Эллипс құралымен іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салыңдар.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет