Мектептің бағдарламалары мен іс–тәжірибесі келесі тұжырымдарға негізделген:
– Студентті дамыту. Біртұтас білім беру студенттердің әлеуметтік, парасаттылық, физикалық және эстет. жағын дамытады және өз кезегінде үлкен өмірге, құбылмалы әлем жағдайындағы өмірге дайындалуға көмектеседі. М–та студенттер келесі дағдылар мен қабілеттерді дамытады: қамқорлық, бұлжымастық, қоғамға үлес қосу, өзін қоршаған адамдарға, басқа қоғамдарға және тұтас әлемге құрмет көрсету.
– Әлеуметтік және мәдени кіріктіру. Мектеп қауымдастығы мәдени ерекшеліктер мен адам құқығын жоғары қояды. Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша барлық студенттер біртұтас халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі болып табылады, мұнда алуан түрлі мәдениетті түсіне білу, оларға құрмет білдіру, сондай–ақ төзіммен қарау қарым–қатынасын дамыту ісі жатыр. «М.» қазақ тілінің маңызын, оның мәдениетін жақсы түсініп, сондай–ақ оның әрі қарай дамуына ат салысады.
– Білім алу және оқыту әлеуеті. Сапалы білім беру әрбір студентке жекелей білім беруге, алынған білім мен іс–тәжірибенің маңыздылығына қарай бағытталады. Студенттің алған білімі мен тәжірибесі өзінің әлеуетін толық деңгейде дамытуға әрі қарай ынталандыратын болады.
– Перспективті оқу жоспары. Ең жақсы мектеп жоспарлары студенттердің жеке қабілеттерін ескере отырып, олардың талаптарына жауап беретін көптеген құрылымдық әдістерді өзіне қамтиды. Мектептің оқуға жасалған қадамдары бәрін білгісі келу, шығарм. мүмкіндіктер, күрделі және арандатушы шытырман мәселелерді шешуге бағытталған парасаттылық дағдыларды, сынау және өз бетінше ойлану қабілетін дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |