Бөж тақырыбы: Ахмет Яссауи кесенесі және Ыстамбул тарихы Қабылдаған : Phd кошенова Г. Орындаған : Тасқұл Ұ. Тобы : Өдз – 212



бет1/7
Дата28.02.2023
өлшемі97,42 Kb.
#170555
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
БӨЖ Ұлжан-1


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ -түрік университеті
Спорт және өнер факультеті
Бейнелеу өнері кафедрасы



БӨЖ
Тақырыбы: Ахмет Яссауи кесенесі және Ыстамбул тарихы
Қабылдаған : PhD Кошенова Г.


Орындаған : Тасқұл Ұ.


Тобы : ӨДЗ – 212
Түркістан -2022
Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Қожа Ахмет Ясауидің өмірі және сүрген дәуірі

  3. Әзірет Сұлтан мешітінің құрылысы

  4. Сайрам қаласы жайындағы жазба деректер

  5. Әулие София мешітінің тарихы

  6. Қорытынды

  7. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің суреті жалпы әңгімелемес бұрын оның тарихын жалпы әңгімелеген жөн болар.


Жалпы Түркістан қаласы бұрын кішкентай ғана Яссы деген қалашық болған. ХІІ ғасырда сол жерге Қ.А.Ясауи Әзірет Сұлтан келген соң даңқы шыққан. 1166 – жылы Қ.А.Ясауи опат болған соң оның бейітіне түркі тұқымы әсіресе қазақ халқы зиарат ететін болған. Зиарат етуге халық көп келетін болған соң кішкентай қалашық бірте – бірте үлкейіп шаһарға айналды.
Ал 1397 – ші жылы күзді күні атақты Әмір Темір келіп әулиенің басына зор мешіт салдырып белгі орнатуға жарлық қылған.
Осы мешітті салу үшін саураннан кірпіш тасыған, ол кірпішті жылқының қымызына илеп аттың қылын осып мықты етіп құйған осы кірпішті Түркістанға сауранға дейін адамдар қатар тұрып саумалдап тасыған сонда бір кемпір бір кірпішті ұстап үш жыл тұрған деген аңыз бар.
Осының барлығын оқушыларға әңгіме сабағында әңгімелеп кесененің қандай жолмен салынғанынын айтуға болады.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен ұлттық көзқарасының өркендеуінде ғасырлар бойына сақталып келген кесененің рухани құндылықтарды зерделеудің маңызы зор. Жалпы адамзаттық құндылық болып саналатын мұражайлар халқымыздың дүниетанымы мен діни және рухани көзқарастарын анықтап беретін бірден бір деректердің көздері.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі туралы жазба деректер мен зерттеу еңбектері баршылық. әрбір зерттеуші, әрбір тарихи мұрағаттың жанашыры. Қ.А.Ясауи кесенесі жөнінде зерттеушілер тақырып мазмұндарының әр қырынан тұжырым жасайды.
Ахмет Ясауи шамамен XI ғ. соңында - XII ғ. басында Сайрам қаласында дүниеге келеді. Тегі - жергілікті түркі тайпаларының бірі бажшылық кәсіппен күнелткен Ахметтің әкесі Ифтихар баласы Махмудтың ұлы Ибрагим және анасы Қарашаш, бұл кісілердің бейіті Сайрам қаласында.
Ахметтің тұңғыш рухани ұстазы әрі тәрбиешісі атақты шайхы Арыстанбаб болған. Ол дүние салғаннан кейін Ахмет Бұхараға келіп, атақты шайхы Қожа Жүсіп Хамаданидан софылық ілім жайлы дәріс алады. Сөйтіп, "Ақиқатты тану жолдарының түсіндіру құқына ие болады. Біраз уақыт бойы ол Бұхарадағы софылық қоғамын басқарып жүреді. Бірақ көп ұзамай өзінің рухани дүниесін қанағаттандырмаған осынау хұзырлы орыннан бас тартып, Түркістан қаласына қайта оралады. Бұл жерде өзінің уағыздаушылық қызметін кеңінен өрістетеді
Аңызға қарағанда Ахмет Ясауи Мұхаммед пайғамбар жасына келген соң, оны тұту белгісі ретінде қалған өмірін өзі уағыз айтатын мешіт іргесінен қазылған жер асты мекенінде (Қылуетте) өткізіпті. Мұнда оның үй іші ғана емес, шайқының өзінен ілім алып жүрген көптеген шәкірттер де болады.
Ол 1166-77 жылардың бірінде дүние салады. Жергілікті қауымдардың ұлттық әулиесі ретінде Ясауи халқының аса көп жиналуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді.
Бізге келіп жеткен жазба мәліметтерден көне Иасыда, қазіргі кесене тұрған орында, мұсылманның атақты әулиелерінің бірі дәруштер шайқысы Ахмет қабіріне XII ғ. өзінде-ақ шағын мавзолей орнатылғаны белгілі. Кейін бұл мұражай мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орына айналды.
Ахмет Ясауи кесенесінің "Қасиетті орын" ретінде атағы жайылына XIV ғ. 30-шы жылдарында-ақ монғол шапқыншылығы қатты күйретіп кеткен. Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүиие салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналады. 1389, 1391, 1394 және 1395 жылдардағы қан төгіс ұрыстарда Әмір Темір Алтын Орданың өктемдігін жойып, астанасы – Сарай – Беркені өртеп жібереді. Мені, осы жеңістің құрметіне Қожа Ахмет Ясауидың ескі мазарының орнына жаңа, зор кесене орнатуды ұйғарды.
Кесененің құрылысы ерекшеліктері: Табан топырағы ылғалды жерге салынған Ахмет Ясауи комплексі ХVІ ғ. Құрылыс инженерлігінің сөзсіз шешім болып табылады. Пропорциялық қатынастардың бірлігі, құрылыс тәжірибелері орта ғасырлық шеберлердің сәулет өнерінің күрделі территорияларын меңгергендігін көрсетеді.
Ахмет Ясауи құрылысының тағы бір ерекшелігі оның ұрылысына және көне түркі ақынның алғашқы қабының қалдығы қамтылған. Салмақ көп түсетін портал пилондарының табанына ірі кесек тастар қалаған. Ал басқа қабырғаларының табан топырағы тек тапталмаған. Ескерткіштің ірге тасынан жоғарғы бөлігі конструкция түрлеріне қарай әр – түрлі ерітінділерге бекітілген күйген кірпіштен қалаған 600 жыл бойы өмір сүріп келе жатқан ғимарат. Табан топырағы ылғалды жерге салынғандықтан 50-60 см. төмен ойысқанын байқауға болады. Ғимараттың жеке бөліктерінің архитектуралық формаларының өзара үйлесімділігі негізінен алғанда Қазақстан мен Орта Азияға тән шаршы келген қабырға ұзындықтарының осы бөлменің көлденеңіне сәйкес теорясының қатаң сақталуына байланысты. Қазандық бөлмесінен 8 дәліз тарайды. Оның алтауы өтпелі, екеуі тұйық, биікгігі екі қабатты үлкен дәліздер бүкіл комплексті өз алдына дербес блоктарға бөледі. Шатыр тұрғызу техникасы мен түрлері:

  1. Аркалы желкендерге орнатылған, кең қанатты күмбез.

  1. Қанатты желкендерге орнатылған, кең қанатты күмбез (Құдықхана )

  2. Тік көтерілген кең қанаты күмбез жарық сәулелі орталық (Мешіт)

  3. Көтермелі аркаларға орнатылған кең қанаты күмбез (Асхана, дәліздер).

Қалқан тәрізді желкендерге орналасқан аласа күмбезшілер (кітапхана, кіші ақсарай). Цилиндрлі шатырлар (Құжырлар).
Бір орталыққа жинақталған комплекс бөлмелері, бір-бірімен көптеген дәліздермен. баспалдақтармен байналысқан. Олардың барлығы комплексте 22. Ғимаратта баспалдақтардың мынандай түрлері кездеседі. Айналма, бір шеті айқасып келетін шахтардағы баспалдақтар (Мұнара мен үлкен күмбездердің төрт қырлы қабырғасы).
Айналма төрт бұрышты шахта және жылжымалы жарты аркалар тізбегі арқылы орналасқан баспалдақтар (дәліз баспалдақтары). Айналма, тік бұрышты шахта (бас порталдың ойығы). Шахтасыз ашық баспалдақтар.
Сурет салу адам үшін маңызды орын алған және ала да береді. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынас мүмкіндігі ретінде қолданылады.
Адамның сурет салу дағдысы ерте кезден бастап пайда болған. Археологтардың тапқан суреттері, алғашқы адамдардың бұл жөнінде үлкен жетістіктерге жеткендігін куәландырады.
Алғашқы адамдар суретті көмірмен, үшкір тастармен салған. Неолит дәуіріндегі еңбектін жер өңдеу мен қол еңбегі - өндірістік сипаты адамның өнерге деген қатынас сипатын өзгертті, Адамның сурет салуға үйренуі, өз қол еңбегіндегі өнімдерін безендіруге бағытталды. Бұл әсіресе қыш өңдеу өнерінде көрініс тапты. Осыған байланысты оқыту әдістері де пайда бола бастады. Қолөнер шеберлері өзінің шәкірттерінің еңбегіне бейжай қарай алмады. Ол үшін керегі шәкірт, ұстаз өнерін үйреніп, оны жалғастырғаны, көмекшілікке жарағаны болды. Ұстаз шәкіртіне қолөнер бұйымдарын жасау жолдарын, өрнектермен безендіруді бірнеше рет қайталап көрсетуіне тура келді.
Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде оқытудың әдіс-тәсілдері шыға
бастады. Бірақ, бұл кезде қалыптасқан оқыту принциптері болған жоқ.
Нағыз өнерге оқыту, мектептерді ұйымдастыру тек қана цивилизация
дәуірінде пайда болды.
Қазақстандағы бейнелеу өнерінің оқыту әдістемесінің дамуы 20 ғасырдың 60 жылдарында педагогикалық институттардан «бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімдерін дайындаумен тығыз байланысты. 1964 жылы абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтында, республикада алғаш рет «бейнелеу өнері мен сызу» пәнінің мұғалімдерін дайындау қолға алынды. Бұл 1969 жылға дейін еліміздегі бейнелеу өнері мен сызу мұғалімдер дайындайтын жалғыз жоғарғы оқу орны болды. Кейіннен де бұл оқу ордасы көшбасшы қызметін көрсетіп, көлемді әдістемелік іс шараларды атқарумен бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуына ерекше үлес қосты.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет