Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет122/167
Дата19.09.2022
өлшемі2,74 Mb.
#149980
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Мысал 
келтіреміз:
 
кен орны бойынша объектіні пайдалануға 
бергеннен соң, 2005 жылы желтоқсан айының 30 жұлдызындағы
объектіні пайдалануға берудің № 6 актісі мен есептеріне сәйкес, 
38000000 теңге сомада кен-дайындау жұмыстары шығыс етіледі. 
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
8048 — 2940 = 38000000 1 типті операция
А (+) А (-) 
в) 
Берілген ұзақ мерзімді аванстарды жабу. Бұл шаруашылық 
операциялар № 4110 «Жеткізушілерге берілетін ұзақ мерзімді 
берешек» пассивті шотында бейнеленеді. Проводка төмендегіше 
болады:
Дт Кт Құжаттар
4110 — 2910 Салыстыру актілері, 
шот-фактуралар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана 
пассивті шоттар орналасқан. Пассивті шот (№ 4110) орналасқан 
кезде баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-
активті» операция орын алады (бір жағынан жеткізіп берушілерге 
кредиторлық қарыздар, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға 
берілген аванстар бойынша дебиторлық қарыздардың мөлшері 
кемиді). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


204
Мысал 
келтіреміз:
 
кәсіпорында берілген аванстар есебінен 2005 
жылы қыркүйек айының 8 жұлдызындағы салыстыру актісі мен 19 
жұлдызындағы № 836 шот-фактурасына сәйкес, жеткізіп берушіден 
15000000 теңге сомаға материалдар алынды. Бұл жағдайда 
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4110 — 2910 = 15000000 4 типті операция
П (-) А (-)
Ұзақ мерзімді инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық 
емес активтердің кемуі (жабылуы) 
Бұл жағдайларда негізгі құралдар кредит бойынша өтеді. Мұнда 
біз кәсіпорын активтерінің құны қайда шығыс етілетіндігіне 
(бағытталатындығына) назар аударуымыз керек.
а)
Активтерді өткізу және жою. Бұл шаруашылық операциялар 
№ 7410 «Негізгі құралдардың есептен шығуы бойынша шығыстар» 
активті шотында бейнеленеді. Екі жағдайда да шығыстар осы 
активті шотқа шығыс етілгендіктен, негізгі құралдар енді кредиттік 
жақта орын алады және шаруашылық операцияның жазылуы
№ 7410 шоттың дебетіне № 2411—2417 шоттардың кредитінен жаса-
лады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7410 2411—2417 Келісім шарт, түгелдеу актісі,
негізгі құралды шығыс ету актісі 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті шот 
орналасқан, демек, баланстың активінде тек қана өзгерістер болатын 
1 типті «Активті-активті» операция орын алады. Бір жағынан негізгі 
құралдың шығыс етілуі бойынша шығыстар артып жатса, екінші 
жағынан сол сомада кәсіпорынның активтері шығыс етіледі. Бұл 
жағдай жазудың дұрыс жасалғанын білдіреді.


205
Мысал 
келтіреміз: кәсіпорында 2005 жылы мамырдың 28 
жұлдызындағы негізгі құралды өткізу (жою) актісіне сәйкес, 880000 
теңге сомада көлік құралы өткізілді (шығыс етілді). Бұл жағдайда 
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сумма Ескерту
7410 — 2414 = 880000 1 типті операция
А (+) П (-)
ә)
Жиынтық тозудың сомасын шығыс ету.
Негізгі құралды шығыс етуден (өткізуден немесе жоюдан) кейін 
оның жиынтық (есептелген) тозуы міндетті түрде шығыс етілуі 
тиіс. Жиынтық тозу жойылатын негізгі құралда, ал есептелген тозу 
өткізілетін немесе таласты негізгі құралда болады.
Дебеттік жағында № 2421—2429 «Негізгі құралдардың тозуы» 
шоттары бойынша негізгі құралдар тозуының шығыс етілуін (кемуін) 
бейнелейміз. Мұнда жердің тозуының есептелуі мен шығыс етілуі 
бойынша процедуралар болмайтын фактіге назар аудару қажет. 
Шаруашылық операцияның жазылуы төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2421—2429 2412—2417 Есептеулер, негізгі құралды
өткізу немесе шығыс ету актісі 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында пассивті 
шоттар орналасқан. Демек, баланстың активі мен пассивінде кему 
жағына өзгерістер болатын 4 типті «Пассивті-активті» операция 
орын алады. 
Бір жағынан негізгі құралдың жиынтық тозуы кемиді (жабылады), 
ал екінші жағынан сол сомаға негізгі құралдардың құны кемиді 
(шығыс етіледі). Бұл жағдай жазудың дұрыс жасалғанын білдіреді
Мысал
келтіреміз: кәсіпорында тозған жабдық өткізілді (жойыл-
ды). Кәсіпорын жұмысының уақытысында бұл жабдық бойынша 
290000 теңге мөлшерде тозу есептелді (жиналды). Өткізу (жою) 
нәтижесінде 2005 жылы сәуір айының 10 жұлдызындағы жабдықты 
өткізу (жою) актісіне сәйкес, тозудың бұл сомасы жабдықтың 


206
баланстық құнынан шығыс етіледі (кемітіледі).
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2423 — 2413 = 290000 4 типті операция
П (-) А (-)
 б)
Негізгі құралдардың кем шығуы. Бұл шаруашылық операция-
лар № 2180 «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» активті 
шотында бейнеленеді. Кем шығу анықталған жағдайда шығыстар 
бұл активті шотқа шығыс етілетіндіктен, шаруашылық операцияның 
жазуы № 2180 шоттың дебетіне № 2412—2417 шоттардың кредитінен 
жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2180 2412—2417 Түгелдеу актісі, айыпты
тұлғалардан зиянды өндіру
туралы басшының бұйрығы,
сотқа берілетін талап арыз
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті шот 
орналасқан. Демек, баланстың активінде тек қана өзгерістер болатын 
1 типті «Активті-активті» операция орын алады. 
Бір жағынан негізгі құралды өндіру бойынша шығыстар көбейеді, 
ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорын активтері шығыс етіледі. 
Бұл жағдай жазудың дұрыс жасалғанын білдіреді
Мысал
келтіреміз: кәсіпорында негізгі құралдарды түгелдеу 
жүргізілді, нәтижесінде 85000 теңгеге жабдықтың кем шығуы 
анықталды. Түгелдеу актісіне сәйкес, көрсетілген сомаға айыпты 
тұлғаның үстінен сотқа талап арыз беру туралы 2005 жылы қараша 
айының 24 жұлдызында кәсіпорын директорының бұйрығы шықты. 
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2180 — 2413 = 85000 1 типті операция
А (+) А (-)


207
Сонымен, біз айналымнан тыс активтер мөлшерлерінің көбею 
және азаю жағдайларын қарап, талдадық.
Енді 1-бөлімге жата тұрып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет