100
өзінің салымын (депозитін) және ол бойынша сыйақысын қоса
алады. Әдеттегі жинақ шоттарынан мұның айырмашылығы,
клиентке кітапша емес, банктің қарыз қолхатының рөлін атқаратын
сертификат (куәлік) беріледі. Мұндай салымнан қаржыны белгілеп
қойылған мерзімге жетпей алуға болады, бірақ бұл жағдайда
айыппұл (белгілі процент) төленеді.
Бұрын бағалы қағаздар тек қана көрнекті қағаз үлгісінде болған
және арнайы қағаз бланкілерінде баспа түрінде басылған.
Соңғы уақытта бағалы қағаздардың айналымы айтарлықтай
көбеюіне байланысты олардың көбісі есеп кітабында жазу түрін-
де, сондай-ақ ақпараттың әртүрлі сақтаушыларында (оның ішін-
де дискеталарда) жасала бастады, яғни табиғи көрнекті емес (қа-
ғазсыз) үлгіге көшті. Сондықтан, бағалы қағаздар нарығында
бағалы қағаздармен қатар, олардың орнын алмастырушылар да
шығарылады, айналымда болады, жойылады. Бағалы қағаздың
иесіне мұндай жағдайда меншік құқығын куәландыратын құжат —
бағалы қағаздың сертификаты беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: