Bulletin «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет225/314
Дата02.09.2022
өлшемі6,57 Mb.
#148644
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   314
Байланысты:
Майлыбаева Вестник

Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(57), 2018 
219 
Тҽрбиенің ҽлеуметтену проблемасын жапон педагогтары арасында да қолданушылар орын алады. 
Профессор Огава тҽрбие ҽлем картинасын меңгеру ретінде тек социум арқылы ғана мҥмкін. Дҽлірек 
айтқанда тҽрбиенің ең алдымен қоғамдық негізде болуы керек. Кҿптеген жапон педагогтары бала-
ның ешбір қорқынышсыз, ешнҽрседен қаймықпай ҽртҥрлі қоғамдастыққа еркін араласуын, қарым-
қатынаста болуын ҧсынады. Себебі, бала ҿмір бойы сол ортада ҿмір сҥреді, жеке тҧлға болып қалып-
тасады. Олар ҽлеуметтік педагогика мектептегі ҽлеуметтік тҽрбие берудің негізі деп есептейді. Мек-
теп ҽлеуметтік ортаның моделі іспеттес екенін кҿрсетеді. Ал мектептегі қоғамдық қҧндылықтың 
негізін таратушы мҧғалім деп есептейді. 
Францияда жаңа тҽрбие идеясын зерттеушілер (Р.Галь, А.Медичи, Г.Миаларе, А.Фабр) т.б. жеке 
тҧлғаны биологиялық тірі организм ретінде табиғатпен байланысты ортаға бейімделгіш қабілеті бар 
екендігін айқындаған, ал екінші жағынан жеке тҧлғаның ортамен ҿзара ҽрекеттілігінің маңызын кҿр-
сете отырып, жеке тҧлғаның ҽлеуметтік ортадан тҽуелсіз болуын ҧсынады. Жаңа тҽрбиені қолдау-
шылар қатаң жазалауға барынша қарсылық білдіріп, жеке тҧлғаға сый-қҧрметпен қарау, мҽпелеуді 
адамгершілік тҽрбие берудің негізі деп есептеген. 
80-90 жылдар аралығында ауқымды идеологиялық, ҽлеуметтік жҥйедегі қарама-қайшылықтар-
дың біршама бҽсеңдеуі нҽтижесінде, тҽрбие процесінде халықаралық ынтымақтастықтың идеясы 
негізінде кҿптеген маңызды ҿзгерістер енгізілді. Осыған байланысты кҿптеген педагогикалық топ-
тарда адамзаттың ортақ ҥйі Жер атты қҧдіреттің тҧрғындарының тҽрбие тҧжырымдамасын бекітуді 
ҧсынады. Мҧндай интеграциялық жағдайда тҽрбие проблемасында ірі жҽне кіші ҧлттардың қатар 
тҽрбие алуын қуаттау жҽне этникалық қоғамдастығын бағалау кҿзделінген. Мектепте тҽрбие беру 
саясатындағы принциптер мен ҽдіс-тҽсілдерде ҽр елдегі ірі жҽне ҧсақ этностардың толеранттық 
кҿзқарасты жҥзеге асыру кҿкейкесті мҽселеге айналуда. 
Дҥниежҥзілік аренада танылған, тҽуелсіздікке ие болған Қазақстан – кҿп ҧлтты мемлекет. Негізгі 
тҧрғыны – қазақ халқы. Қазақстандағы этникалық топтардың бір-бірімен ынтымақта, ортақ кҿзқарас-
та, бір-бірінің ҧлттық ерекшеліктерін, салт-дҽстҥрлерін қҧрметтеу жҽне ҽртҥрлі қарама-қайшылық 
туған жағдайда шыдамдылық, тҥсініктілік, тҿзімділік кҿрсету, тҽрбие, білім беру, мҽдениет, ҽлеумет-
тік, экономикалық салада орын алуына ҽр уақытта мҽн берілуі тиіс. Ал екінші жағынан ҽрбір этнос 
ҿзінің ҧлттық – мҽдени ерекшелігін сақтау жҽне басқа ҧлттар мҽдениетімен тең, пара-пар жағдайда 
бола білу керектігіне кҿңіл бҿлінуде. 
Қазіргі дамыған ҿркениетті елдердің ҿзінде мектеп оқушыларының тҽрбие мҽселесінде кҥрделі 
олқылықтар орын алуда. Мҽселен, оқушылар арасында ҿз ҿміріне сенбеушілік, болашаққа сенімсіз-
дікпен қарау, адамгершілік – этикалық қҧндылықтардың тҿмендеуі, жалпы ҽлемдегі адам баласына 
қасірет туғызып отырған нашақорлық, ішімдікке салыну, қылмыстық істің кҿбеюі дҥние жҥзіндегі 
психолог-педагог ғалымдардың, жалпы адамзат баласын алаңдатуда. Сайып келгенде, бҧл жағдай 
жастардың білім, тҽрбие алуға деген ынта-ықылас, ниеттерінің тҿмендеуіне ҽкеп соғып, «сауатсыз-
дық қҧбылысы» қайта ҿріс алғандығы айқындалып отыр
Алайда кҿптеген шетел мектептерінде гумандық тҽрбие беруге байланысты айтарлықтай тҽжіри-
бе жинақталған. Батыс елдерінің тҽжірибесінде «мінез-қҧлық тҽрбиесінің ҽдістемесі» деп аталатын 
бағыт тараған. Мҧнда оқушылардың ҿзін-ҿзі басқаруы, ҿзін-ҿзі еркін ҧстауы, мектептен тыс жҧмыс-
тарды реттеуші, біріктіруші, тҽртіп сақтаушылар ретінде мҧғалімдердің кҿмекшілері болу тҽжірибе-
лері сақталған. Мектеп советі деген қҧрылып, оған мҧғалімдер, оқушылар, ата-аналар, мектеп ҽкім-
шілігі жҽне қоғамдық ҧйымдар ҿкілдері кірген. Бҧл советтің жҧмысы оқушылар кҥнделікті мектеп 
ҿмірінің барлық саласына араласуға, ҿздерінің тҧлғалық ерекшеліктерін дамытуға, ҿзіндік кҿзқарас-
тары мен талаптарын қорғай білуге, мҽдени қарым-қатынас ережелерін меңгеруге бағытталған. 
Мектеп советінің жҥйелі жҥргізген осы бағыттағы жҧмысы мектептің психологиялық ахуалын жақ-
сартуға ықпал жасаған. Дегенмен, дҽстҥрлі қалыптасқан педагогтардың оқушыларға деген беделдік 
қарым-қатынасы жойылып кеткен.
Тҽрбие саласындағы ҿте маңызды ҿзгерістің бірі ҽлемдегі саяси планетарлық ҿзгерістермен туын-
даған. Бҧл тҽрбиенің ҽлемдік рухта болу ауқымының ҿсуімен байланысты. Осыған орай кҿптеген 
жаңа жобалар жасалуда. Соның бірі халықаралық бакалаврист деп аталатын оқу орны. Оның мақса-
ты халықтардың бір-бірімен ҿзара байланысы, ҿзара тҥсінушілік рухында тҽрбие беру. 1996 жылы 
бҧл ҧсынылған жобаға 83 елдің 600 оқу орны қатысқан.


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(57), 2018 
220
Халықаралық бакалавриат жобасы бойынша жастарға кҿпмҽдениеттілік тҽрбие беру мақсатында 
бірнеше тілді меңгеру, оның ішінде міндетті тҥрде ҽр мемлекеттің мемлекеттің тілін, ағылшын тілін 
оқушылардың қалауы бойынша басқа тілдерді оқып ҥйрену кҿзделінген. Кҿптеген елдерде мемле-
кеттік тілмен қатар этникалық топтардың тілдері бойынша тҽрбие, білім алу тҽжірибесі жинақталған. 
Мҧндай мектептердің негізгі мақсаты – бала жастан ҿз ҧлтының басқа ҧлттармен қатар, тең пара-пар 
екенін санасына сіңдіріп, бағалауы.
80-90жылдар аралығында Франция, Германия, Жапония т.б. елдерде орта мектеп бағдарламасын-
да азаматтану пҽні енгізіліп, саяси, мҽдениет тҽрбиесіне жҽне азаматтық тҽрбиеге мҽн берілген. Бҧл 
бағдарламаны жҥзеге асыруда, оқу-тҽрбие процесінде біршама оң тҽжірибе жинақталған. Мҽселен, 
«Сайлау», «Ереуіл», «Сот» рҿлдік ойындар, дебат, рейтинг, брейфинг оқушылардың рухани, гуман-
дық, азаматтық қасиет салаларын қалыптастыруға, саяси-мҽдени кҿзқарасын арттыруға негіз бола-
тын тҽрбие, білім беру ҽдістемелері тҥрлері жан-жақты мектеп тҽжірибесінде қолданылған. Сонымен 
қатар шетел мектептерінде адамгершілік тҽрбиесі бойынша арнайы сабақтар ҿткізу тҽжірибесі бар. 
Бҧл адамгершілік тҽрбие сабағында дін арнайы орын алуда. Бірақ діни, шіркеулік ілімге тиым салын-
ған елдерде дҥниежҥзілік дінге негіз болған жалпы адамзаттық идеядан бас тарту деп тҥсінуге 
болмайды.
Жаңа ҿмірлік проблемаларды шешуге байланысты ҽлемдік мектептің оқу бағдарламаларында 
нашақорлыққа қарсы, ішімдікке қарсы тақырыптар, жыныстық тҽрбие, табиғатты қорғауға арналған 
жаңа пҽндер енгізілген. Сонымен қатар мектеп бҥгінгі таңда қоғамдық ҿмірдің ҿзгеруі, ҿндіріс қҧры-
лымының жаңаруы, жаңа технологиялардың, қозғалыстар мен ақпараттардың дамуымен байланыс-
ты, дҥниежҥзілік қоғамдастықтың тҥбірлі ҿзгеріс алуына жауап ретінде «Ҿмірлік тҽрбие» деп 
аталатын жаңа бағыт туындаған. Осыған байланысты ҿмірлік тҽрбие бағыты ҿзінің барлық мақсаты, 
мазмҧны, жҧмысы кешенді негізде жҥзеге асырылуы ҥшін мектеп старт алаңына айналу керек. 
Мҧнда мектеп білім берумен қатар оқушыларды талапкерлікке, ҿзіндік іс-ҽрекетке, ҿздігінен ойлай 
білушілікке, ҿзін-ҿзі жетілдіруге, ҿзін-ҿзі тҽрбиелеуге, ҿзін-ҿзі танып білуге дайындауды кҿздейді.
Енгізіліп отырған ҿмірлік тҽрбие деп аталатын жаңа бағытқа оқу орындары мен мектептен тыс 
мекемелердің т.б. тҽрбие ошақтары арасында ҿзара байланыстың жоқтығы кедергі болатын жағдай-
лардың бірі. Алайда кҿптеген елдерде ҿмірлік тҽрбиені жҥзеге асыруда мектеп старт алаңы бола ала-
тынын кҿрсететін ҧтымды тҽжірибелер орын алуда. Мҽселен, мектеп кооперативтері мҽдени-ағарту 
орталықтары – АҚШ-та мектеп қауымдық тҽрбие ретінде, Францияда тҽрбиелік қала, солтҥстік 
Еуропада «бос уақыт ҥйі» деп аталатын т.б. тҽрбие орындары тҽжірибесі ҥлгі боларлық.
Ҽрине, шетел мемлекеттерінің ҽрқайсысы ҿз елінің экономикалық, ҽлеуметтік, қоғамдық, ҧлттық 
даму жағдайларына жҽне білім беру жҥйесінің дҽстҥрлі ерекшелігіне қарай мектеп ісін модерниза-
циялауды жҽне қазіргі ҿркениеттілік талапқа сай реформалауда ҿз мҥмкіндіктерін ескеріп, жаңа жол 
таңдауда.
Осы орайда қазіргі Қазақстан Республикасының ҿркениетті елдермен байланысы білім беру жҥйе-
сінің барлық саласындағы интеграциялау тенденциясында ҽлемдік тҽжірибені жан-жақты зерттеудің 
қажеттілігін жҽне ҽлеуметтік – мҽдени жағдайдағы адамгершілік тҽбие беруге байланысты ҽртҥрлі 
модельдерді салыстыру, тҽрбие мҽселесін шешуге мҥмкіндік туғызады.
Бҥгінгі кҥнде тҽрбие мҽселесі, тҽрбиенің ҽдістері амал тҽсілдерін зерттеу ғана емес, оқушылардың 
адамгершілік қҧндылықты, адамгершілік ереже нормаларды, қасиет сапаларды жаңа ҽлеуметтік – 
мҽдени орта жағдайында ҿмір сҥру барысында басшылыққа алу – басты нысана болмақ. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1. Джуринский А.Н. История зарубежной педагогики. 
– 
М., 1998 
2. Бенедик Р.. Образы культуры // Человек и социокультурная среда. Вып 2. – М., 1992 
3. Роджерс К.Р. Становление человека: Пер. с англ. – М., 1994 
4. Френе С. Новый взгляд на традиционную образовательную систему. 
– 
М., 2017 
5. Толеубекова Р.К. Қоғам дамуының жаңа кезеңіндегі адамгершілік тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық негізі.

 Алматы, 2001 
 
 
 


Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(57), 2018 
221 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет