Мысал. Бұл программада енгізілген нақты аргумент – x-тің квадрат түбірін берілген дәлдікпен – eps жуық шамамен итерациялық формула арқылы анықтаймыз:
уn = (уn-1 + x/yn-l),
мұндағы yn-l – түбірдің алдыңғы жуық мәні (есептеу алдында бұл мән кез келген оң сан ретінде таңдала-ды), уn – түбірдің келесі табылған жуық мәні. Есеп-теу процесі түбірдің анықталған екі жуық мәндері айырмасының абсолюттік мәні берілген дәлдіктен төмен болған сәтте тоқталады.
Абсолюттік мәнді табу үшін стандартты Math.Abs() функциясы қолданылады.