3 сурет. Электр сұлбасы. 1-стрелкалы вольтметр; 2,4-электродтар; 3-зонд; 5- токты нашар өткізетін пластина; 6-реттелетін тұрақты кернеу көзі «0…+15 В».
Өрісті имитациялау үшін диэлектрлік пластинаға қадамы 5мм координатты тор түріндегі токты нашар өткізетін қабат жүргізілген. Егер (3) зондты (5) пластинаның кезкелген нүктесіне орналастырса, онда (1) стрелкалы вольтметр потенциалы нөл деп қабылданған (2) электродқа қатысты өлшенген осы нүктедегі өріс потенциалының мәнін көрсетеді. Зерттелетін өрісте потенциалдарының мәндері осындай болатын нүктелердің жиынтығы эквипотенциалдық беттер құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |