Байланысты: Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы
Стилистикалық коннотация Тіл ғылымының барлық саласында «коннотация»термині қолданылады, алғашқы мағынасынан оның қазіргі мағынасы әлдеқайда терең.
Стилистикалық коннотация кең мағынасында тілдік бірліктердің боялуы өрнектері болып табылады. Стилистикалық коннотацияның құрамына зерттеудің әр түрлі аспектілері кіреді: әлеуметтік, саяси, моральдық, эстетикалық, этнографиялық т.б.
Қазіргі тіл ғылымында тілдік бірліктердің коннотациялық мағынасы жеке жеке алынып зерттеу нысандарына ілінуі – осынын айғағы.
Коннотация – экспрессивті бағалаушы стилистика категориясы бола отырып стилистикалық норманы құраудың негізгі тәсілі. Коннотацияның негізгі белгілері денотативтік мағынадан қосымша мағынаға ие болуы эмоционалдық, экспрессивтік және бағалауыштықты білдіреді. Зерттеушілер коннотацияның әр түрлі жағдайда туындауының басты белгілеріне мыналарды жатқызады:
әлеуметтік- лингвистикалық коннотация: жаргондық түрлері (ауызекі сөйлеуде, кітаби тілдегі);
Стилистиканың өзіндік ерекшелігін айқындайтын ұғымдары мен категориялары болады. М. Серғалиев стилистиканың басты ұғымдары мен категориларына жалпы мағынадағы стиль, стилистикалық бояу, стилистикалық құрылым, стилистикалық белгі, стилистикалық норма т.б. жататындығын айтады.
Стилистикалық коннотация дегеніміз – заттық логикалық, грамматикалық мағыналарға қосымша жұмсалынатын экспрессивтік және стилистикалық қасиеттер, ол – стилистикалық коннотацияның көрінісі. Стилистиканың басты ұғымдары мен категорияларына жататын стилистикалық коннотацияның сипатын айқындайтын түрлері көп.
Қолданыс тіл стилистикасында стилистикалық коннотация прагматикалық салмаққа ие болғанда, таңбаның « іс- әрекеті» мәнділік сипаты анық көріне алады. Адресанттың мәтіннің мағыналық ақпараттық мәніннің сипатын стилистикалық коннотация толық ашып бере алады, оның өн бойында бірге жүретін прагматикалық мақсат айқын аңғарылып тұрады. Мысалы, егеменді жылдарда публицистикалық стильде жаңа қазақ немесе бай қазақтар деген қолданысқа енді. Бұл арада стилистикалық коннотацияны семиотикалық тұрғыдан қарастыру қажет. Стилистикалық коннотация мен прагматика қарым қатынас аясында зор прамастилистикалық мүмкіндіктерге ие болады. Жаңа қазақ деген сөзде қазақ сөзі номинативті мағынасынан алшақтамайды, ол жаңа сөзінің тіркесіп келуінде ол коннотативті мағынаға толық ие болады.
Жаңа қазақ сөзіндегі стилистикалық коннотация, стилистикалық фреймдер арқылы адамның ассоциативті теориялық ойлау жүйесінен туындаған, жаңа қазақ тіркесі ауызекі сөйлеу стилінде және публицистикалық стильде де жиі ұшырасады. Автор жаңа қазақ сөзі арқылы адресатқа астында қымбат машинасы бар, жаңа үлгімен киінген ақшалы адамды көзге елестетуге мүмкіндік жасайды. Жаңа қазақ тіркесінің прагматикалық мәні тархи- әлеуметтік жағдайдан пайда болды. Жаңа қазақ таңбасын қолданушы адресант адресатқа төмендегідей прагматикалық мақсаттың нәтижесін бере алады: жаңа қазақ – қазіргі жаңа заман өкілі, «жаңа қазақ» кекесін мағынасын көрсетеді; жаңа қазақ – қызығушылық көзқарасын жасыра алмау үшін де айтуы мүмкін немесе керісінше, жаңа қазақ ақылды, білімді, жаңа мемлекет өкілі. Жаңа қазақ – қазіргі кәсіпкер, жаңа заманның зиялы өкілі, сөйлеу жағдаяттарына және контекстке байланысты адресант жаңа қазақ сөзін қоғамдық рухани құндылықтарын жоғалтқан, тек дүниеге қызығушы ғана адам ретінде айтылуы мүмкін. Автор жаңа қазақты қолданғанда контекстік және ситуацияға байланысты оның прагматикалық салмағының басқаша қасиеттерін де бере алады. Бір ғана жаңа қазақ сияқты стилистикалық коннотациялық тілдік бірліктен әр түрлі прагматикалық мақсатта айтылған таңбаның қызметін көруге болады екен. Кез келген стиль түрінде стилистикалық коннотацияның прагматикалық факторларға незізделуі автордың білім аясы, мәдени дәрежесі, сөйлеу ниетіің гуманистік идеяларына, сондай ақ танымдық әлемі, тәжірибеесі арқылы да айқындалып отырады. Жаңа қазақ сөзінде прагматикалық фактор экстралингвистикалық фактормен біте қайнасып жатады. Қоғамдық сананың қалыптасуындағы өзгеріс, әлеуметтік ортаның ықпалы, қарым- қатынас аясының әркелкілігі де көрінеді. Адресат (қабылдаушы) жаңа қазақ адресаттың әр түрлі прагматикалық ықпалды қабылдай отырып, өзінің де ой сезімінің өзгеру әрекетін сезінеді. Жаңа қазақ адресаттың стилистикалық әсерге бөлінуін қамтамасыз етеді. Егер адресат сол әлеуметтік ортаның өкілі болмаса, онда жаңа қазақтардың бар екенін санасында сақтайды немесе сол әлеуметтік ортаның өкілі болса, ол адамға бағалау көзқарасы пайда болады. Бұнын барлығы адресаттың интеллектуалдық мәдениеттіне байланысты жан- жақты ашылады.
Қазіргі тіл ғылымында коннотацияның түрлері көптеп кездеседі, оның бәрі прагмастилистикалық барлық қолданыс ерекшеліктерінде кездесіп отырады.
Баға берушілік эмоционалды экспрессивті коннотациялар;
Стилистикалық коннотациялар дәстүрлі эмоционалдық деп аталынады.
Стилистикалық коннотациялар стильдің белгілі түріне тәуелді болып телінуін айтады.
Тілдегі денотативті- бағалауыштық, қосымша мағыналық коннотативтілік, оның қатарына «мән - мағына», «қатпар», «обертон» деген атаулар да қосылып айтылатындықтан, терминдік атауларына күдік келтіріп отырады. Фактілерге жүгінсек, заттық- логикалық, эмоциональдық элеметтерді тілдік бірліктердің мазмұнының барлық пропорцияларында кездеседі. Экспрессивтілік бояуға көркемділік, бейнелілік сипаттағы және жалпы қолданыстағы стандарттың ауытқыған тілдік бірліктеер жатады. Тілдегі стилистикалық коннотацияның эмоционалдығы сезімге байланысты, адамның бағалау көзқарасынан айқындалатын заттың «жақсы», «жаман» сиятқты сипаты әлеуметтік норманың қарым қатысынасын көрсетеді. Стилистикалық коннотация арқылы айқындалатын орбаздылық таңбаның ішкі тұнықтылық сапасын анықтайды.
Стилистикалық коннотацияның бойынан табылатын қасиеттерді кқрсететін стилистикалық бояу, стилистикалық норма деген атаулардың қолданылуы заңды құбылыс. Егер коннотацияның жеке тілдік бірліктерінде көрінуі, сөз жоқ оның табиғатының күштілігіне, тереңділігіне байланысты болса, онда негізгі қызметі стилистикалық мәнермен және прагматикалық мақсатпен өз нәтижесін береді.
Стилистикалық бояу – контекстен тыс ерекше стилистикалық әсер беретін сөздің қосымша мағынасы. Көп мағыналы тілдік бірліктердің стилистикалық бояуы заттық - логикалық сипатынан хабар ғана бермейді, қосымша мағына беретін стильдік тәсіл сөздің жасырын мағынасында прагматикалық «әрекет» айқын байқалады. Стилистикалық бояу – эскпрессивтік эмоциональдық коннотацияда ғана емес, әр түрлі экстралингвистикалық факторлар арқылы көріне алады. Атап айтқанда қарым қатынас аясы, функциональдық стильдердің ерекшеліктері, жанр түрлерінде, сөйлеудің мазмұны мен формасында, адресант пен адресаттың өзара қарым қатынас хабарларында автордың затқа, құбылысқа көңіл бөлуінен де оның белгілері табылады.
Стильдік ерекшеліктер көбінесе әр функциональдық стильге тән болып келеді. Қарым қатынас аясы, мазмұны мен мақсаты, қызмет түрлері, таным формалары да қатысады.Әр стиль бүтіндей бір спектрлі стильдік ерекшеліктерді қамтиды. Мысалы, ресми стильде нақтылық, дәлдік негізгі стильдік ерекшелік болса, көркем әдебиет стиліне дәлдік, көркемдік пен сенімділік тән болып келеді, ал публицистикалық стиль дәлдік «автордың» субъектінің кәсіптік шеберлігі мен жоғары сапалы сөйлеу қағидаларына негізделеді.
Стилистикалық коннотацияның тағы бір ұғымы стилитискалық мағына деп аталады. Стилистикалық мағынаға айрықша экспрессивтік бояуға ие болатын тілдік бірліктердің қатары жатады. Қолданыс аясындағы кездейсоқ, тосын, ерекше көркемдікке ие болатын айшықты тілдік бірліктерді суреттеуде «стилистикалық мағына» деген атаумен беріледі.
Атап айтқанда, осы шақтың ауыспалы шақ түрі ғылыми стильге тән болса, сол сияқты іс әрекетке міндетті болу, міндеттілік іс әрекеті ресми стильге тән стилистикалық мағына болып табылады.
Коммуникативтік тапсырманы орындау іс әрекетінде тілдегі көркемдік сипатты ашатын тілдік амал- тәсілдер стилистикалық тапсырманы орындауға жұмсау үшін алдын ала ойластырылған немесе жоспарланған адресанттың көркемдеп сөйлеуі, адресаттың қабыдалуына күшті әсер туғызады.
Сондықтан стилистикалық мағына, стилистикалық тапсырманы стилистикалық коннотацияға жататын атаулар деп қабылдау керек.
Адресанттың өзінің сөйлеу жағдаяттарында стилистикалық мағына шартын тілдік бірліктерімен алдын ала көркемдеп сөйлеу мақсатын ойдастыруы (стилистикалық тапсырма болса) адресаттың қабылдауына ерекше ықпал етеді. Адресаттың қабылдауына ерекше ықпал ететін тілдік бірліктер стилистикалық әсер деп аталынады.
Стилистикалық әсер стилистикалық амал тәсілдер арқылы адресатқа беріледі. Адресат өзі қабылданған стилистикалық әсер арқылы өзінің де қолданыс тілінде стилистикалық коннотацияның негізгі мазмұнын қарауға мүмкіндік алады.
Адресант адресат
Стилистикалық мағына, стилистикалық тапсырма, стилистикалық әсер.
Стилистикалық коннотацияның негізгі арқаруы болатын бұл үш аспектіні былай көрсетуге болады:
стилистикалық тапсырма;
стилистикалық мағына;
стилистикалық әсер;
Қазіргі лингвистикалық әдебиеттерде стилистикалық мағына термині стилистикалық бояу терминімен синонимдес, ол жалпы стилистикалық коннотация деп те алына береді.
Сонымен, стилистикалық тапсырма адресанттың алдын ала ойластырылып көркемдеп, мәнерлеп сөйлеуі арқылы адресатқа әсер етуі болып табылады. Стилистикалық тапсырма адресанттың хабарының экспрессивтік дәрежесін анықтайды. Стилистикалық тапсырманы сөйлеуші (адресант) қабылдаушыға стилистикалық әсер тудырып, прагматикалық мақсатын жүзеге асыру үшін пайдаланылады.
Атап айта кететін нәрсе, стилистикалық тапсырманың орындалуы экспресиямен байланысты. Стилистикалық деп танылған нақысты сөз әр уақытта экспрессивті болып келеді. Стилистикалық мәнерлілік қандай тәсілмен жасалса да «экспрессия» терминімен тығыз байланысты.
Стилистикалық тапсырма мен стилистикалық әсер коммуникативтік актілерінің екіге бағытталған бірлігін құрайды. Стилистикалық тапсырма автордан шығады, стилистикалық әсер қабылдаушыға бағытталынады. Стилистикалық тапсырма, стилистикалық мағына мен стилистикалық әсердің өн бойында прагматикалық мақсат анық көрінеді, яғни стилистикалық коннотация арқылы ашық және жасырын өтіп жатады. Стилистикалық тапсырма адресанттың және адресаттың жадында жиі ассоциацияланып тұрады. Стилистикалық тапсырма сұрақ жауап арасында жиі байқалады. Сұрақ- жауап – адамдардың ойлауы мен қарым- қатынасының негізгі элеметі. Сұрақ жауап екі маңызды қызмет атқарады, бірі – танымдық, екіншісі – коммуникативтиік. Танымдық адамның сыртқы әлем мен өзі туралы болса, коммуникативтік адамдардың бір біріне пікір білдіру, көзқарасын анықтау қарым- қатынасы. Сұрақ пен жауап қарама қарсы құбылыс, бірақ бірін бірі толықтырып отырады. Сұрақ жауап риториканың аясында қарастырылған болатын. Сұрақ адресатқа, жалпы қабылдаушыға ерекше әсер етеді, сөзді тірілтеді, жандандырады. Ресми стильде стилистикалық тапсырманың негізгі бірлігі болатын сұрақ нақты дауапты талап етеді. Публицистикалық стильде аудиторияның назарын өзіне аударуы, көпшіліктің әр қабылдаушының сөзге қатысуға қызығушылығын тудырады.
Ғылыми стильде сұрақ эпистемиалық функцияны атқара отырып, қабылдаушының әлемді зерделеуінің логикалық тұрғыдан белсенділігін талап етеді. Сондықтан қазір логика ғылымы сұрақ- жауап мәселесіне ерекше назар аударады. Мәдени коммуникацияның барлық саласында сұрақ пен жауап стилистикалық тапсырманың ерекше прагматикасын береді. Сондықтан адресаттың қабылдауының жетістіктеріне қарай ойластырылған тілдік бірліктер айтушының лингвистикадан тыс мақсатын жүзегее асыруға стилистикалық тапсырма ұйытқы болады.
Стилистикалық тапсырманың негізгі екі түрін ажыратып алу керек:
тура стилистикалық тапсырма;
сұрыпталған стилистикалық тапсырма.
Тура стилистикалық тапсырма да әр стильге тән болғандықтан, соның аясында қолданылатын функциональды мағынасымен сәйкес келетін тілдік тәсілдерді жатқызуға болады. Мысалы, ғылыми стильде терминдер, көркем әдебиет стилінде троптың түрлері т.б.
Сұрыпталған стилистикалық тапсырмаға әр түрлі стиль саласына тән қолданылатын тілдік бірліктерді жатқызуға болады. Басқаша айтқанда, сұрыпталған стилистикалық тапсырма стилистикалық контраст тәсілі арқылы жүзеге асады.Стилистикалық контраст стилистикалық мәні бір тілдік бірліктердің өзара байланысының жалпы заңдылықтарымен анықталады. Стилистикалық конраст бейнелілікке тосыннан, кездейсоқтан пайда болады, сөз тіркесінде өзара қиыспайтын тілдік тірліктер болып келеді. Безендіруші стилистиканың стилистикалық мүмкіндіктерін тарату жиынтығын құрайды, көркемдікке, ажарлыққа қызмет етеді. Мысалы: өмір мейрамы, ескірмеген махаббат т.б.
Стилистикалық контрастың екі түрі бар:
контактылық (жалғастырылмалы);
дистанттық
Жалғастырмалы стилистикалық контраст пікір, сөздің құрылымлық мүшеленуі негізін түйістіріп отырады: орасан ақымақ, жексұрындықтың қоймасы т.б.
Стилистикалық контрастық дистаттық түріне сөйлем мүшелері бір бірінен алшақтап кетеді, байланысы үзіле отырып, басқа синтаксистік конструкциялардағы мүшелермен қарама қарсы қойылып айтылады. Сен мына ақымақты сүмірейтіп неге алып келдің? Стилистикалық әсер «жанды тіл» қолданысында алдын ала жоспарланған белгілі прагматикалық мақсатқа тілдік бірліктерді сұрыптап пайдаланады. Қолданыс аясында стилистикалық әсер беретін тілдік бірліктер тыңдаушысының экспрессивтілік реакциясын тудырып отырады.
Стилистикалық әсер тудырудың екінші жағдайы адресанттың сөйлеуі белгілі мақсатқа бағытталмайды, дайындықсыз аяқ астынан тыңдаушысына әсер қалдырып, жағымды, жағымсыз реакция тудыра алады. Бұл жерде стилистикалық әсер стилистикалық тапсырмасыз орындалып отырады. Сондықтан адресанттың прагматикалық «әрекеті» толық ашылуы мүмкін, алайда адресат (қабылдаушы) бірінші жақтан алған пікірді өз пайдасына пайдаланады. Прагматиканың қарастыратын мәселелерінің бірі – « сөзді өз пайдасына шешу», ендеше адресат адресанттан алған стилистикалық әсерін өзінің прагматикалық мақсатының үшінші деңгейінде көрсетуге алады.
Стилистикаға қатысты зерттеу еңбектерде стилистикалық коннотация жоғарыда аталған стилистикалық ұғымдар мен атауларды толық қанағаттандыра алады.
Кез келген стилистикалық коннотативтілік ассоциативті бейнелік көзіне ие болады. Ал, бейнелілік, көркемдік, экспрессивтілікке жету үшін адресант стилистикалық құралдар, тәсілдер, стилистикалық тапсырма, стилистикалық бояу сияқты стилистикалық ұғымдар мен категорияларды жақсы меңгеріп, тыңдаушысына стилистикалық әсер беретін авторлы «прагмастилистикалық» іс- әрекеттің жоғары деңгейін игеруі қажет.