Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет269/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Хазіреті Айша төркінінде

 

Айша анамыз науқасынан мүлде айығып кеткен жоқ еді, бір күні Аллаһ 



Расулы отауына кіріп сәлем берді де зайыбының есімін атамастан: 

"Сырқатыңыз қалай?"-деді. 

Онан соң ләм-мим үндеген жоқ. Айша қатты ызаланып: 

"Уа,  Расулалаь!  Өмірімде  мұнша  қиналмап  едім.  Маған  рұқсат  етсең, 

төркініме барсам деп едім. Жағдайымды анам жасасын",- дейді. 

Пайғамбарымыз:  "Баруыңа  болады",-  деп  қасына  қызметші  қосып 

жібереді.  Хазіреті  Айша  ата-анасына  барып,  өзі  туралы  өсектің  анық-

қанығын  білгісі  келеді.  Анасы  ауру  күйінде  сүйретіліп  келген  қызына: 

"Жарығым-ау неге келдің?"- деді. 

Айша:  "Анашым,  жұрт  мен  жайлы  неше  түрлі  әңгіме  айтып  жүрген 

көрінеді. Неге маған айтпадыңдар?"- дейді жыламсырап. 

Анасы сабырға шақырып: 

"Еш  уайымдама  қарағым,  денсаулығыңды  ойла.  Сен  сияқты  сұлу 

әйелді,  күйеуінің  сүйіктісі  болған  әйелді  өсектемегенде  кімді  өсектейді. 

Көптің  ауызына  қақпақ  бола  алмайсың,  бұл  тіршіліктің  ағымы  солай  ғой",- 

дейді. 


"Әкем де хабардар ма?"-деп сұрайды Айша. 

"Иә". 



 

293


"Расулаллаһ ше?" 

"Ол да біледі". 

Айша  қыстығып  жылап  жіберді.  Әкесі  Әбу  Бәкір  сол  сәтте  шатырда 

Құран оқып отырған. Қызының жылаған дауысын естіп түсті. 

"Не болды?"-деп сұрады. 

"Өзіне  жабылған  жаланы  естіп  келіпті",-  дейді  Үммү  Руман.  Хазіреті 

Әбу Бәкір де көзі жасқа толып, жылауға шақ қалады. Сол күні Айша анамыз 

таң атқанша кірпік ілмей өксумен болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет