"Оларды өз (туған) әкесінің атымен атаңдар. Аллаһтың назарында
дұрысы да - осы. Әкесінің кім екенін білмесеңіздер, оларды діндес бауыр
немесе дос деп санаңдар. (Яғни бауырым не досым деп шақырыңдар.
(Ахзаб сүресі, 5-аят)".
Хазіреті Омардың ұлы Абдуллаһ бұл жайлы былай деп баяндайды:
"Біз асырап алған баланы өз әкесінің атымен атаңдар" аяты түскенге
дейін Зәйдті Харисаның ұлы деп емес, Мұхаммедтің ұлы деп атайтынбыз".
Сондай-ақ, сол аяттың үкіміне сәйкес асырап алынған балалар өгей
әкесінің мирасқоры саналмайтын болды.
Хазіреті Зәйд Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) пайғамбарлық түскеннен
кейін Хазіреті Хадиша мен Хазіреті Әлиден соң үшінші мұсылман атану
құрметіне ие болған.
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) Зәйдті ерекше жақсы көретін. "Уа,
Зәйд, сен өз бауырымызсың" дегенді жиі қайталайтын.
Жанындай жақсы көретін Зәйдті кейіннен өзінің бір кездердегі күтуші-
тәрбиешісі Үммү Әйменге үйлендіріп, бұл некеден пайғамбарымыздың
ерекше ілтипатына бөленген Хазіреті Усама дүниеге келген.
Достарыңызбен бөлісу: |