Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет97/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Тозақтың тамызығы

 

Әбу  Ләһабтың  әйелі  -  Үммү  Жәміл  де  Исламның  қас  дұшпандарының 

бірі.  Күйеуінің  көлеңкесінде  жүріп,  қаныпезерлік  әрекеттерін  тыймаған, 

азғындықта алдына жан салмаған. Құранның тілімен айтқанда ол - тамұқтың 

тамызығы.  Жүрегінің  қарайғандығы  соншалық,  пәктігімен  періштелерді 

таңдандырған  Пайғамбардың  аяқ  жолына  күн  сайын  ерінбей-жалықпай 

қураған  жантақ  шашып,  айызын  қандыратын.  Үммү  Жәмілге  қатысты  тағы 

бір оқиға: 

Пайғамбарымыз  ең  алғаш  Сафа  жотасынан  қауымын  иманға 

шақырғанда  оны  айтуға  ауыз  бармас  сөздермен  балағаттап,  тас  лақтырған 

Әбу  Ләһабтың  жиіркенішті  қылығынан  соң  Аллаһ  Тағала  тарапынан 

"Тәббат" 

сүресі 

аян 


болып, 

онда 


ерлі-зайыпты 

екі 


залымның 

оспадарсыздықтары қатаң жазаланатыны баяндалған. 

Мұны  ести  сала  Үммү  Жәміл  қаны  қарайып,  қолына  тас  алып  Қағбаға 

жетіп  келеді.  Хазіреті  Мұхаммед  (с.а.у.)  сол  сәтте  ең  жақын  досы  Хазіреті 

Әбу Бәкірмен Қағбада әңгіме-дүкен құрып отырған. Шамданып келген Үммү 

Жәміл  Хазіреті  Әбу  Бәкірді  көреді,  бірақ  Мұхаммедті  (с.а.у.)  көре  алмайды 

да: 

"Ей,  Әбу  Бәкір!  Әлгі  айнымас  досың  қайда?  Мені  сыртымнан  мазақ 



етіпті деп есіттім. Көрген жерде мына таспен аузын бұзар ем", - деп, бақ-шақ 

етіп бейпілауызданып сілкінеді. 

Иә,  Жаратқанның  жарылқауымен  Әбу  Бәкірді  көрген  бұзақының  көзі 

қасында  отырған  Хазіреті  Мұхаммедті  (с.а.у.)  көре  алмады.  Қорғап-

сақтаушысы бір Аллаһ болған соң солай болуы заңды да. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет