Сабақтың ортасы мағынаны бағалау
|
Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін бағалау тапсырмасы беріледі. Әр орындаған оқушы бағаланады.
№4 зертханалық жұмыс
«Сүректі сабақтың құрлысы»
Көрнекілігі: Ағаштың көлденең кесіндісі, қол лупасы.
Мақсаты: Ағаштың көлденең кесіндісінен (қиындыдан) жылдық сақинаны санау.
Орындауға арналған тапсырмалар
Ағаштың көлденең кесіндісін қарастырыңдар. Ондағы тозды, қабықтың бөлікті, тінді, камбийді табыңдар.
Сүректен жылдық сақинаны табыңдар. Қалыңдығы жағынан олар бірдей ме? Қандай қорытынды шығаруға болады? Қабытың бөлік және өзекті қоспай, жылдық сақинаны санап және ағаштың жасын анықтаңдар?
Біржылдық сақинаның қалыңдығы бүкіл шеңбер бойынша бірдей ме? Àнықтаңдар. Жылдық сақина әрқашанда оңтүстікке қарай қалыңдау. Жылдық сақинаның оңтүстік жағын біліп, сендер көкжиектің өзге тұстарын анықтай аласыңдар ма? Қалай? Жауаптарыңды негіздеңдер. Жылдық сақиналар арасында анық шегараның түзілуі немен байланысты?
Қандай жылдық сақиналардың жасы үлкен: қабыққа жақыны ма немесе өзекке жақыны ма? Неге?
Көлденең кесіндінің құрылымдық бөлімдерінің суретін салыңдар. Олардың атауларын жазыңдар.
|
Бағалау критерийі:
-Сабақтың ішкі құрылысын зерттейді;
(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)
|
|