Дене мәдениеті тарихы мен олимпиадалық білім пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет18/57
Дата20.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#104218
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57
Байланысты:
esmagambetov

Негізгі  әдебиеттер

[1,2]


 

 

№  9  Лекция  тақырып:  Шет  елдердегі  жаңа  уақыт 



кезеңіндегі дене мәдениеті. 

Жоспар: 


 

40 


1. Жаңа уақыттың 1 кезеңіндегі дене мәдениеті мен спорттың 

даму ерекшеліктері. 

2. Гимнастиканың  жүйелері. 

 

ХҮІІ-ХІХ ғғ. буржуазиялық революция феодалдық құрылыс 



негізінің  беделін  түсіріп  өзінің  жеңісін  қамтамасыз  етті, 

капитализм  бекіді.  Буржуазиялық  тап  осы  жаңа  тарихи  кезеңде 

прогрессивті  тап  болар  алдында  әскери  және  саяси  үстемдікті 

нығайта  алатын  адамдарға  мұқтаж  болды.  Ондай  адамдарды 

тәрбиелеу  үшін  буржуазия  жаңадан  өз  уақытына  сай  алдыңғы 

қатарлы  жүйелерді қалыптастырып және жалпы әдістерді,  соның 

ішінде  дене  тәрбиесін  дамытты.  Әскери  істе,  мәдениетте,  ғылым 

және  өнерде  қол  жеткен  жетістіктердің  нәтижесінде  дене 

мәдениеті  мен  спорт  аймағында  даму  көріне  бастады.Ағылшын 

докторы  Уильям  Гарвей  1628  жылы  ағзадағы  қанның  айналымы 

жайлы  жаңалығын  хабарлайды,  ал  1665  жылы  37  жыл  өткеннен 

соң  ағылшын  ғалымы  Исаак  Ньютон  (1643-1727жж.,84  жас) 

жердің  тартылу  күші  жөніндегі  жаңалығын  ашады.  Құлап  бара 

жатқан  алманы  бақылау  негізінде  Ньютонға  жердің  тартылу 

күшін  сезуге  көмегін  тигізді.  Осы  ашылған  жаңалық  дене 

мәдениеті  және  спортта  ғылыми  негіздердің  анағұрлым  дамуына 

негіз болды. 

ХҮІ  ғ.  Осман  империясы  үлкен  және  қуатты  мемлекетке 

айналды.  Империя құрамына Египет және  Солтүстік  Африканың 

басқа  аймақтары  кіріп,  ол  жердің  үлкен  бөлігін  қазіргі  Ливан, 

Сирия,  Израйль,  Ирак,  Йемен  және  де  Кавказдың  көп  жерін 

иеленді.  Түріктерге  сонымен  қоса  Европаның  біраз    жері  де 

қарамағына кірді. 

Түріктер батысқа ІХ ғ. көшіп, (селджуктер ХІ ғ.) таяу Шығыс 

елдерінің билеушісі болды, 1070 жылда Анталияны бағындырды, 

кейіннен ол Турция деп атала бастады.Анталия б.э.д. 5000  – 2000 

ж.ж.  шамасында  Греция,  Болгария,  Сербия,  Румыния,  Венгрия 

және  Қырымда  үстемдік  етті.  Ал,  ХҮІІғ.  аяғынан    бастап  Осман 

империясының  үстемдігі  әлсірей  бастады.  Бұған  себептер 

жеткілікті  болды.  Империя  қатты  өсіп  кетті  және  оны  басқару 

қиынға  түсті,  сонымен  қатар  басшылары  әлсіз  болды.  Олар 

империяның әскери және саяси үстемдігін нығайтатын адамдарды 

тәрбиелеумен  айналысқан жоқ. Бұған қарсы  осы кезеңде жаудың 



 

41 


үстемдігі арта түсті. Олардың қатарында Ресей, Австрия және т.б. 

мемлекеттер  болды.  Көп  елдердің  өкілдері  білімді,  мықты, 

табанды 

адамдарды  тәрбиелеу  мақсатында  жаңа  жүйе 

құрастырды.  Бұл  жүйеде  жеткілікті  орынды  дене  тәрбиесі 

мәселелері ие болды. 

Джон  Локк  өзінің  педагогикалық  көзқарастарын  мынадай 

кітапта  көрсетті,  «Тәрбие  туралы  ой»  (1693ж).  Джон  Локк  қатаң 

тәртіпті  адам  болды,  ағзаны  шынықтыру  және  денсаулық 

тәрбиесіне  көңіл  аударды.  Ол  жүзу,  семсерлесу,  ат  үстінде 

отырып жүру, есу  және желкенді спорт түрлерімен  шұғылданды. 

Ол  джентельмен  әр  уақыта  қолына  қару  алып,  сарбаз  қатарын 

толықтырсын  деді.  Тәрбиелеудегі  ең  маңызды  міндет  -    ерікті 

жетілдіру,  мінез-құлық  тәртібіне  көңіл  аудару  керек.  Тек  сол 

уақытта халық арасындағы балалар білімге жақсы көзбен қарайды 

деді.  Оның  жұмысшы  мектептер  жайлы  жобасында  «жұмысшы 

адамдардың  балалары»  нанмен  тойғанша  тамақтансын,  шіркеуге 

барсын, фабрика мен шеберханаларда жұмыс істесін деп айтты.  

Жан-Жак  Руссо  XVIII  ғ.  ағартушылары  Вольтер,  Дидро, 

Гельвеци,  Гольбахпенен  кездесті.  Руссоның  тәрбиелеу  жүйесі 

әлеуметтік  және  саяси  ілімдерден  шықты.  Ол  қазіргі  қоғам 

құрыған,  сондықтан  баланы  қоғамнан  тыс  тәрбиелеу  керек  деп 

санады.  Ондай  балаларды  тәрбиелейтін  жүйеге  феодалдар  және 

аристократтар  ерекше  мұқтаж  болды.  «Эмиль  немесе  тәрбиелеу 

жөніндегі»  трактатында  Руссо  өзінің  педагогикалық  жүйесін 

көрсетті.  Ол  12 жасқа дейін дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуді 

ұсынды.  Әсіресе  денені  шынықтыруға,  сезім  мүщелерінің 

дамуына  және  қозғалыс  дағдысы  мен  іскерлігін  дамытуға  басты 

көңіл бөлді. Толық қозғалыс бостандығына, ойындарға, суық суда 

шомылуға  кеңес  берді.  Әйелдердің  тәрбиесі  мынамен  ғана 

шектелу керек, яғни жұмсақтық, орасан зор әсемдігімен. Ол ерлер 

мен  әйелдер  өмірде  өздеріне  жүктелген  іске  байланысты  әртүрлі 

тәрбие  алу  керек  деп  санады.  Руссо  әйелдердін  ақыл-ой 

тәрбиесіне  көңіл  бөлген  жок,  оларда  бедел  мен  өзіндікті 

дамытуды дұрыс деп санамады. 

Олардың  жасаған  гимнастикалық  әдістемесі  негізгі  төрт 

бөлімнен тұрады: 



 

42 


1.  Педагогикалық  гимнастика.  Бұл  негізінен  мектеп 

жасындағы 

балалардың 

гармониялық 

құрылымын 

қалыптастырады. 

2.  Әскери  гимнастика.  Бұл  гимнастика  швед  әскерінің 

арнайы жатттығуларын қамтыды. 

3.  Әртүрлі  ауруларды  емдеуге  арналған  –  дәрігерлік 

гимнастика. 

4.  Эстетикалық  гимнастика.  Бұл  дене  бітімін  және  сезімді 

дұрыс қалыптастыруға бағыттталған. 

Сонымен  қатар  швед  гимнастикасын:  шаңғы,  коньки  және 

күрес  түрлері  толықтырды.  Швед  гимнастикасы  Америка  және 

Европаның көптеген елдерінде кеңінен таралған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет