Денешынықтыру


Ойын: «Секір-бұрыл». Мақсаты



бет155/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454
2 5339429971460884071, 2 5404868312226072430
Ойын: «Секір-бұрыл».
Мақсаты: секірген кезде бұрылу қабілетін нығайту. Күтілетін нәтиже: жасайды: музыканың ырғағымен реттеу жаттығуларын, қолды еркін ұстап кең адымдап жүруді.
түсінеді: сандықтың қандай мақсатта пайдаланылатынын, музыкаға, ойыншықтың образына сай қимылдауды, параллель қос сызықтың (ені – 15 см) ортасымен жүргенде тепе-теңдікті қалай сақтау керектігін.
қолданады: параллель қос сызықтың (ені – 15 см) ортасымен жүру, допты бір-біріне домалату, бұрылыстармен секіру қабілеті.
Құралдар мен материалдар: сандық, ұзындығы – 3 м таспа жіп – 4 дана, топтың жартысына жететіндей етіп диаметрі 20 см доптар, ритмдік гимнастика кешендерін орындауға арналған музыка.
Билингвалды компонент: сиқырлы сандық – волшебный сундучок, Сандықты тап! – Найди сундучок!, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойын түріндегі жаттығу: «Сандықты тап!». Балалармен бірге сиқырлы сандықтан тапқан ойыншықтарды зерттеу.
II. Негізгі кезең.
Ырғақты-музыкалық қозғалыстар. Ойын түріндегі жаттығу: «Бізге кім қонаққа келді?» – табанның сыртқы жағымен жүру. Тізбекте бір-бірден музыканың ырғағымен жүру жаттығуларын кезекпен орындау (музыканың ырғағы мен характері әртүрлі, әр қонақ өзінше жүреді және әрқайсысының өз музыкасы бар)
Ритмдік гимнастика: жаттығуларды музыканың ырғағымен орындау. Кешенді орындау барысында дене сымбатын бұзбай, денені тік ұстау.
Екі тізбекке тұрады.
Негізгі іс-қимылдарды ойын түрінде орындау.
Ойын түріндегі жаттығу: «Жолмен жүріп өт». Нұсқау – ырғақпен, адымды барынша кеңірек ашып жүру қажет.
«Тізерлеп тұру» қалпында допты бір-біріне домалату. Балалардың назарын допты қолмен екпінмен итеру қажеттігіне және доптың қозғалыс бағытын сақтауға аударады.
Ойын: «Секір-бұрыл». Ойын тәртібін еске салу. Балалардың жерге дұрыс түсуін қадағалау.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Педагог ҰОҚ-ны қорытындылайды. Балаларды ынталандырады. Ым-ишарамен жаттығу.
Ойыншықтармен қоштасу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет