Дәріс 1 Жалпы фармакалогияға кіріспе. Фармакокинетика.
Фармакокинетика – бөгде заттардың организмнің ішкі ағзаларда таралуының кинетикалық заңдылықтарын оқытатын ілім.
Фармакокинетика– дәрілік заттарды организмге жіберу жолдарын, олардың организмде орналасу жерлерін, организмдегі заттармен реакцияласу арқылы түзілетін метаболизмдерін, сіңуін және организмнен бөлінуін түсіндіретін фармакологияның бөлімі.
Олардың организмге фармакологиялық, терапевтикалық және токсикалық әсерлерін анықтайды.
Дәрілік заттарды организмге жіберудің бірнеше жолдары бар. Ас қорыту жүйесінің жолдары арқылы (энтералды) және одан басқа жолдар арқылы (парэнтералды) деп бөлуге болады.