Дәріс №7-8 Тақырыбы: Өсімдіктердің инфекциялы немесе жұқпалы аурулары Мақсаты


Фитопатогенді ағзалардың ие-өсімдікке мамандануы



бет15/17
Дата07.02.2022
өлшемі66,68 Kb.
#85180
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дәріс.№7-8

Фитопатогенді ағзалардың ие-өсімдікке мамандануы. Шарт- ты паразиттерге жататын көптеген саңырауқұлақтар бірнеше туыстыққа жататын өсімдіктерді ауруға шалдықтыруы мүмкін. Мұндай ағзаларды полифагтар деп атаймыз. Мәселен, Fusarium oxysporium астық тұқымдастармен қатар, мақта мен жоңышқа, картоп пен қант қызылшасы және т.б. көптеген дақылдардың тамыр шірігі немесе солу ауруларының қоздырғышы. Verticillium туысына жататын саңырауқұлақтар да көптеген дақылдардың солу ауруын қоздырады. Botrytis, Cladosporium, Sclerotinia, Penicillium туыста- рына жататын саңырауқұлақтар жемістер мен картоп, тамыр жеміс- тер мен жуашықтарды сақтау кезінде дамитын құрғақ шіріктің қоздырғыштары. Олардың сулы немесе шырышты шірігін туын- дататын Erwinia туысына жататын бактериялар да полифагтар. Бар жоғы 2-3 сөткеде ауруға шалдыққан көкөністі, картоп түйнектерін, тамыр жемісті толық шірітіп жібереді. Экстрацеллюларлы фер- менттер арқылы олардың ұлпасын өлтіріп, ары қарай дайын органикалық қосылыстармен қоректене береді.
Маманданған фитопатогендер немесе монофагтар өсімдіктің бір түрінде, немесе туысында ғана паразитті тіршілік ете алады.
Мысал ретінде қаракүйе, тат және ақ ұнтақ аурулары қоздырғыш- тарын келтіруге болады. Мәселен, бидайдың қатты қаракүйесін қоздыратын Tilletia caries, ол тек осы дақылға ғана маманданған, қара бидайды немесе басқа астық тұқымдастарды залалдай алмайды. Ustilago nuda саңырауқұлағы да солай, ол тек арпа дақылына ғана жұғады, бидай мен жүгеріде, тары және басқа астық тұқымдастарда кездеспейді. Puccinia recondita – тек бидайдың қоңыр немесе жапырақ татының қоздырғышы, арпа мен жүгеріге және басқа дақылдарға жұқпайды. Ал сабақ татының қоздырғышы Puccinia graminis саңырауқұлағына келсек, ол маманданған форма- ларға жіктеледі: sp. f. secalis – қарабидай мен арпаның, sp. f. tritici
– тек қана бидайдың сабақ татын қоздырады. Осындай мамандану Erysiphe graminis саңырауқұлағында да байқалады. Мәдени және жабайы астық тұқымдас өсімдіктердің көпшілігінде ақұнтақ ауруы кездескенмен, қоздырғыш олардың әр түріне немесе туысына маманданған формалардан тұрады. Фитопатогенді бактериялар мен вирустарға да осындай қасиет тән. Pseudomonas және Xanthomonas туыстарының өкілдері ботаникалық тұрғыдан бір-біріне жақын дақылдар тобын залалдайтын формаларға жіктеледі. Вирустар да солай, мәселен алқа тұқымдастарда маманданған вирустар астық тұқымдастарда кездеспейді.
Фитопатогенді ағзалар өсімдіктердің белгілі бір мүшелеріне немесе органотропты мамандану және өсу кезеңіне бейімделуі бойынша да жіктеледі. Мәселен, астық дақылдарының тат аурула- рын алсақ, қоңыр тат тек жапырақты ғана залалдайды, сондықтан оны көбінесе жапырақ таты деп атайды. Сабақ немесе сызықша татын алсақ, бұл ауру, көбінесе сабақта байқалады, бірақ ол жапырақ алақанымен қатар масақта да кездеседі. Бидай мен арпаның және сұлы мен тарының қатты және тозаңды қаракүйе- леріне тек қана масақ немесе шашақ шалдығады. Алма жемісінің сұр шірігі тек қана жемістерде, олар пісе бастағанда байқалады.
Кейбір аурулар жас өскіндерде ғана кездессе, ал келесілері өсімдіктің өсу кезеңі соңына қарай немесе сақтау кезінде байқа- лады. Мәселен, қызылшаның және басқа дақылдардың тамыр- жегісіне жас өскіндер ғана шалдығады, ал тамыр жемістер мен картоп түйнектерінің, бадананың ақ және сұр, т.б. шіріктері өнімді қоймада сақтау кезінде дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет