Дәріс 6. Платондық «идеялар теориясына» аристотельдік сын Мақсат: Екі ойшылдың ерекшелігін, грек философиясының жүйесін құрушыларды ашып көрсету.
1. Платон және Аристотель – грек философиясын жүйелеушілер ретінде
2. Платон релятивизмі
3. Идея теориясына сын
Платон: мінсіз мемлекет туралы ілім; идеялар теориясы; еске түсіру теориясы; үңгір бейнесі. Аристотель философиясының энциклопедизмі және оның категориялар, материя және форма туралы ілімі. Аристотель логиканың танымдағы әдістемелік маңызы туралы. Жан және ақыл-ой туралы ілім – Аристотель этикасының негізі. Адам – саяси мақұлық. Эллинизм дәуірінің философиясы: грек демократиясының дағдарысы; Сенека, Эпиктет және Марк Аврелийдің стоицизмі. Эпикуреизм және неоплатонизм.
Дәріс 7. Патристика – ескі өсиет даналығы мен грек философиясының тұтастығы ретінде Мақсат: Патристиканың антикалық ойшылдардың ілімін негізге алып, біртұтас діни-философиялық монотеистік дүниетанымды қалай қалыптастырғанын көрсету.
Жоспар:
1. Орта ғасырдағы христиан философиясының өзіндік ерекшеліктері, оның дамуының негізгі кезеңдері
2. Орта ғасыр философиясының негізін қалаушылар
3. Августиннің Құдай, адам, тарих туралы ілімі
Ортағасырлық христиандық философияның сипаттық ерекшеліктері: схоластика, теоцентризм, формализм, бейтұлғалық, сенім мен ақылдың арақатынасы туралы пікірталас. Рим-католик шіркеуінің орталықтандырылған, экономикалық, идеологиялық және саяси қуатты ұйымға айналуы. Апологетика – христиандық көзқарасты философиялық құралдар арқылы негіздеудің бірінші талпынысы. Юстин, Татиан, Тертуллианның ілімдері – христиандықты философияға қарсы қою. Оригеннің теологиялық іліміндегі неоплатонизм элементтері. Августин Аврелийдің құдай туралы ілімі. Теология ретіндегі философия. Универсалийлер туралы пікірталас. 7 Пьер Абеляр: ақыл-ойға жүгіну. Фома Аквинский: құдайдың өмір сүретіндігі туралы дәлелдерді негіздеу.