Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1,2 дәріс Тақырып: Психологияға кіріспе. Психологиядағы әдістерді жіктеу



бет13/62
Дата07.10.2022
өлшемі0,91 Mb.
#152050
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62
Байланысты:
Ä?ð³ñ òåçèñòåð³ ¹ àïòà Ä?ð³ñ òà?ûðûáû æ?íå òåçèñòåð Ñà?àò ê?ëåì³
Документ Microsoft Word, Лекции № 11-13 Гетерогенді тепе-теңдік термо-сы, 10 дәріс, application, 7ж сынып ашық сабаr
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Психология пәніне ғылым ретінде сипаттама беру

  2. Психология ғылымының даму тарихы

  3. Психикалық құбылыстардың топтастырылуы

  4. Психология ғылымының негізгі салалары

  5. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Жұмасова, Қ. С. Психология [Мәтін] : оқулық / Қ. С. Жұмасова. - 3-бас. – Астана : Фолиант, 2017. - 400 б. - (Кәсіптік білім).

  2. Егенисова А.Қ. Психология: Оқу құралы. А.Қ.Егенисова Ақтау, 2010, - 185 бет ІSBN 978-601-226-068-7

  3. Жарықбаев Қ.Б., Сангилбаев О.С. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. Алматы: Сөздік-Словарь, 2006. — 384 бет. — ISBN 9965-409-98-6.

  4. Нуркова В.В., Березанская Н.Б. Общая психология: Учебник. – Люберцы, 2016. – 524 с.

  5. Годфруа Ж. "Что такое психология". Том 1, 2 – М., 2018 – 496 с.




2

№ 3
дәріс

Тақырып: Психологиядағы психика және сана мәселесі
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Ми мен психиканың байланысы туралы түсінік.
2. Психика мен нерв жүйесінің рефлекстік табиғаты
3. Сана туралы ұғым. Сананың негізгі қасиеттері
4. Жануарлар психикасының даму жолдары

1. Ми мен психиканың байланысы туралы түсінік
Адамның психикалық әрекеттерінің, ақыл-ой санасының ағымдарының даму жолдарын білу үшін, олардың нерв жүйесінің, мидың құрылысын білу қажет. Психика – ерекше ұйымдасқан материя – мидың қасиеті есебінде пайда болады. Жоғары сатыда тұрған материяда ғана психика болады. Жоғары материя дегеніміз ми, жүйке жүйесі. Жүйке жүйесі психиканың негізі болғандықтан, оның құрылысын, әрекеттерін, өсіп дамуын білмейінше, психиканың қалайша өсіп-дамып отыратынын да жақсы біле алмаймыз. Жүйке жүйесі психикалық әрекеттердің негізі. Жүйке жүйесі адамның денесіндегі түрлі химиялық заттарды шығатын бездермен бірге адамның психика қуаттарын меңгеріп, басқарып отырады. Ол сондай-ақ адаммен сыртқы дүниенің арасындағы қатысты да басқарады. Егер жүйке жүйесі болмаса, адамның барлық әрекеттері бір-біріне байланыспай, үйлеспей бір орталыққа бағынбай әрекет етер еді. Жүйке жүйесі болмаса, оның сыртқы дүние мен қатынасы дұрыс болмай оны тануға, өзгертуге, түрлі-түрлі бейнелер туғызуға мүмкіндік болмас еді. Жүйке жүйесінің құрылысы, әрекеті, өте күрделі. Оны зерттеу оңай емес. Жүйкені зерттеу үшін ғылымда сан алуан әдістер қолданылады. Соның кейбіреуі мына төмендегілер:
1) Салыстырмалы физиология ғылымының фактілерін зерттеу.
2) Эксперименттік физиологияның фактілерін зерттеу.
3) Медициналық клиника фактілерін зерттеу.
4) Құрсақтағы ұрықтың жүйке жүйесінің өсіп-дамуын зерттеу.
Міне, осы жоғарыда айтылған әдістермен адамның жүйке жүйесі қалайша өсіп, дамып отыратындығын, мұның психикаға қандай әсері бар екендігін, яғни ми мен психиканың қандай байланысы бар дейтін мәселелерді шешуге болады.
Адамның психикалық әрекетінің қызметінің заңдылықтары, оны жүзеге асыру ерекшеліктері мен құрылысын түсіну үшін, адамның психикалық әрекет жасаушы негізгі мүшесі — адам миы қалай құрылғанын және адамның әр түрлі көріністегі психикалық өмірімен қандай қатынаста екенін білу керек.
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейронның әрқайсысының 2 тармағы болады. 1 ұзын тармақты нейрит немесе аксон. 2-шісі қысқа тармақты дендрит деп аталады. Нейронның тармақтала келіп, өзара түйінделіп бітетін жері жүйке орталығы деп аталады. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегатативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өне бойына орналасқан. Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық жүйке жүйесіне ми мен жұлыннан тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады. Жұлын жуандығы 1см, омыртқа қуысының ішіне орналасқан, ересек адамдарда ұзындығы 45 см ге дейін жетеді. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп нерв талшықтары тарайды. Олардың 1 тобы ортаға тебетін, 2-ші тобы шетке тебетін нерв деп аталады. Жұлын біздің әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым қозғалыстардың (аяқ қолды керіп созу т.б.) жұмысын басқаратын орталық болып табылады. Орталық жүйке жүйесінің 2-ші бөлігі ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда шамамен 1400 гр. болады. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми – бәрі қосылып ми бағанасын құрайды.
Сопақша ми — жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бap. Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-тұрысын басқарып отырады. Адам өмірінде ми қабығы негізгі қызметті атқарады. Ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген анализаторлардан тұрады. Мида көру, есту, қозғалыс, иіс, дәм анализаторларының жүйке орталықтары бар. Егер, ми салаларына зақым келсе психикаға да зақым келеді. Адамда мидың маңдай бөлігі жақсы дамыған. Маңдай миға зақым келсе адамның ақыл-ой процесіне зақым келеді. Үлкен мидың сол жақ жарты шарларының төменгі маңдай иір қыртысының артқы жағында «Брока кіндігі» орналасқан. Бұл кіндік адамның сөйлеу орталығын басқарады. Егер бұған зақым келсе адам дауыстап сөйлей алмайды. Қаншама сөйлейін десе де тілі икемге келмейді. Орта маңдай ирегінің жоғары жағында жазу кіндігі орналасқан. Оған зақым келсе, адам жаза алмайды. Мұндай ауруды аграфия дейді. Ал адамдардың тілі күрмеліп сөйлей алмай қалса, оны афазия деп аталады. Мидың төбе бөлігі адамның қимыл әрекетімен байланысты (кеңістікті, уақытты ажырату). Егер, осыған зақым келсе, адам үйреншікті әрекетін қайтадан жасай алмайды. Мұны апракция деп атайды. Мидың желке бөлігі көрумен, самай бөлігі естумен байланысты. Егер жоғары самай ирегінің алдыңғы жағына зақым келсе, адам музыканы есінде қалдыра алмайды, естіген сөзін ұқпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет