Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1,2 дәріс Тақырып: Психологияға кіріспе. Психологиядағы әдістерді жіктеу



бет26/62
Дата07.10.2022
өлшемі0,91 Mb.
#152050
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62
Байланысты:
Ä?ð³ñ òåçèñòåð³ ¹ àïòà Ä?ð³ñ òà?ûðûáû æ?íå òåçèñòåð Ñà?àò ê?ëåì³

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. “Тұлға” ұғымының анықтамасы мен мазмұны.
2. Тұлға құрылымына не кіреді.
3. “Индивид”, “субъект”, “тұлға”, “ жеке даралық” ұғымдарының арақатынасы.
4. Тұлғаның жас кезеңдері бойынша дамуы бағыттары
Әдебиеттер тізімі:

  1. Жұмасова, Қ. С. Психология [Мәтін] : оқулық / Қ. С. Жұмасова. - 3-бас. – Астана : Фолиант, 2017. - 400 б. - (Кәсіптік білім).

  2. Егенисова А.Қ. Психология: Оқу құралы. А.Қ.Егенисова Ақтау, 2010, - 185 бет ІSBN 978-601-226-068-7

  3. Жарықбаев Қ.Б., Сангилбаев О.С. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. Алматы: Сөздік-Словарь, 2006. — 384 бет. — ISBN 9965-409-98-6.

  4. Нуркова В.В., Березанская Н.Б. Общая психология: Учебник. – Люберцы, 2016. – 524 с.

  5. Годфруа Ж. "Что такое психология". Том 1, 2 – М., 2018 – 496 с.

  6. Зимняя И. А. Педагогическая психология. Учебник для вузов. Изд. второе, доп., испр. и перераб. — М.: Издательская корпорация «Логос», 2000. — 384 с

1

№6 дәріс

Тақырып: Іс-әрекетті психологиялық талдау
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Психологиядағы іс-әрекет ұғымы

  2. Іс – әрекеттің құрылымы

  3. Іс-әрекеттің түрлері



1. Психологиядағы іс-әрекет ұғымы
Iс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсендi қатынасының бiр формасы немесе қоршаған орта мен субъектiнiң өзара қатынасының динамикалық жүйесi. Iс-әрекет – адамның әлеуметтік ортада мақсатқа бағытталған белсенділігі. Тірі материяның өлі материядан, жоғары формалардың төмен формалардан айырмашылығы – белсенділікте.
Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын адам алдына бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады.
Затқа бағытталған және белгілі мақсат көздеген қозғалыстарды әрекет деп атайды. Әрекеттің ең қарапайым түрі зат арқылы жасалатын әрекет. Бала тамақты қасықпен ішуді, қолын сабындап жууды үйренеді. Біртте-бірте затты игеруді үйреніп әрекетін жетілдіре береді. Психологияда әрекеттің екі түрі болады, бірі дененің затпен айналысу әрекеті, сыртқы моторлық, және ақыл- ойдың (ішкі психикалық) реалдылықпен әрекеті.
Кеңес психологтары Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев зерттеулерінде ақыл- ой әрекеті әуелде сыртқы заттық әрекет түрінде көрініп, бірте-бірте ішкі психикалық амалға ауысатынын көрсетеді. Сырқы әрекеттің ішкі амалға ауысуы интериоризация деп аталады. Мысалы, бала санауды үйренеді, әуелі таяқшаларды санайды, бір-біріне қосады, соңынан таяқшалар керек болмай қалады. Есептеу заттан, сыртқы әрекет түрінен ауысып, ақыл-ойдың ісіне айналады.
Ақыл-ой әрекетін игерген адам өзі тындырмақ болған іске, сыртқы әрекетке кіріспес бұрын әуелі ой елегінен өткізіп алады, көзге елестетіп көреді, сөзбен сипаттайды. Ақыл-ой әрекетін заттық әрекет түрінде сыртқа шығару экстериоризация деп аталады. Сөйтіп сыртқы іс-әрекет ішкі іс-әрекеттің бақылауымен жүргізіледі.
Ортақ мақсатқа жету үшін біріккен және белгілі бір қоғамдық міндетті атқаратын әрекеттер жиынтығы іс-әрекет болып саналады. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі байланыс бар. Психика іс-әрекетте қалыптасады. Екінші жағынан – психика әрекет пен қоғалысты реттеуші қызметін атқарады. Бұл реттеу психикалық бейнелеудің әр түрлі дәрежесінде жүзеге асады.
Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы болып – оның мағыналығы саналады.
«Мағынасыз әрекет» деген ұғымға ешқандай түсінік берілмейді. Әр бір адам іс- әрекет кезінде белгілі бір жайларға байланысты және қандай да бір мақсат көздеп қимыл жасаушы ретінде әрекет етеді. Іс-әрекетке жету үшін іштей талаптану жеткіліксіз. Бұл үшін іс-әрекет обьектісін білу қажет, сондай-ақ талаптануды мақсатпен ұштастыра білу керек. Мотив-мақсат болатын ортада іс-әрекеттің әлеуметтік және таптық себептері ерекше айқын байқалады. Іс- әрекет арқылы табысқа жету сәтсіздікке ұшырау адамның бойында қалыптасқан ерекшеліктер арқылы електен өтіп барып, одан әрі іс-әрекетке әсер етеді. Табыс адамды қанаттандырады, көңілін өсіреді, 2-ден тоқмейілсу туғызады. Іс-әрекеттің қандайы болсын адамды қажытады. Қажу қызмет атқарушы орган немесе организм күшінің іс-әрекет процесінде табиғи таусылуы. Шаршау қажыған адамның көңіл күйі. Тынығу іс-әрекет түрін ауыстыру, күшті қалпына келтіру іс-әрекетті одан әрі жалғастыруға мүмкіншілік жасайды. Қажуда жұмыс қарқыны баяулайды және сапасы төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет