Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1,2 дәріс Тақырып: Психологияға кіріспе. Психологиядағы әдістерді жіктеу



бет38/62
Дата07.10.2022
өлшемі0,91 Mb.
#152050
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62
Байланысты:
Ä?ð³ñ òåçèñòåð³ ¹ àïòà Ä?ð³ñ òà?ûðûáû æ?íå òåçèñòåð Ñà?àò ê?ëåì³

Зейін тәрбиесі. Зейіннің біздің бүкіл психикалық өмірімізде айқындалатынын білеміз. Сондықтан зейіннің жақсы жұмысы әрбір іс-әрекеттің, қызметтің міндетті шарты болып табылады. Жақсы зейіннің бірінші шарты –адамның күрделі мен тұрақты мүдделердің, қалаулардың болуы. әр зейін мүддеге байланысты екенін білеміз; ырықсыз зейін – тура мүдденің әрекеттің өзіне, ырықты – мүдденің осы зейіннің нәтижелеріне бағыты. Екіншіден, зейіннің қалыптасуына – кез-келген уақытта кез-келген затқа зейіннің шоғырлануына керекті қасиеттерді өзінде еріксіз жаттықтырып қолдан келуді мәжбүр ету. Зейінді өзінің тіл алғыш құралы ретінде қолдану керек. Зейін емес, адамның өзізейінінің қожайыны болу керек. Зейін қалыптасуының 3-ші шарты - өзіне қолайсыз жағдайларда жұмыс істеуді үйрету. Алаңдататын қозулармен күресіп, адам өзінің зеінін жаттықтыру жолында оны күшті және төзімді жасайды. 4-ші шарт – зейінділіксіз ешқашан жұмыс істемеу. әр зейінділіксіз жұмыс адамды зейінсізділікке үйрететінін сақтау керек.
Соңында, ең соңғы шарты – адам өзінің зейінінің ерекшеліктерін, оның күшті мен әлсіз жақтарын білу тиімді. Зейіннің кемшіліктерін толық жою үшін адам өзін жетілдіру қажет. Кемшіліктердітүсінбей осы жұмысқа кірісуге болмайды.
Зейіннің нейрофизиологиялық механизмдері
Зейіннің нейрофизиологиялық механизмдері бағдарланушы рефлекстің пайда болуымен бас ми қырының белсенді локальді процестерімен, сондай-ақ организмнің эмоциялық жағдайы мен биологиялық қажеттіліктерімен байланысты. Осыған орай, зейіннің әр түрлі кезеңдері – диффузиялықтан жоғары араласқанға дейін – анықталған, деңгей жағынан әр түрлі сергек жағдайымен алмастырылады, зейін мен сергектіктің жалпы нейрофизиологиялық механизмдерінің бар екендігін білуге болады. Таңдаулы зейін тым жоғары сергектіктегі емес, жоғары деңгейдегі жағдайда мүмкін болады, ол ЭЭГ-де сирек кездесетін синхронды альфа-толқынды топтың жоғары жиіліктегі десинхронды төменгі амплитудалы тербелісті көрсетеді. Зейіннің диффузды түрі ЭЭГ-де анық көрінетін синхронды альфа-ритмді әлсіз сергектік жағдайға сәйкес келеді. Шашыраңқы зейін, алаңдау, шоғырланудың қиындығы күшті эмоциямен байланысты жоғары қозу жағдайында пайда болады, осыдан ЭЭГ-де десинхронды жоғары жиілікте төменгі амплитудалы электрлі белсенділік тіркеледі.
Көптеген зерттеушілер сергектіктің әр түрлі жағдайларын, зейін мен сана формаларын реттеудің анатомиялық субстарты болып ми қыртысының әр түрлі ретикулярлы формациясы диффузды таламустік жүйе, оның қабық проекциясы, субталамус және гипоталамус болып табылады деп есептейді. Ерекшелігі жоқ таламусты жүйе бір тітіркендіргіштен екіншіге көнілді аударатын және сезгіштік қабілетті филтрлі механизм ретінде қарастырылады.
Ақпаратты сұрыптау-іріктеуді, қабылдау, зейін және сананың таңдамалы формаларын реттейтін механизмдер жүйесіндегі орталық аймақ – қыртыстың ассоциативті аймағы болып табылады.
Зейіннің түрлі формаларын реттеуші, физиологиялық механизмдер ауыспалы жүйе ретінде, градуальді ауысу принципі бойынша, қызмет атқарады. Таңдаулы сенсорлы зейінде, сондай-ақ, интеллекттілік зейінде зейіннің сөздік реттеуін қамтамасыз ететін қыбықтық-фронтальді аймаққа ерекше мән беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет