Ф.Ницше және оның «билiкке деген еркi» “Өмiр философиясының² шеңберiндегi немiс философы Фридрих Ницшенiң (1844-1900 ж.ж.) еңбектерi ерекше орын алады. Егер А.Шопенгауер әлемдiк Ерiктi болмыстың алғашқы негiзiне жатқызса, Ф.Ницше Ерiк категориясына әлеуметтiк-моральдық мән-мағна берiп, оны “билiкке деген ерiк² ретiнде түсiнедi. Оның ойынша, өмiр билiктi неғұрлым жете сезiнгiсi келедi. Егер А.Шопенгауердiң “Әлемдiк Еркi² бiреу ғана болса, Ф.Ницше ондай монистiк көзқарастан бас тартып, ерiктiң көптiгiн (плюралистiгiн) сол себептi олардың бiр-бiрiмен бiтпейтiн күресте екендiгiн мойындайды. Үшiншi ерекшелiгi, А.Шопенгауер адам ерiктен бас тартып қана өзiн сақтай алады деген болса, Ф.Ницше, керiсiнше, адам, егер ол құл емес, нағыз адам болса, билiкке деген еркiн өмiрге еңгiзедi, сол үшiн кұреседi.
“Не жақсы ,- деген сұрақ қойып, Ф.Ницше оған - “билiкке деген сананы, iңкәрдi, сол адамның билiгiнiң өзiн күшейтетiннiң бәрi²,- деп жауап қайтарады. “Не жаман ,- деген сұраққа,- әлсiздiктен шығатынның бәрi,- дейдi. “Ақыл-ой арқылы жүретiн дүниетанымдық iс-әрекет билiкке деген ерiктi күшейте ме?²,- деген сұраққа - Жоқ, өйткенi интеллектiң басымдылығы билiкке деген ерiктi, оның ұмтылысы мен iс-әрекетiн әр-түрлi ойдың толғаныстарымен ауыстырып тоқыратып тастайды. Мораль да “басқалардың қамын ойла²,- деп билiкке деген ерiктi әлсiретедi.
Билiкке деген ерiк - күштiнiң құқының негiзiн құрайды. Күштiнiң құқы неше-тұрлi қоғамда қабылданған моральдық, дiни т.с.с. нормативтiк ережелерден биiк болуға тиiстi, сондықтан, нағыз адам осы қағиданы өз өмiрiнде ұстауы қажет. Социализм адамдардың арасында теңдiк болу керек деген қағиданы таратады. Бiрақ, ол өмiрдiң терең мәнiн құрайтын билiкке деген ерiктi құртады - сондықтан, ол керек емес. Демократия да билiкке ұмтылған адамдардың мұддесiне қарсы, өйткенi, тобыр қайсыбiр билiктi ұнатпайды, яғни олар күштiнiң құқына қарсы тұрады. Ал, еркек пен әйелге келер болсақ, табиғат еркектi күштi қылып жаратты, олай болса, оған билiкке деген құқты бердi. Сондықтан, қайсыбiр еркек пен әйел арасындағы теңдiкке деген ұмтылыс - қоғамның iрiп-шiруiнiң көрiнiсi.
Жоғарыда көрсетiлген көзқарас Ф.Ницшенiң моральдық iлiмiнiң негiзiнде жатыр. Моральдың негiзгi ұғымдары - жақсылық пен жамандық - тарихи күштiлер, жақсылардың - әлсiз, жамандарға қарағандағы артықшылдығынан шығады. Осы ойын дәлелдеу ретiнде ол моральдықты көрсететiн сөздерге талдау жасап, немiс сөзi “shlecht² - жаман, тұрсiз ,- деген мағна берсе, оған жақын “shlicht²,- деген сөз де “қарапайым адам²,- деген мағна бередi деп қорытады. Тарихи бай, атақты, асылдарды көрсететiн ұғым “жақсылық² пен теңелiп, кедейлiк, қарапайымдық “жамандық², “залымдық² деген ұғымдарды тудырды деп есептейдi Ф.Ницше.
Мыңдаған жылдарға созылған тарихта кедейлер мен құлдар өздерiнiң моральдарын бұкiл қоғамға таңуға тырысты. Оны ол “құлдардың моральдағы көтерiлiсi² деп атайды. Ал оны жасаған дұниедегi ең “теоретикалық халық² - еврейлер. Олар қоғамның “құндылықтарын қайта бағалап² аристократиялық бiр-бiрiнен туатын “жақсы - асыл - күштi - әсем - бақытты - құдайдың сүйгенi² деген құндылықтарды толығынан терiске аударып, оған қарама-қарсы “тек бақытсыз адамдар - жақсылар², “кедейлер, әлсiздер, төмендегiлер ғана жақсылар², “тек зардап шеккендер, қайыршылар, аурулар, мүгедектер ғана тақуалар, масайрауға лайықты адамдар²,- деген қағидаларды ұсынды.
Ф.Ницшенiң ойынша, иудео-христиандық моральды толығынан “қайта қарап², “мырзалардың моральдық құндылықтарын² тағы да өмiрге еңгiзу керек. Оның негiзiнде мынандай қағидалар жатуы қажет : 1. “өмiрдiң құндылығы²- сөзсiз негiзгi құндылық; 2. Адамдар бiр-бiрiмен табиғи түрде теңсiз болып жаратылған; 3. Күштi адамдар моральдық борыштан бос, ешқандай моральдық талаптармен байланысты емес.
Жоғарыдағы көрсетiлген моральдық құндылықтарға сәйкес келетiн адам әлi дүниеге келген жоқ. Егер, дүниеде болған қайсыбiр жануардың түрi өмiрден жойылардың алдында өзiнен жоғары тiршiлiктi тудырса, адам өзiнен жоғары пәнденi тудыра алмай отыр. Өйткенi, адам - ауру жануар. Оның алғашқы табиғат берген инстинктерi сөнiп, оның орнын сана алды. Ал, ендi, Ф.Ницшенiң ойынша, “адамнан жоғарының² дүниеге келуге уақыты келдi. Ол - “аққұба әзәзiл². Тұқым қуу жағынан алғанда , олар “арий нәсiлiнен² шыққан адамдар (нордикалық тип). Ал моральдық жағынан алғанда, олар бiр-бiрiмен ұстамды, кiшiпейiл, назды, мейiрiмдi. Басқаларға олар тағы, ауыздығы жоқ жануарлардан да жаман сияқты. Басқаларды көргенде олар жыртқыштың алғашқы күнәсiз ұжданына қайта оралғандай болып сезiнедi - өлтiредi, жағады, зорлайды, құртады - ендi оларды жыраулар көп уақыт бойы өздерiнiң өлеңдерiнде жырлайтынына кәмiл сенедi.
Ал ендi “адамнан жоғарылардың² сыртқы кейпiне келер болсақ, олардың “туа бiткен асылдығы² бiр қарағанда-ақ көрiнiп тұрады. Осы қасиет бұгiнгi таңдағы саудагерлер мен фабриканттарға қалайша жетпей тұр десеңiзшi,- деп қынжылады Ф.Ницше. Егер басшының сыртқы түр-әлпетi оның асылдығын көрсетiп тұрса, онда “тобыр² оған көнуге әрқашан да дайын. Ал егерде ол жоқ болса, онда тобыр адамы “кездейсоқты келген бақ пен байлық қана адамдарды көтередi²,- деген ойға келiп, олай болса, “бiз де өзiмiздiң бағымызды сынап көрейiк²,- деген жаман ойға өтуi мұмкiн. Ал бұл ой социализмдi әкеледi,- деп қорытады Ф.Ницше. Әрине, Ф.Ницшенiң бұл ойларына фашизм идеологиясының бiршама жақтары жақын екенiн мойындамай болмайды.
Ф.Ницшенiң христиан дiнiндегi моральдық қағидаларға қарсы келуi, осы кездегi ғылым мен техникадағы ашылған жаңалықтар, ойшылдан бұрын өмiр с²рген ағартушылардың дiнге қарсы бағытталған iс-әрекеттерi - барлығы жиналып оның “Құдай өлдi!²,- өйткенi, Құдайға сенудiң өзiне сенбеушiлiк пайда болды деген тұжырымға келуiне себеп болды. Болашақта, Құдайдың орнын “адамнан жоғары² пәнде алады деп қорытады Ф.Ницше.
Әрине, Ф.Ницшенiң философиясы қайшылықтарға толы, ешқандай бiтұтастық жүйелiгi жоқ, әр-тұрлi өз заманының өзектi мәселелерiн көбiне көркем сөзбен берген көзқарас. Бiрақ, соған қарамастан, Ф.Ницшенiң өз заманының әлсiз жақтарын сынауы, нағыз тұлғаның әрқашанда қол астындағы болмыстың шеңберiн тиiстiлiк негiзiнде аттап өту қажеттiгiн көрсетуi т.с.с. ойлары болашақ философиялық ағымдарға үлкен әсерiн тигiздi.