Сократ ілімі. Сократ (469-399 б.ғ.д.) Афина қаласының қарапайым адамдарының жанұясында дүниеге келеді. Өз заманының халық силайтын, сонымен қатар, байлары мен билері үрейлене қарайтын ірі тұлғасы болса керек.
Сократ жөнінде тарихта әр түрлі пікірлер қалған Аристофанның “Бұлттар² деген комедиясында Сократ “өтірікпен шындықты жеңетін² софистердің біреуі деп қөрсетілсе, Ксенофон оны заңды сүйгіш, әдет-ғұрыпты силаған адам ретінде, ал оның оқушысы, шәкірті Платон ең ақылды кемеліне келген дана ретінді сүреттейді.
Сократ жазба еңбектерді қалдырмаған адам. Байлық қумаған. Сондықтан, өз заманының софистерін олардың ақиқатты тым салыстырмалы қылғаны үшін жек көрген.
Сократ софистердің “Адам-өлшем² деген тұжырымдарымен келіседі, бірақ ол нақтылы, өз заманының пайда іздеген адамы емес, ол адам- тек ретінде алынғандағы адам.
Сонымен оны негізінен толғандыратын мәселелер : олар - адам табиғаты, оның терең мәні.Оның айтуынша, адамның терең мәні – оның жан-дүниесінде. Ал адамның жаны – ол оның ойлауға деген қабілеті, оның парасаты, адамгаршілікке негізделген жүрыс-тұрысы мен іс-әрекеті.
Адамды дене ретінде емес, сана ретінде түсіну керек. Ол өз-өзін санасы арқылы сынай алатын, ар-ұжданы бар тұлға. Олай болса, адамның жан-дүниесін тәрбиелеу қажет, оны өсіп-өндіруіміз керек. Өз қаласының адамдарына арнап ол былай дейді: сендер өз денелеріңді я болмаса байлықты, басқа керек заттарды бірінші ретте ойламаңдар, ең алдымен өз жан-дүниелеріңді тәрбиелеп өсіріп, тазалаңдар, өйткені ізгілік байлықтан емес, байлық пен басқаның бәрі ізгіліктен шығады,- дейді.
Сократың ойынша, ізгілік (даналық, әділеттілік, тұрақтылық, қанағаттылық т.с.с.) әрқашанда білім, ал залымдық - надандық.
Ешкімде саналы түрде жамандық жасамайды, ал жамандық жасайтындар оны білмегендіктен жасайды.
қзгілік дегеніміз жақсылықты білу және соның негізінде іс-әрекет ету; батылдық – ол қауып төнген жағдайда не істеу керектігін білу; әділетті адам өзінің мемлекет пен қарым-қатынасын біледі т.с.с. Оның себебі, ізгіліктің табиғаты жөнінде адамдар ойланбайды, өйткені, олардың көпшілігі әдет-ғұрып арқылы беріледі. Ал егерде біз оларды ақыл-оймен танып білсек, онда біз өзіміздің жан-дүниемізді байытып жамандыққа бара алмаймыз.
Әрине, ізгіліктен ауытқу, күнәға бату – ол тек қана білмегендіктен шықпайды, ол адамның еркімен де тығыз байланысты. Бірақ ерте замандағы адамдарға ерік әлі таныс емес, оны тек Орта ғасырдың діни ойшылдары ғана ашқан болатын.
Сократтың ойынша, адамның ең тамаша қасиетінің бірі - өз-өзін ұстауы. қандай көңіл-күйде болсаң да – шаттық, қайғы-қамығуда да, неше түрлі құштарлықта да адам өзін-өзі билеп ұстауы қажет.
Сократ грек ойшылдарының бақыт жөніндегі түсініктерін тереңдете түсті. “Менің ойымша тек ізгі адам бақытты; шындығы жоқ, арам пиғылды - әрқашанда бақытсыз².
Сократ адамның жан-дүниесінің терең мәнін ашып қана қоймай, сонымен бірге оны жетілдірудің жолын көрсетті. Оның жолы – ирония мен маевтика. Ирония дегеніміз сұхбат барысында білмеген сияқты болып талқыланып жатқан мәселе жөніндегі қарсыда отырған адамның тұжырымдарының неше түрлі сұрақтар арқылы ішкі қайшылығын ашып, ең ақырында оны “Менің білетінім тек қана ештеңе білмейтінім²,- деген ойға әкелу. Бірақ мұнымен сұхбат бітпейді. Егер осы сатыда әңгіме бітсе, адам толығынан күмәнға батып, дүниеде не істерін, қалай өзін ұстайтынын білмес еді.
Сұхбаттың екінші сатысында маевтика басталады. Ол сәбидің Дүниеге келуіне көмектесетін кіндік шешенің қызметі сияқты. Бірақ сәби емес, Дүниеге ақиқат келеді. Ол үшін жоғарыдағы талданған мәселе жөніндегі пікірлер салыстырылып, олардың ішіндегі ақиқатқа әкелетіндері алынады.
Бірақ, Сократтың мақсаты – одан да әрі тереңдеу. Қандай мәселе талқыланбаса да әңгіме ақырында адам өмірінің мән-мағнасына келіп тіреліп, осы мен қалай өмір сүріп жатырмын, не істеп – не қойдым, менің ар-ұжданым таза ма т.с.с. деген сұрақтарға әкеледі. Міне, негізгі мақсат енді ғана орындалды, осы уақытқа дейін өзінің жан-дұниесі жөнінде ойланбай келген адам іштей тазарып, өмірге басқа көзбен қарай бастайды.
Олай болса, адамның өз-өзін танып-білуі – оның ең биік мұратына айналуы керек. Сонда ғана адам мен қоғам арасындағы қайшылықтар шешіледі. Ол үшін адам күнделікті өмірдегі “ұсақ мәселелердің² жолын табуы емес, ол бүкіладамзаттық ақиқат деңгейіне көтеріліп, өзінің жан-дүниесін толтыруы керек. Бұл пікірді қолдайтын бір аңыз бар. Сократтан “Сіздің туған жеріңіз қайда? – деп сұрағанда, ол “Мен ғарыштанмын² – деп жауап берсе керек. Сократтың ұлы тұлғалығы, міне, осында.