Жобалауда идея мен оның жүзеге асырылуын бірлікте қарау -
өте
маңызды нәрсе және осы сапаны жобалау әрекетінің мәндік негізі деп
санауға болады. Оның бірнеше себептері бар. Мысалы алғанда, жобаның
идеясы мен оны жүзеге асыруда бірлікте қалау жобаның ерекше өзіндік
белгісі: жобаны жүзеге асыру барысында екеуінің біреуін ғана өзгертуге
болмайды. Олардың өзгерістері бірдей болуы тиіс. Тіпті, бастапқы идея мен
оның жүзеге асырылуының өзара тығыз байланысы субьектінің жобалау
әрекеті субьектісінің одан әрі дамуы басталатын нүктені құрайды. Идеяны
орындау қаржы мен құралдарды топтық жұмысты, уақытты басқаруды қажет
етеді. Жоба барысында алынған өнім қиялдан туған, орындалмас арман
ретінде емес, белгілі бір ойлау деңгейін талап етеді.
Мысалы, егер өнім компьютерлік бағдарлама құрастыру көздесе, ол
бағдарлама аяғында шынайы жұмыс ретінде белгілі бір уақытта орындалуы
тиіс, немесе мерекеге арналған сценарий де, химиялық тәжірибе де,
ландшафт картасы да белгіленген тәртіппен, белгілі бір уақыт ішінде даяр
болып, іске асыруға тиімді болуы тиіс.
Жобалау тобында креативті адам да, орындаушылар да, басқарушылар
да болуы мүмкін. Жобаның сәттілігі оның идеясы мен мазмұны сәйкес
ұйымдастырылуына байланысты. Жобаның ортақ болуына байланысты
ондағы орындалу әрекеттері де ортақ болуы тиіс. Жоба мен топ организм
ретінде болғандықтан олардың мазмұны бірге асырылғаны жөн, бұл
жағдайда адамдар өзі үшін жауапкершілік алуы тиіс.
Жоба және жобалаушылар, бірлігі және «идея – оны орындау» бірлігі
жүзеге асырылғанда ғана жобалау әрекетінің тиімділігі артады. Осы бірлікті
қатаң сақтау арқылы жауапкершілік қалыптасады.
Егер жобалауды өз бетімен жіберіп, оқушылар әрекеттері ересектер
тарапынан қадағаланбаса, балалар қиялдау мен шынайылықтың арасын
айыра алмай қалуы, тек қиялға беріліп кетуі мүмкін. Бұл төменгі класс
оқушыларына тән құбылыс. Өйткені балалардың өз алдына белгілі бір
мақсат қойып, орындауға күш жұмсауы, психологтардың айтуынша,
негізінен 15 – 16 жастан ғана басталады.
Осылайша, «Жобаның идеясы мен орындалуының бірлігін» түсіне
отырып, соған сүйеніп жұмыс істеуді оқушылар жобалау әрекетінің
басталуы бөлігінде қолдарынан келмеуі мүмкін. Педагогтың міндеті –
оларды орындалмайтын қиялдаудан, тек орындаушылық қана әрекеттерден
сақтандырып отыру. Оны белгілі бір пән шеңберіндегі жобалау (өйткені пән
мұғалімі өз пәнінің қыр – сырын жақсы біледі) немесе сабақтан тыс
жұмыстарды жобалау арқылы қалыптастыруға мүмкіндік көптеу болады.
Бұған керісінше, пәнаралық жобалауды ұйымдастыру қиынырақ дей аламыз,
оның себебі, ондай жобаларда бірнеше педагогтардың бірлескен
әрекеттерінен тұрады, соған орай жобаның нәтижелі болуы қатысушы
педагогтардың өзара тіл табыса алуына да байланысты.
Жобаның екі жағын құрайтын жобалау идеясы мен жоба өнімін
байланыстыратын тағы бір жері – іс - әрекет туралы шешім қабылдау
барысы. Жобалау мәдениетін қалыптастырудың және қатысушылардың
қабілеттерін дамытудың басты шараларының бірі – іс - әрекет жасау үшін
шешім қабылдау фактілері. Адамның жобалау туралы шешім қабылдауының
өзі оның өзіне жауапкершілік алуы, оның болуы мүмкін қиындықтары мен
проблемаларын біле отырып, оны өз мойнына алуы адамның белсенділігін
көрсетеді және ол жобалау барысында қалыптасатын жаңа сапаларына негіз
болады.
Мектеп оқушыларының жобалау әрекетін алатын болсақ, білім беру
үрдісінде жүзеге асырылатын жобалардың қиындық туғызбаушылығы алдын
ала ойластырылып, жобалауды ұйымдастыруда оқушылар үшін барлық
жағдайлар жасалады. Сондықтан оқушылар үшін «шешім қабылдау» процесі
арнайы ұйымдастырылады. Оны оқушылардың өз таңдауына салып, оларға
«шешім қабылдаушылық» немесе «педагогтың айтқанын орындаушылық»
рольдерінің бірін таңдауларын ұсынуға да болады. Қалай болғанда да
оқушылар мұғалімдердің бағалауына, қолдауына, сыныптастарының
алдындағы беделіне немқұрайлы қарай алмайды.
Сондықтан жобалау әрекеті дәстүрлі оқытуды түгелдей ауыстырады
деп айтуға болмайды. Оқушыларға таңдау мүмкіндігі үнемі беріліп отыруы
керек,
бұл
әсіресе
жасөспірім
шақта, негізгі
мектепте үнемі
ұйымдастырылған жөн. Бастауыш мектептердегі мини – жобалар баға
қойылмайтын және еркін қатысу жағдайында орындалуы тиіс. Негізгі
мектепте жобалау оқушылардың жетекші әрекеттері деп есептеліп, білім
беру әдісі ретінде оқыту барысында кеңінен қолданылғаны дұрыс.
Жоба
оқушыларға
тапсырма
ретінде
педагог
тарапынан
ұсынылғанымен, онда таңдау мүмкіндігі белгілі бір деңгейде болуы тиіс.
Мысалы,
оқушылар
жобаның
күрделілік
деңгейін,
мерзімін,
тапсырмалардың альтернативаларын, т.б таңдауына болады. Таңдау
мүмкіндіктерін педагог өзі де анықтай алады. Әсіресе оқушылар жобаны
орындауға тапсырма алады, бірақ оның қандай пән шеңберінде орындайды,
оған қатысушыларды таңдау қалай жүреді т.б. Негізгі мектеп оқушылары
әртүрлі жастағы балалардан құрылған топтарды қамтитын үлкен масштабы
жобаға да қатысуға таңдау жасай алады. Ондай жұмыстар педагогтардың
бірлескен әрекеттерін, олардың өзара келісімге келе білулерін, жалпы
педагогикалық ұжымның қатысуын қажет етеді, сондай – ақ, жобалау
біртұтас білім беру кеңістігінде орындалатындықтан оған әкімшілік міндетті
түрде қатысуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |