2. Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері Кәсіпкерлік субъектісі: 1. Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары (қызметтері заң талабына сай болса ғана).
2. Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттілігі шектеулі тұлғалар.
3. Азаматтық бірлестіктер:
Кәсіпкерлік қызмет төмендегідей екі нысанда жүзеге асады: 1.Меншік иесінің өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі негізінде. 2. Кәсіпорынды меншік иесі атынан басқару. Меншіктің мұндай ережелері өзара міндеттерді анықтай отырып, келісім арқылы реттеледі.
Бұл келісімде:
мүлікті пайдаланудың құқықтарын шектеу;
әртүрлі қызметті іске асыру;
материалдық жауапкершілік пен өзар а қаржылық қарым-қатынас шарттары мен тәртіптері;
келісімді сақтаудың негіздері мен шарттары жасалады.
Меншік иесінің келісім жасалған сәттен бастап кәсіпкердің іс-әрекетіне араласуға құқығы жоқ (алдын-ала келісімдер мен кәсіпорынның жарғысында және заңда көзделінген жағдайларды қоспағанда)
Кәсіпкердің құқықтары:
келісімнің бастамаларын жүзеге каржы-қаражат тарту;
интеллектуалды меншік объектілерінің, азаматтар мен заңды тұлға-лардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау;
өндірістік бағдарламалар жасау;
өз өнімдеріне тұтынушылар мен жеткізіп берушілерді таңдау;
Қазақстан Республикасының заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға белгілеуді реттеу;
сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;
кәсіпорындарды басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді жолға жою;
кәсіпорын иесінің атынан қызметкерлер жалдау және оларды жұмыстан босату.
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Умбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік. - Астана, 2005
2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. Нормативтік актілер жиынтығы - Алматы: ЮРИСТ, 2006.
3. Абдильдин С.А. «Агробизнесті ұйымдастыру», Алматы. 2001.