Дәрістің жоспары: Дентальды имплантация Имплант түрлері Көрсеткіштері, имплантатты қолдануға қарсыкөрсеткіштері Дентальды имплантацияны жүргізудің әдістері Дентальды имплантацияны жүргізуден кейінгі асқынулар


Дентальды имплантация жасау әдістемесі



бет13/14
Дата14.02.2022
өлшемі2,46 Mb.
#131712
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
БӨҚ

Дентальды имплантация жасау әдістемесі

  • Дентальды имплантация жасау әдістемесі
  • Имплантация операциясын жергілікті сирек жағдайда жалпы жансыздандырумен жүргізеді. Жергікті анестезиямен операцияны орындағанда премедикация үлкен роль атқарады. 40 мин алдында бұлшықет ішіне промедол, атропин, реланиум немесе седуксен енгізеді. Жалпы наркоз жүйке жүйесі лабилді науқастарға, сонымен қатар 4 имплантаттан көп енгізетін жағдайда және операция ұзақтығы 3 сағаттан көп болса көрсетілген. Операцияға бір күн қалғанда науқасқа антибиотик, сульфаниламид препараттарын тағайындайды. Науқас операцияға бір сағат қалғанда тісін тазалап, тілдің арқасынан щетка және тіс пастасының көмегімен жабындыны алып тастауы қажет. Операциядан кейін 2-3 сағатқа беттің операция жасалған аймағына мұз, көрсеткіш бойынша анальгетик, кейінгі 5 күнде антибиотиктер, сульфаниламидтерді тағайындайды. Операциядан кейінгі бірінші күні науқасты имплантат басының аймағында қан ұйындыларын тазалау үшін және жарақат тазалығын жүргізу дәрігер қарауы қажет; тісті тазалап, сонымен қатар күніне 15-20 рет антибиотиктердің әлсіз ерітіндісімен шаюы керек. Әрі қарай қарау күнара жүргізіледі, жараны 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен өңделеді, ал тігіс жолағына бриллиант көгінің сулы ерітіндісін жағады. Тігісті 7-8 күннен кейін алады. Имплантат басын міндетті түрде тіс щеткасы және пастасымен тазалап тұру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет