Дәрістің мазмұны


Адам жайындағы ғылым жетістіктері, соның ішінде психология және педагогика ғылымдары



бет48/113
Дата23.04.2020
өлшемі171,37 Kb.
#64291
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   113
Байланысты:
Д рісті мазм ны Педагогика толык лекциялар
ҚІЖҚ, ЗАҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ, метод-лек-Гигиена-дет-подр-ОЗ-каз, Русский язык. Лекции 1 курс, Педагогикалык шеберлик УМКД, Лекция №44 Омонимы, паронимы в русском языке., педагогикалық зерттеулер әдістемесі, педагогикалық зерттеулер әдістемесі, педагогикалық зерттеулер әдістемесі
Адам жайындағы ғылым жетістіктері, соның ішінде психология және педагогика ғылымдары. Психология психика дамуының заңдылықтарын және табиғатын зерттейді. Психиканың дамуын нақты ситуацияларда зерттейтін психология ғылымының салалары бар. Мысалы, әлеуметтік психология топтағы тұлғаның іс-әркеті мен өзара әрекеттесудің ерекшеліктерін зерттесе, педагогикалық психология оқыту мен тәрбиелеудегі тұлғаның психикасы мен оның әлеуметтік тәжірибені меңгеру ерекшеліктерін зерттейді. Педагогика адам психикасының бағытталған өзгертудің шарттарын, тәсілдерін және заңдылықтарын зерттейді. Психология педагогика ғылымынсыз өмір сүре алады, бірақ оның практикада қолданылу аясы шектеледі. Бірақ педагогика психологиясыз еш дами алмайды. Себебі психика, оның даму заңдылықтары, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды білмейінше педагогикалық жұмыстың ұстанымдары мен құралдары жайында сөз қозғау мүмкін емес.

Медицина және валеология ғылымының ұсыныстары оқыту мен тәрбиелеу практикасында денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтын жүргізу бағыттарында қолданылуда.



Озат тәжірибе. Жеке мектептер, лицей, гимназиялар, репетиторлық, риторика, би өнерін оқыту қайта жаңғыртылуда. Біртіндеп әлемдік тәжірибенің есігі де кең ашылуда. Мысалы, вальдорф мектебімен педагогикасының жетістіктері, М.Монтессоридің, С.Френенің еркін тәрбиелеу жүйелері. Сонымен қатар, 1980-1990 жылдардағы жаңашыл педагогтардың (В.Шаталов, Ш.Амонашвили, Е.Н.Ильин, М.П.Щетинин, И.П.Волков, С.Лысенкова, Л.Занков және т.б.) практикасы да ерекше орынға ие.

Олардың жетістіктері:



  1. Олар формализммен, бюрократиялық шектеулер және унификациямен күресе отырып, әрбір педагогтың шығармашылықпен, дербес, іздену, авторлық тұрғыдан жұмыстану құқығын алып шықты.

  2. Өз практикасы арқылы олар оқушылармен ынтымақсатықпен, шығармашылықпен жұмыстану, қалыптасушы тұлғаның ішкі еркіндігін, әрбір оқушыға көмек беру ізгіліктік идеяларын бекіте отырып, білім берудегі демократиялық өзгерістерге жол салды, қоғамның ізгіленуіне мүмкіндік берді.

  3. Олар жаңа педагогикалық жүйелер жасап шығарды. Оның әрқайсысында өзекті педагогикалық мәселелер өз шешімін тапқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет