Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет106/177
Дата08.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#118487
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   177
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М
күнделік оқу-танысу практикасы
Конспектінің маңызы

Конспект адамның ақпаратты қысқа мерзімді жадынан өте үзақ уақыт сақталатын ұзақ мерзімді жадына ауыстыру үшін керек. Біз білім алу үшін оқимыз ғой... Апған білімнің жадымызда ұзақ уақыт сақталуы үшін оны пайымдап қорыта білуіміз қажет. Міне, конспект осыған көмектеседі.


Жоғарыда атап өткеніміздей, конспект - тақырыпты қысқаша мазмұндау. Тақырыпты қысқаша берудің жолын конспектіден көре аламыз, себебі конспектіде тек негізгі ақпарат қана беріледі. Конспект көлемі жағынан түпнұсқа мәтіннен екі есе аз болуы керек деп есептеледі.


Конспектілеу көмегімен емтиханға дайындалу жеңіл болады. Егер сіздің өзіңізге конспект жазуға тура келсе, сіз материалдармен мұқият жұмыс істейсіз, яғни ақпаратты қорыта отырып, басты ақпараттан қосымша ақпаратты бөлуді үйренесіз. Сонда конспектілеу дегеніміз қандай да бір бақылау жұмыстарына немесе емтиханға дайындалу болып табылады екен. Материалды конспектілегеннен кейін ол сіздің есіңізде ұзақ уақыт сақталады.


Конспект бойынша материалды қайталау - өте оңай. Тақырыпты есімізге түсірудің ең оңтайлы жолы - ол конспектіні оқу, себебі онда тақырып бойынша негізгі терминдер, тірек сөздер, ең басты қағидалар, ережелер мен нормалар жазылады. Егер сіз конспектіні өзіңіз жазсаңыз (дәрісте ұйықтап отырғандықган немесе сабаққа келмегендіктен, топтағы студенттен көшіріп алмай), қайталау жеңіл, конспектіні оқи отырып, осы тақырыпқа байланысты оқытушының дәрісін еске түсіресіз. Егер сіз семинарға немесе емтиханға өзіңіз жазған конспект бойынша дайындалсаңыз, ақпарат оңай қорытылады. Мұндай жағдайда сіз өзіңіз жұмыс істеген материалдарды да еске түсіресіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет