Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет52/177
Дата08.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#118487
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   177
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М

Келесі мәселе - «алдын ала дайындалған мәтінді оқып берген дұрыс па, өз сөзімен еркін айтып берген дұрыс па?» деген сұрақ. Тәжірибелі мамандар сөйлейтін сөзін толық алмаса да, жұмыстың мазмұнын ұстап тұрады. Бұл белгіленген тақырыптан ауытқымауға, сөзді жүйелі беруге көмектеседі. Жазылған сөзді бас алмастан оқып бермей, аудиториямен байланысты сақтай отырып, мәтін мазмұнын айтып беругетырысу қажет.

Бұл айтылғандарға қоса, сөйлеу кезінде көрнекі материалдар қолданылуы мүмкін, себебі адамдардың көбі мәтінді тыңдағаннан гөрі көрген кезде жақсы қабылдайды, түсінеді. Көрнекілікке тақтаға немесе плакатқа жазу (сызу, сурет салу), слайдтар көрсету, үлестірме материалдар тарату жатады.


Ауызша сөйлеу кезінде есте ұстайтын тағы бір жағдай - сөйлеу мәнеріңіз бен ым-ишаратыңызды, дене қозғалысыңызды (қол сермеу) бақылауда ұстау. Сөз мәнері дегенде, ойға сөйлеу кезінде қолданылатын қажетсіз «паразит» сөздер келеді. Орынды-орынсыз жиі қолданылатын сөздерге «мысалы, және, яғни, қысқасы, жаңағы т.б.» жатады, бұған қоса сөз арасындағы кідірістерді толтыратын «/-/- /-/', м-м-м-м» сияқты түрлі ұзақтықпен қолданылатын «паразит» дыбыстарды да ұмытпаңыз. Сонымен қатар дене қимылын да қадағалап тұрған дұрыс. Бұл айтылғандардың барлығы туралы арнайы әдебиеттер көп, олармен танысуға, керегін пайдалануға мүмкіндік көп.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет