Диплом және курстық ЖҰмыстарын орындауғА Қойылатын талаптар



бет10/45
Дата27.05.2020
өлшемі384 Kb.
#71309
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
Кадыров и др.

Бесінші кезең – белгіленген талапқа сай мәтінде рәсімдеу. Бұл кезең барысында жазба жұмысының соңғы мәтіндік мазмұны рәсімделеді. Одан кейін мазмұн бойынша кездесетін сызба, кесте, түрлі түсті материал төмендегі үлгі-нұсқау бойынша жүргізіледі.

Студенттердің жазба жұмыстарының барлығы MS Word редакторында компьютерде, А4 форматында орындалуы тиіс.



Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

- мұқаба (сыртқы беті);

- титул беті;

- диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма;

- мазмұны;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды (тұжырым);

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.

Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі:

- диплом жұмысы (жоба) орындалған ұйымның атауы,

- студенттің тегі және аты-жөні,

- диплом жұмысының (жобаның) тақырыбы,

- жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба),

- мамандықтың атауы және коды,

- қала және жыл (Қосымша Б).

Титул беті диплом жұмысының бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дереккөзі ретінде қызмет етеді.

Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:

- диплом жұмысы (жоба) орындалған, ұйымның атауы;

- дипломдық жұмыс жобасы орындалған, кафедра атауы;

- шектеуіш гриф (қажет болғанда);

- кафедра меңгерушісінің бекітілген қолы;

- жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба);

- «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысының (жобаның) тақырыбының атауы;

- мамандықтың атауы және коды;

- сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні;

- бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты-жөні;

- қала және жыл көрсетіледі.

Мұқабаны рәсімдеу үлгісі және титул беті Б қосымшасына сәйкес келтіріледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет