Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 «Дене тәрбиесі және спорт»


Мектептен тыс спорт үйірмелерінің жұмыстары



бет28/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#87340
түріДиплом
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66
Байланысты:
Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3
91691978, Диплом Арт-терапия, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық

Мектептен тыс спорт үйірмелерінің жұмыстары.


Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының түрлері
Мектептен тыс дене тәриесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады. Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындардарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула, спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкішіліктерін кеңейтеді.
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:
1) Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға окушыларды көбірек тарту.
2) Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындыгын жоғарылатуға көмектесу, уакыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру.
3) Дене мәдениеті саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қальштастыру.
4) Нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына дағдыландыру. Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінін. жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар кұрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.
Осы аты аталған мекемелердегі жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла жүргізіледі:
1. Арнайы бағыт. Ол бағыт - спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін мекемелер денсаулықтары мықты, дене қуаты дайындығы жоғары, тұрақты оқушылар контингентімен жұмыс істейді.
Ол мекемелер:
- Балалар, жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ)
- Олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі (ОІСМ)
- Жоғарғы спорттық шеберлік мектебі (ЖСШМ)
- Спорттық мектеп интернаттар
2. Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Ол бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар денсаулықтары жақсы, белгілі бір уақытта топтың құрамдары ауысып тұрған балалармен жұмыс істейді.
Ол бағыттағы мекемелер:
- Жазғы сауықтыру лагері
- Еңбек сауықтыру лагері
- Стадиондар, су станциялары
- Жас туристер станциялары
- Мәдениет үйлері мен спорггық сауықтыру кешендері
- Мәдени демалыс парктері
- Аула клубтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет