Дипломдық жұмыс Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы мазмұНЫ


Фразеологиялық тұлғалар компоненттерінің дистантты орналасуы



бет38/53
Дата10.05.2020
өлшемі0,61 Mb.
#66916
түріДиплом
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53
Байланысты:
Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы

Фразеологиялық тұлғалар компоненттерінің дистантты орналасуы

Фразеологизмдерді түрлендірудің тағы да бір амалы ФТ-лардың компоненттері арасына сыналатып сөз ендіру. ФТ компоненттері арасына сөз сыналатудың стильдік мүмкіндігі зор, сондықтан да ол қаламгер идеясының әсерін қуаттырақ етудің көркемдік бір құралы болып табылады. Бірақ қазақ тіліндегі ФТ-лардың құрылымында мағыналық тұтастық болғандықтан, олардың құрамына сырттан сыналап сөз қосуға көбінесе ырық бере қоймайды. Дегенмен, бұл құбылыс көркем мәтіндерден гөрі ауызекі сөйлеу жанрында көбірек кездеседі. Мысалы: басқа түсті – басқа бәле түсті; арты ашылды – арты қатты ашылды – арты жаман ашылды; аузы-мұрны қисаймай – аузы-мұрны дым қисаймады– аузы-мұрны түк те қисаймады; кеудесіне сыймады – кеудесіне демі сыймады; көңілі түсті – көңілі қатты түсті; қақпан құрды – қақпанды жақсылап құрды; қақпанға түсіру – қақпанына әдемілеп түсірді; сөзбен шалды – сөзбен қатты шалды т.б. фразеологиялық тіркестерінің арасына бөтен сөз енгенімен ФТ тұтастығы бұзылмаған, ал семантикасы аса өзгермеген, бірақ онда экспрессия басымырақ.

ФТ құрамына сыналап сөз ендіру, оның құрамын кеңейте түседі.

Айдың, жылдың бірінде үйіне әлдеқалай бір құдайы қонақ ғайыптан тайып келе қалса, «азаныма келмейді, қазаныма келеді» деп жазғырады. Қатын-баласының жер-жебір, жекен суына жетіп ұрысады (Ә. Кекілбаев, 82 б.). ҚТФС-да «жер-жебіріне жетті» әбден балағаттады, түп-түбімен қазбалап ұрысты [44, 199 б.] деген мағынада беріледі. Ал біз қарастырып отырған контексте жер-жебіріне жетті УФТ құрамына жекен суына компонентін сыналату және ұрысады етістігін қосу арқылы, ФТ-ның эмоционалды-экспрессиялық мәнін арттыра түскен. Мұндағы ФТ-ны окказионал қолданысқа түсірендегі айтар ой бөлек. ОФТ-ның берер мағынасы жәй ғана ұрысып қана қоймай, оның дымын қалдырмай жер жебіріне жетіп, сүйегінен өткізіп ұрысу мәнінде айтылған. ФТ-лар компоненттері арасына сөз кірістіру амалы оның мағынасын кеңейтіп қана қоймай кейіпкер портретін ашады, контекске экспрессивті мән үстейді.

Жалпытілдік қолданыстағы ФТ-лардың семантикалық жағынан ескіріуі, қаламгерді тың тұлға жасауға итереді. Осылайша контекс құрамына жаңа сөздер ене бастайды. Қаламгердің кейбір ендірген осындай тіркестерінің бірі ФТ құрамында стильдік сұранымға сай тұрақталып қалып жатса, енді бірі бір қолданар сипатта болады.



Осы жайында жіңішкелеп қана Хасанның өзінен сұрағанда, анау көзін тарс жұмып, құпия күліп отырып:

- Аспан астында қырық тылсым бар, тақсыр,- деген (Ә. Кекілбаев, 12 б.). Осы мысалда берілген жіңішкелеп сұрау ФТ-сының қалыпты қолданыста «майдалап сұрау, жәймен сұрау» сияқты синонимдері жиі кездеседі. Жіңішкелеп сұрау тіркесінің арасына енген қана демеулік шылауы ФТ құрамына эмоционалды реңк үстеп, оның мағынасын кеңейте түскен. Мұндай трансформацияға түскен фразеологиялық тіркестің экспрессиясы басым болып келеді.

Мұрағатты сөйлетсем, мынандай болып шығады екен. «Аспаннан қозы түсті» деген сол фельетон «Торғай таңы» газетінің 1974 жылғы маусымның 20-сы күнгі санында басылыпты (Д. Досжанов, 22 б.). «Аспаннан түсті» ойда жоқта, күтпеген жерде пайда бола кетті, тап бола қалды [44, 53 б.] мағынасын білдіреді. Сөйлемдегі аспаннан түсті қалыпты тіркесінің арасына басқа сөз ендіру нәтижесінде пайда болған ОФТ аспаннан қозы түсті – бейтаныс, ештеңені біле бермейтін, түкті де ұқпайтын адам туралы айтылады. Аспаннан қозы түскен – көп мағыналы және омонимиялық тіркес. Жалпытілдік қолданысты аспаннан екі аяғы салбырап түскен – аспаннан салбырап түскен сияқты синонимдік түрлері де бар.

- Жоқ, былай, дұрыстап майын тамызып, көзін ағызамын ғой (Ғ. Мүсірепов, 335 б.). «Майын ағызды (тамызды)»келістіріп айтты, шебер сөйледі [44, 384 б.] мағынасында жұмсалады. Қалыпты қолданыстағы фразеологизмнің ағызды, тамызды етістіктері жеке-жеке жұмсалып, арасына «көзін» сөзі енгізіліп, өз алдына қосымша компонент ретінде пайда болған ОФТ құрамын толықтырып тұр. Майын тамызып, көзін ағызамын тіркесі өте шебер айту, жылату мағынасында қолданылады. Мұнда жаңа тіркес семантикалық реңкке ие болып тұр.

«Беттің арын белге төгіп» дегендей, вагоннан сығылыса шыққан халықтың артын ала біз де қолтықтаса шықтық (С. Мұқанов, 62 б.). «Бетінен арын төкті» ұялтты, ұятқа қалдырды [44, 117 б.] мағынасында айтылады. Бетінен арын төкті нормалы қолданысының арасына белге компоненті қосылуы арқылы беттің арын белге төкті окказионал фразеолгизмі пайда болған, ол бар ар-ұятты кейінге ығыстыру деген мағынаны білдіреді.

Осылайша, бүтін фразеологиялық тұлғалар құрамына сөз сыналатудың болатындығына көз жеткізе аламыз және одан ФТ-ның құрамына ешқандай зиян келмейтін, керісінше осындай өзгерістердің, жаңартулардың контекске ерекше мәне беретіндігін байқадық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет