1. «Үш баға» әдістемесі.
Жүргізу ережесі. Әдістемені жүргізу үшін оқушыларға: «Жалқаулықпен қалай куресуге болады?» деген тақырыпта шығарма жазып келу тапсырылды. Шығарманы мұғалімдермен бірге отырып бағалайды. Әр мұғалім өз бағасын қояды. Шығарманы таратып берер алдында оқушыларға: «Сендердің жұмыстарыңды үш мұғалім тексерді әрқайсысы өз бағасын қойды. Ал, енді сендер өздеріңе ұнаған бағаны белгілеңдер» — делінді. Сосын: оқушыларға келесі сұрақтар қойылды:
1. Сен өзіңді қаңдай оқушымын деп санайсың? Орта, нашар немесе үздік.
2. Сені қандай бағалар қуантады? Қандай бағалар ренжітеді?
З.Сенің жазған жұмысың «3» баллмен бағаланды, ал, мұғалім саған «5» қойды. Сен оған қуанасың ба? Сонымен оқушылардың өзіндік бағалауы қандай деңгейде екендігін анықтаймыз.
«Үш баға» әдістемесінің нәтижесі
Көрсеткіштер
|
Өзін бағалауы
|
Қуантатын баға
|
Үздік
|
7
|
19
|
Орта
|
15
|
3
|
Нашар
|
0
|
0
|
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей балалардың басым көпшілігі өздерін үздік оқушымын деп санайды да жоғары балл көрсеткіштеріне ие болғысы келеді. Ал мектепте алған бағалары өздерінің күтіп жүрген нәтижелеріне сай келмегендіктен балалардың мектепке ырзашылығы төмен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |