Дістемелік материалдар


Тақырып: Ғылым туралы жалпы түсінік



бет9/49
Дата07.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#97718
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49
Байланысты:
885fee11-c0ee-11e5-bf37-f6d299da70eeУММ ГЗУ 2
689 7775 3683, 689 7775 3683, 0001b3c3-4e098aaa, 0001b3c3-4e098aaa, 0001b3c3-4e098aaa, ҰБТ МАТЕМАТИКА ДИНАМИКА -2020-2021, Spravka (1)
Тақырып: Ғылым туралы жалпы түсінік


Жоспар:
1. Ғылымдағы таным процесінің философиялық, психологиялық негіздері.
2. Ғылымның логикасы.
3. Ғылымның жіктелуі және салдары.

Ғылым ерекше әлеуметтік инситут және танымдық қызметтің ерекше формасы ретінде XV-XVI ғасырларда пайда болып, қайта өрлеу дәуірінде пайда болған. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында «Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білім қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымның ең жоғары пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналады. Ғылымның басты мақсаты:ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру» делінген.


Г.М.Коджаспированың берген анықтамасында “Ғылым- білімді болу ғана емес, оны саналы меңгеру, білімді қолдана білу біліктілігі”. Қазақ кеңес энциклопедиясында “Ғылым- объективті ақиқатқа жету, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары формасы”. Қысқаша педогогикалық сөздікте “Ғылым- адамның әркет аймағы, ақиқат туралы объективтік шындықты теориялық жүйелеу және өңдеу, қоғамдық сананың формасы”.
А.Құсайынов «Салыстырмалы педогика» оқу құралында “Ғылым- ақиқаттағы тәжірибемен тексерілетін және дәлелденетін қоршаған орта жөнінде тарихи қалыптасқан және үнемі дамып отыратын адам білімінің логикалық жүйесі...”. делінген . Жоғарыдағы анықтамаларды басшылыққа ала отырып ғылымды ерекше тану процесі,- деп айта аламыз Ғылым-қоршаған орта туралы ақиқат білім жинау және теориялық жүйеге келтіру болып саналатын зерттеу қызтемінің бір саласы. Тарихи тұрғыда ғылым адамзат дамуының белгілі бір сатысында, тікелей қажеттіліктердің қосылысынан құралған. Осының негізінде ғылымтану теориясы келіп шығады. Ғылымтану ең алдымен таным теориясымен тікелей байланысты болып келеді. Таным- айналадағы дүниенің адам санасында белсенді бейнелеуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістерін болжамдар мен теорияларды құру мен дамытудың принцептерін зерттейтін философия ғылымының саласы.«Таным» педогогикалық сөздікте қоғамдық тарихи практика дамуында әлем туралы жаңа білім нәтижесінде адам ойлауында ақиқаттың бейнелнуі және қайта жаңғыру процесі. Таным адам санасын дамытудың негізі. Таным екі топқа бөлінеді: сезімдік және логикалық. Сезімдік таным- адамның түйсігі, қабылдауы және елестетуі енеді. Танымның логикалық формаларына қоршаған ортадан түскен мәліметті аса маңызды байланыстарды мен заңдылығын ашу үшін сезімдік танымның жалғасы ойлау қызметі жатады. Ойлау арқылы тікелей қабылданатын құбылыстарды сезім арқылы танып білуден ішкі, жалпы, тікелей қабылданбайтын заңдылықтарды логикалық жолмен танып білуге болады. Соның нәтижесінде ұғым, пікір, ой тұжырымдары қалыптасады.
Ұғым дегеніміз логикалық ойлаудың аса маңызды элементі. Ойлау ұғымдар туғызу және оларды жүйеге келтіру, өмірде пайдалану және заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды белгілері түрінде бейнеленуі. Пікір белгілі заттар мен құбылыстар туралы қолдау немесе жоққа шығаратын адамның ойы. Логикалық ойлаудың жоғары формасы ой тұжырымы бола алады. Ой тұжырымы арқылы біз бастапқы білімнен логикалық жолмен жаңа білім аламыз. Сонымен ой тұжырымы дегеніміз пікірлерден жаңа пікірдің пайда болуы ойлаудың жоғары формасы Филосов, психолог, педогогтардың еңбектерінде адамның таным қабілеттері, оның түрлері, мәні, мазмұны туралы М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, Т.Балаубаев, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Б.Г.Ананьев, Д.Б.Эльконин, Т.Сабыров, Л.В. Занковтің еңбектері арналған. Шет елдердегі ғалымдардың адамның танымдық қабілеттерін зерттеуде Ж.Пиаже, Д.Карнеги, З.Фрейд, Г.Айзенк, Э.Торндайк, және т.б.. өзінше ерекше ой тұжырымдарымен танымал.Айналадағы дүние заттар мен құбылыстардың ішінде жалпының және дара немесе жекелердің арасындағы заңдылық байланыс кездеседі. Қоғамның тарихи даму процесінде адам өзінің теориялық және практикалық қызметінде осы заңдылық байланысқа үнемі ізденумен, зерттеумен келіп, оның бар екенін дәлелдеп, өзінің мақсатты қызметтеріне пайдалана білген. Сондықтан таным теориясы психология, педагогиканы ғылыми тану процесінде өзегі бола алады. Ғылыми тану – мәселені зерттеп аңғаруда таным теориясына сүйене келе, ғылыми психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістері негізінде адамның танымдық қабілеттерінің мүмкіндіктерін пайдалану. Исаева З.А., Таубаева Ш.Т., Педагогический эксперимент деген қысқаша лекция курсында «Ғылыми таным – жаңа білім алудағы ғылыми әдістерді пайдаланып, өзіндік мақсат көздей отырып зерттеу жүргізу» деп тұжырымдаған.
Ғылым өзінің зерттеу сипатына, әрбір ғылымның өзіндік ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаларға байланысты педагогика, психология, философия, әлеуметтану, медицина, математика, тарих, тіл болып таралуын ғылымдардың жіктелуі деп атайды.Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің “Ғылымдар классификациясы” атты еңбегінде ғылымдарды төмендегіше жіктеген: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның таралуы; 3) математика, яғни арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, статистика, айла-әрекет жөніндегі ғылымдар; 4) физика тарулар, метафизика және оның тарулары; 5) азаматтық ғылым және оның тарулары заң ғылымы.
Ғылым дамуының заңдылықтарына, сипатына қарай ғылым логикасы саласының өзіндік ерекшелігі бар. Ғылым логикасы – ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін философиялық ғылымның бір саласы. Ғылым өзінің зерттейтін объектісін ұғым мен ой формаларында бейнелеп, белгілі заңдылықтарды, ережелерді, теорияларды, шарттарын, принциптерін, әдістемесін анықтайды. Осыған орай әрбір ғылымның өзіндік логикасының болуына байланысты, ғылымды логикалық тұрғыдан талдау мәселесі заңды болып табылады.


Қолдынылған әдебиеттер тізімі:
1 Қаңтарбай С.Е., Жүсіпова Ж.А. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» 2011. – 272 б.
2 Брызгалова С.И. Введение в научно-педагогическое исследование. - Изд. Калининградского государственного университета, 2010.
3 Образцов П.И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. - СПб.: Питер, 2011.
4 Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2012.
5 Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2010.
6 Организация психолого-педагогических научных исследований: учеб. пособие /Г.М. Кертаева, О.Б. Боталова. – Алматы, 2010.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет