120
Билингвалды компонент:
пойыз – поезд, түлкілер – лисы, қасқырлар – волки, қояндар –
зайцы, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Наурызым қорығы» слайдтарын көрсету. Қорықтардың мәні мен оның пайдаланылуы
жайында қысқа әңгімелесу. Қорыққа барып, онда қандай аңдар мен жануарлар тұратынын,
олардың қандай ойын ойнайтынын білуге шақырады. Немен баратындарын ойластырады.
II. Негізгі кезең.
Ойын: «Пойыз».
Ойын түріндегі жаттығулар. «Орман тұрғындары»: бір-бірден сапта жүру және жүгіру
кезінде тапсырмалар орындау. 2 тізбек болып тұру.
Шеңберге тұру. Ойындық гимнастиканы орындау. Жаттығуларды орындау тәсілдерін
көрсету.
Жаттығуларды әдемі орындауға тырысу.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды ойын түрінде орындау.
Бөренеде төрт аяқтап жүру. Ойын түріндегі жаттығу.
«Көңілді түлкілер»: қимылдарды балалар көрсетеді. Педагог балалардың бөренеден дұрыс
түсуін қадағалайды.
2 метр қашықтықта тұрып, бір-біріне допты бастан асырып лақтырады.
Өздерін бір-біріне қар лақтырып ойнап жатқан қоян ретінде елестетіп көруді ұсынады.
Нұсқау: өзіне қарай ұшып келе жатқан допты шынтақтарын аздап бүгіп, саусақтарының
арасын ашып қағып алады және оны өзіне қатты қыспайды.
Қимыл-қозғалыс ойыны:
Достарыңызбен бөлісу: