I тарау. Ономастика - гылыми пэн
Осы тектес атаулар таңдау арқылы қалыптасып, әлеуметтік қажетіне байланысты болады. Себебі мекемелерді атаудың басты мақсаты объекттің де, атау- дың да атқаратын қоғамдық рөлінде. Мәселен, оқу орындарының өсуімен және оларға әр түрлі әлеуметтік дәрсже берілуіне қарай бүрынғы атаулары ауысуда (С.А/. Киров атындагы Қазақ мемлекеттік университеті - әл- Фараби атындагы Қазақ мемлекеттік университеті - әл-Фараби атындагы Қазақ мемлекеттік үлттық университеті - әл-Фараби атындагы Қазақ үлттық университеті), жаңа оқу орнының ашылуына карай жаңа атаулар да калыптасты (Түран, Әділет, Қайнар университеттері, Мирас, Кокіл, Арай, БЭСТ мектептері). Жеке атауларды мектепке дейінгі мекемелер де иемденіп жатыр: Алмагы қаласында 180-нен аса балалар бақшасы- ның реттік номерлері бар, ал қалғандары жалқы есімдерге иеболған {Айголек, Ер Таргын, Ер Төстік, Огонек, Ягодка).
Осы тектес объектілерге атау такканда ономастар үсын- ған томендегідей үсыныс принциптерді үстанған жөн:
прагматонимдер уәжді болу керек, яғни соған сәйкес мекемелердің кызмет түрін, белгілерін көрсету керек;
прагматонимдер жарнама қызметін атқару керек, яғни жарнамалык өнім, тауарларға қызығушылығын тудырып, адам санасына ықпал етуі керек;
атаулар тез жатталып, тез айтылатын болуы керек.
Прагматонимдер көбіне адамның және түтас қоғамның
прагматикалық, идеологиялық және эстетикалық көзқара- сын білдіреді. Атау беру үрдісіндегі жекелеу тенденциясы жекеменшіктің дамуына байланысты. Прагматонимдерге сериялы, фирмалык тауарлар, өсімдік сорттары, машина маркілері яғни сөздік тауар белгілері (СТБ) жагады. Кейбір зерттеушілер ономастикалык термин жасаудың барлык критерийлеріне жауап беретін жэне СТБ синоним регінде қолданылатын прагмоним терминін қолдануды жөн көреді
98
Ономастика: зерттеу мәселелері
(дегенмен прагмоним термині прагматоним терминіне паронимиялық оппозиция тудырады).
Прагматонимдердің бұл түрі ономастикалық кеңістіктің ең шеткі перифериясын қүрап, жалқы есім мен жалпы есім арасындағы орынды алады. А.В. Суперанскаяның пайым- дауынша, “адамзат түрмысына фирма атаулары неғүрлым тереңірек енсе, соғүрлым оның апеллятивтендірілуі күшті”, “тауар белгілерінің тауардың заттык белгілерімен тығыз байланысы - олардың жалкы есімдер қатарына жа- ткызбауының басты белгісі”, яғни ол жалпы есім болуға бейім (кашемир, жигули, гуталин т.б.). Осы себептен сөздік тауар белгілері үзақ уақыт бойы жалқы есімдер қатарына енгізілмей келді, оларды оним типтес күрылым- дар деп есептеді. Сонымен катар СТБ біртектес қатынас- тың болуы нақты біртектес көп заттардың түрін білдіретін атаулар екендігін көрсетеді, мысалы:
машина маркілері {Москвич, Волга, Мерседес-Бенц)\
кондитерлік және үннан жасалған заттардың сорты {Жанар конфеті, Султан макароны);
электротауар атаулары {Горизонт телевизоры, Бирюса тоңазытқышы, Буран шаңсорғышы);
шаруашылық өнімдері атаулары {Земляничное, Dove сабындары, Лотос, Tide кір жуатын үнтақ, Жемчуг тіс пастасы);
арақ-шарап маркілері (Қазақстан коньягі, Ажар ша- рабы, Парламент арағы, Дербес сырасы);
жеміс сорттары {Золотое превосходное, Желтый Чалдон, Багряное, Кандиль синап, Алматы синабы алмасы, Талгарка алмүрты, Шасла белый, Жемчуг Сабо, Королева виноградника, Краса Дона, Қаракөз, Тербаіи жүзімдері);
ағаш, гүл сорттары {Вильям Робинзон, Казимир Перье, Снежный ком сиреньдері, Молодость, Слава мира, Леди Хеллингтон, Лиза Чайкина, Любовь Шевцова, Невеста - раушан гүлдері жеке атаулары) т.б.
99
Достарыңызбен бөлісу: |