4.
|
Қатаң [п, к, қ] дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістік жұрнағы жалғанғанда, түбір соңында ұяң дыбыстарға айналу [к – г; қ – ғ] өзгерістері байқалады.
|
Тап+у – табу, кеп+у – кебу, ақ+у – ағу, үк+у – үгу, (кейінді ықпал) т.б.
|
Үстеу туралы түсінік
Үстеу – қимыл, іс – әрекеттің, сын – сапаның әртүрлі белгілерін, сипатын, жай – күйін білдіретін сөздер. Олар өзгертуге келмейді, грамматикалық тұлғалармен түрленбейді. Мысалы, Кеше (қашан?) күн ашық болды. Ол соншалық (қаншалық?) қинала, зорға, әрең (қалай?) сөйледі. Мен кеше (қашан?) барып келдім.
Үстеудің құрамдық түрлері
Үстеулер құрамына қарай: негізгі түбір үстеулер, туынды үстеулер және күрделі үстеулер болып үшке бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |